Қасым-Жомарт Тоқаев «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды

Уақыты: 2019-09-04 Көрлімі: 934 Сипаттама

Азия қаламгерлерінің І форумында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия алыбы әдеби сы...

69663991_2279409852182434_3012951203463036928_n.jpg

Азия қаламгерлерінің І форумында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия алыбы әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды. 

«Еуразия жүрегіндегі Қазақ даласы батыс пен шығысты жалғайтын дәліз ғана емес. Ұлы Дала Елі – сан тараптағы ғылым мен білімнің, өркениеттердің тоғысқан тұсы. Бүгінгі форум қазіргі заман үрдістерінің адам әлеуетін дамытуға қызмет ететінін көрсетіп отыр. Рухани кемелденуге ұмтылмай, өркендеу болмайды. Ондай дамудың ешқандай маңызы жоқ. Бұл ретте, Сіздердің еңбектеріңіз Азияның ұлы мәдениетін жаңғырту ісіне елеулі үлес қосып келеді.  Азия әдебиетін одан әрі дамыту үшін біз мынадай маңызды мәселелерге назар аударуымыз қажет.
Алдымен, Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындаған жөн. Әлемдегі әйгілі сыйлықтар секілді бұл марапаттың да беделін арттыруға күш салуымыз керек. Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз. Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін 
», - деді  Тоқаев.


Пікір жазу
  • Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды
    Шетелде «Абай» орталықтарын ашу жоспарлануда