«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бүгін, 21 маусымда ҚР Мәдениет және Спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлын Баспасөз және ақпарат саласындағы қажырлы еңбегі үшін Құрмет граматасымен марапаттап, аталмыш төсбелгіні табыстады.
Осы орайда, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің атынан Омарәлі Әділбекұлын бүгінгі марапатымен құттықтап, еліміздің мәдениеті мен баспасөз және ақпарат саласында қажымай еңбек ете беруін тілейміз. Ұлт пен Мемлекетке жасаған әр еңбегі жемісін берсін деп тілек білдіреміз.
Jebeu.kz