КЕЛЕСІ ҒАСЫР КІМНІҢ ҒАСЫРЫ?

Уақыты: 2021-12-29 Көрлімі: 770 Сипаттама

Жыл аяқтауға аз қалғанда Қытай ақпарат құралдары "үшінші баланы "дүниеге алып келіуге рухсат берілгенін жарыса жазды .Тіпті кейбір медиялар қыызды-қыздымен қашанда атойлап алда жүретін комунистер мен комсомалдар бұл науқанда да өз белсенділігі ......

                  Омарәлі Әділбекұлы

 MyCollages (1).jpg

      Жыл аяқтауға аз қалғанда Қытай ақпарат құралдары "үшінші баланы "дүниеге алып келіуге рухсат берілгенін жарыса жазды .Тіпті кейбір медиялар қыызды-қыздымен қашанда атойлап алда жүретін комунистер мен комсомалдар бұл науқанда да өз белсенділігі мен көшбасшылығын көрсетіуі керек деп ұсынысын ажуамен жеткізді. Қытай қоғамында тұрғын үйденсаулықбала тәрбиесі бизнес көзіне айналып қарапайым адамдар үшін қалтасы көтермейтінбірнеше ұрпақ бойы табанынан таусылып тарығатын михынатқа айналып кеткелі қашан ?!

     2021 жылы маусым айының 11 күні Қытай мемлекеттік санақ мекемесі бүкіл қытайлық жетінші реткі санақтың қортынды нәтижесін біраз кідірістен кейін барып жәриялады. Осы санақта жалпы Қытайдың жан саны 1 млрд 411 миллион болғаны анықталды. Бұл цифрға батыс сарапшылары күдік келтірседе ресми мемлекеттік орғанның мәліметі саналып Қытай қоғамының дахалықаралық бақылаушылардың да біраз әңгімесінің тұздығы болғаны да рас. Осы санаққа негізделсек қытай қоғамында қартаю процессі мен табиғи өсімнің азайғаны айқын байқалады. Бала туу 1.3%-ға, табиғи өсім 3% ды қанағат қылған. Табиғи өсім шарықтап тұрған кезде 20% құраса, жайшылықта он пайыздан жоғары болып келген ал 3% дегеніміз өте төмен көрсеткіш. Статистика заңдылығы бойынша бір мемлекеттің табиғи өсімі 2,5%-дан төмендесе бұл елдің жан саны көбеймейді азайып та қалмайды бір орында тұрып қалады егер 1.8% пайызға дейін төмендесе болашақта үртіс құлдырау жолына түседі. Бұдан бала туу көрсеткішінің1.3% пайызга дейін төмендегенін еске алсаңыз 2100 жылға барғанда көршіміздің жан саны 670 милионды  қанағат тұтуы  мүмкін. Біріккен ұлттар ұйымының межелеуінше осы ғасыр шымылдығын жапқанда адамзаттың жан саны 11 миллиардқа жетіуі мүмкін сол кезде қазірдің өзінде жан саны 1 миллиард 380 милионға иек артқан Үндістан шарықтаған кезде 1 миллиард 600 милионға барып 2100 жылдары сәл саябырлап бір миллиардт төрт жүз милионға тұрақтауы мүмкін. Табиғи өсіммен бірге АзияАфрикаЛатын Америка елдерінен келетін жоғары білімді мигранттармен жыл сайын толығып жатқан АҚШ ғасыр аяғында төрт отыз милионға еркін жетіп әлем тарихында үш алып ел иық тірестіріпбақ таластырып күш сынасады. Бұл кезде өткен ғасырларда тарих сахнасынан шегінген ағылшыносманлы империялары сияқты Совет империясы да "империя моласы " атанған Ауғанстаннан қансырап шыққан бойы беті бері қарамастан күйреп тынды. Қазіргі мұрагері Ресейдің жалпы ішкі өнімі Қытайдың теңізге жақын өлкесі Гуаңдунға жетпей қалды. Экономистер мемлекет жан санының қартаюыдүниеге келер нәрестелердің азаюы сол елдің экономикасының дамуына әсер ететін маңызды пакторлардың бірі екендігін айтып жатыр. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап Жапония осы жағыдайды бастан кешіріп әлі есін жиа алмай келеді . Ал, болашақ әлемге ықпалын күшейтіп қожалыққа таласар аталмыш үш елге тоқталар болсақ, АҚШ жалпы ішкі өнімдегі  4%-дық өсімді сақтай отырып бір қалыпты дамыса тіпті аралықта 1%, 2%-ға түссе де, 2100 жылға келгенде жалпы ішкі өнімі адам басына шаққанда 110 мың АҚШ долларын құрайды, Қытай да қазіргі тұрақтылығын сақтай отырып дамыса аталмыш уақытта жалпы ішкі өнімі адам басына шаққанда 41 мың АҚШ долларына жетуі мүмкін. Үндістаның қазіргі ішкі өнімі адам басына шаққанда 2 мың АҚШ доллары шамасында бірақ болашақта біршама жоғарғы қарқынмен яғни 6%-бен дами отырып 2100 жылдары жалпы ішкі өнімі 28 мың АҚШ долларны жетуі мүмкін. Алайда сарапшылар қытай үшін әліде біршама қатерлер мол екенін айтады. Әуелі АҚШ бастаған батыс елдерінің саяси-экономикалық қысымы төраға Си ортаға қойған екі ғасыр жобасын яғни компартияның ғасырлық мерейтойынан кейін келетін республиканың ғасырлық мерейтойына тарту ретінде 2049 жылы іске асатын тіл, дін, территория толық тұтастанатын құдыретті ел құру сынды «Қытай арманы» толықтай іске асыра алады ма? Сауда соғысынан басталып өзара консулдықтарын жабуға дейін барған бәсеке, ерегес шиеленісіп енді Пекин қысқы олимпиадасына бойкот жариялауға ұласып бара жатқан сияқты. Ішкі жақта ұйғыр, тибет, моңғол сияқты саны аз ұлттар мәселесі халықаралық дауға айналуы, бай мен кедейдін арасындағы жіктің алшақтай түсуі, реформа мен өткенге оралу арасындағы күрестің ушығуы, өңір арасындағы экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы, мүдделі кландар арасындағы тай-таластың өршіуі, компартияның қатаң авторитарлық билігі мен ықпалына әсер етуде. Қазіргі компартияның өзі де Мао заманындағыдай тас түйін, бір жұдырық емес, жеріне, кешірмесіне, көзқарасына қарай қызыл бекзадалар, комсомолдар болып бірнеше топқа бөлініп кеткен. Корея, Жапония, Франциядағы жағдай қайталанса қытайдың жалпы жан саны 400 миллионға дейін төмендеп кетуі ғажап емес. Ондай жағдай туа қалса, зәулім үйлер бос қалып, «шайтан қалалар» көбейеді. Базарлар мен супермаркеттер қаңырап қалады. Өрмекшінің торындай болған автобандар мен жоғары қарқынды теміржолдарды игіліктенетін адам азаяды. Осы ғасырдың басынан бастап мегаполис қалаларда Динк отбасын құру жастар арасында модаға айналды, мұның зардабын қытай болашақта көреді.

     Қытай халық республикасы құрылғанда жалпы қытайдың жан саны 400 миллион шамасында еді, сол мерекелі қонақсыда Шыңжаңнан барған өнерпаздар қазақтың «айгөлек» биін билеп сахнаға шыққанда ақындығы мен философтығы қатар жүрген төраға Мао шабыттанып «...400 миллион халқымыз қоса алмаған бастарын» деп арнау жазады. Компартияның дара билігі абсолютті, тыныштық салыстырмалы түрде орнаған сол отыз жылда қытай халқының жан саны екі есе өсті енді жетпіс жылда сол өскен ұрпақ толықтай өткенге айналады. Сол кездегі статистика бойынша Қытай территориясының басым бөлігін құрайтын саны аз ұлттардың елдегі үлес салмағы 4%-ды құрайды деп айтылатын, ал биылғы санақта олардың үлес салмағы 8,89%-ды құрағаны өсу көрсеткіші жағынан саны аз ұлттар 10,26%-ға жетсе, таза қытайлардың өсу көрсеткіші 4,93%-ды қанағат тұтқаны тіркелді. Әрине «көп қортытады, терең батырады» дегендей мәнжүр, жуангзу қатарлы ұлттар бұл күнде аты қана болмаса, заты әлдеқашан жонгхуа ұлтының біріне айналып кірігіп кеткені жасырын емес. Дін мен тілге иек артып, автономия көшіне ілініп-салынып ілесіп келе жатқан тибет, ұйғыр, моңғол, дүнген, қазақ сияқты ұлттардың тағдыры мен таңдауы әлі талай халықаралық ойындардың жүрісіне айналып, батыс пен шығыстың теке-тіресінде әркімнің қолына ұстар көзеріне айналары сөзсіз.

     Жан саны мол, экономикасы ғарыштап дамыған, техноголиясы әлемді мойындатқан немесе мойындата бастаған үш держава әліден бәсекеден теке-тіреске өтті. АҚШ-тың жағдайын әлгінде айттық, ал Үндістанмен болған шекара жанжалы бұрыннан болса бірнеше жылдан бері шиеленісе түсті. Осы жазда адам шығыны да болды. 1962 жылы шекара түбіндегі соғыста сол кездегі Қытайдың қорғаныс министірі маршалл Лин Бияу соғысқа тікелей қолбасшылық етіп, 1840 жылы 8 мемлекет армиясының құрамында Пекинге басып кіріп хан сарайын өртеп, талан-тараж жасаған Үндістанның бірегей дивиязиясын сол соғыста тұтқын қалдырмай толықтай жойғанын жариялаған. Биылғы теке-тірес ақпараттық соғысқа айналғанда Конфуцийдың ұрпақтары Будданың табынушыларына сол оқиғаны ескертті. Оларда қарап қалған жоқ бүгінгі соғыс ақпарат пен техниканың соғысы екенін, кешегі Үндістан мен бүгінші Үндістанның арасында жер мен көктей парық бар екенін атап айтты. Үндінің өгізінің мүйізі сырқыраса, солтүстіктің аюы бал теріп, табанын жалап жатпайтынын ыммен жеткізді. Үндістанды паналап жүрген сүргіндегі тибеттің қарулкөы жасақтары да төбе көрсетті.

    Бұл күнде үш алыптың мүддесі Ауғанстанда тоқайласып жатыр. Ауғанды тастап шыққан АҚШ екі алыптың ойынын тамашалай ма әлде өз рөлін басқадай сомдайды ма? Жауабын уақыт берер.     

    Омарәлі Әділбекұлы 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛЫ
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі