Бейжің қаласында Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті

Уақыты: 2018-12-19 Көрлімі: 1555 Сипаттама

Бейжің қ. «Kempinski Beijing Lufthansa Center» ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Р...

ccfdd897836d2b5e7979aab3b751e285.jpg

Бейжің қ. «Kempinski Beijing Lufthansa Center» ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күнінің 27 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті.

Іс-шараға шамамен 500 адам, оның ішінде ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимов, ҚХР Орталық әскери кеңестің, СІМ, Коммерция министрлігінің, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, іскерлер, сарапшылар қауымдастығының, Қытайдағы қазақ диаспорасының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ ҚХР-да тұрақты тұратын қазақстандық азаматтар (ұлттық компания өкілдері, Гонконг және Шанхай қаласындағы қазақстандық бас консулдықтардың, Үрімшідегі ПВҚ-ның қызметкерлері, студенттер) қатысты.

«ҚР Президенті Н.Назарбаевтың данагөй басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жыл ішінде өзінің ұлттық ақиқатына жауап беретін дамудың жеке меншік жолына тұрып, бірегей қазақстандық моделін құрды, саяси тұрақтылыққа, экономикалық өсімге, әлеуметтік үйлесімділікке және жалпыұлттық тілектестігіне қол жеткізді», - деді Лэ Юйчэн

Қытайлық дипломат Қазақстан тұтас қуатымен және халықаралық беделімен әлемдегі ең бәсекеге қабылетті 50 елдің қатарына кіргендігін атап өтті.

0dec9eff7e9d945595634570b3a11ea4.jpg

Лэ Юйчэн «осы жылы Президент Н.Назарбаев 4-ші өнеркәсіптік жағдайдағы мемлекеттік құрылыстың және дамудың 10 міндетін атап өтті, 5 әлеуметтік бастамаларды жариялады, елдің тұрғындарының әл-ауқатын жоғарылатуға бағытталған Халыққа жолдауын жасады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы міндеттерін сәтті орындады, Астананың 20 жылдығын салтанатты атап өтті. Қытай дос көрші және жан-жақты стратегиялық әріптес ретінде Қазақстанның осындай зор табыстарына шын жүректен қуанышты. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жаңа реформалар мен инновацияларды іске асыру бойынша қазақстандық еңбекқор және дана халқы мемлекеттік дамуда одан да үлкен табыстарға міндетті түрде қол жеткізетіндігіне сенімдіміз», - деп атап өтті.

Ол «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасын ұштастыру шеңберіндегі ынтымақтастықты ілгерілемелі тереңдету бойынша ҚР мен ҚХР-дің өзара әрекеттестігінің кеңейтілетініне сенімін білдірді.

ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш.Нұрышев салтанатты жағдайда Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнатуға және жылда өткізілетін «Абай оқулары» іс-шарасын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін «Цзиньтай» музейінің директоры Чэнь Жохуаға, профессор Г.В.Канның «Қазақстан тарихы» кітабын қытай тіліне аударуға және басып шығаруға зор үлес қосқаны үшін Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Сунь Чжуанчжиға, ҚХР жоғарғы оқу орындарының жанынан «Қазақстан орталығын» ашқандары үшін Бейжің, Далянь, Сиань шет тілдері университеттеріне, сондай-ақ «Қазақстан экономикалық зерттеу орталығын» ашқаны үшін Чжэцзян экономика және қаржы университетіне және Астананың 20 жылдығына арналған концертті өткізгені үшін Қазақстан Республикасының «Forte Trio» мемлекеттік триосына алғыс хаттар табыстады.

c83f28805a90dd41febb8f120975c7f2.jpg

Шахрат Нұрышев пен Лэ Юйчэн іс-шара шеңберінде қойылған қазақстандық суретшілер Дәурен Кастеев пен Гаухар Балмахаеваның графикалық және көркем жұмыстарының көрмесімен танысты.

Мерекелік кешті қазақстандық Бейбіт Қорған, Әсем Сембина, Айнара Айтқалиева, «BasTau» халық ансамблі және «Rise» бишілер тобы әртістерінің орындаулары көріктендірді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігінің баспасөз қызметі

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Зауытбек Қауысбекұлын туған күнімен құттықтаймыз!
    ДҚҚ М. Әбілқасымоваға қандастардың шағымын жеткізді