Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қандастардың шағымын жеткізді. Хатта ДҚҚ қызмет тобы Алматы қаласындағы жиналған арыз шағымдарын таныстырған. Сонымен бірге, соңғы үш жыл екі ел аралық еңбек келісім шартының мерзімі аяқталғандықтан, Монголиядан келген қандастарымыз зейнетақысын ала алмай, азғантай жәрдем ақыға қарап қалғанын айтып, осы жағдайдың оң шешімін табуға ықпал етулерін сұраған.
Хатқа қосымша ретінде "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Abai.kz ақпараттық порталының ормалман мәртебесінің уақыты өткен қандастардың мәселесін шешеу жөніндегі үндеуін (http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=1183) қоса жіберген.
Jebeu.kz