Бейжіңдегі қазақстандық балаларды дамыту орталығында Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Уақыты: 2018-11-29 Көрлімі: 1377 Сипаттама

28 қарашада Бейжің қаласындағы «Балдырған» балаларды дамыту орталығында Қазақстан Рес...

20181128124904.jpg

28 қарашада Бейжің қаласындағы «Балдырған» балаларды дамыту орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай арнайы шара болып өтті, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Балалар ҚР Әнұранын орындап, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісінің зайыбы Әлия Нұрышева және балаларды дамыту орталығының жетекшісі, психолог-педагог Назгүл Назарбекованың құттықтау сөздерінен кейін қонақтарға мерекелік концерт ұсынылды. Балалар Отан туралы тақпақтарын айтып, қазақ ұлттық билерін биледі, «Атамекен» әнін шырқады.

20181128124917.jpg

Бейжіңде жүрген Ұлттық академиялық кітапхананың делегациясы «Балдырғанға» сыйлық ретінде қазақстандық авторлардың 12 кітабын тарту етті. Қонақтар балалар орталығының «Қазақстан балалар көзімен» атты сурет көрмесімен танысты. 

Қазіргі кезде «Балдырғанда» 20 тәрбиеленуші бар, соның ішінде тек қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан, Үндістан және Пәкістан елдерінің де балалары  бар.

 Еске сала кетейік, 2018 жылдың 23 сәуірінде Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ашылған «Балдырған» орталығы шетелде қазақ тілін оқытатын алғашқы балаларды дамыту орталығы болды. Оның ашылу салтанатына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты. 

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тоғыз тілге аударылды
    Дархан Кәлетаев: Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың өзіндік үлгісі қалыптасты