Мемлекет басшысы АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

Уақыты: 2019-09-23 Көрлімі: 1160 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарына жұмыс сапарымен барды....

190920185752427e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарына жұмыс сапарымен барды. 

ҚР Президенті Нью-Йоркте өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Сапар 5 күнге жалғасады деп жоспарланып отыр. Оның аясында көптеген шет мемлекеттердің басшыларымен екі жақты кездесулер өтеді.

 Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар мемлекет және Үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, америкалық бизнес, трансұлттық компания өкілдерімен, АҚШ-тың саяси әрі сарапшы топ мүшелерімен кездесуі жоспарланған.

 Айта кетейік, Президенттің АҚШ-қа келуі қарсаңында америкалық беделді басылым «The Hill» газетінде оның мақаласы жарық көрді.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан баспана сыйлады
    Елбасы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін атады