Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Армения Республикасының астанасы Ереванға барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейзбуте хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді. Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», - деп жазды ол.
Jebeu.kz