Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді

Уақыты: 2019-12-06 Көрлімі: 597 Сипаттама

Берлинде ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Ф...

292e979a7608b991595d1dd17ea27f1d.jpg

Берлинде ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

Сәлемдесу және суретке түсу рәсімінен кейін Мемлекеттер басшылары «Бельвю» мемлекеттік резиденциясына барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Содан кейін екі елдің президенттері келіссөз жүргізіп, өзара қызығушылық тудыратын ауқымды мәселелерді қарастырды.

Қазақстан Президенті екі мемлекетті достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп,  Еуропа одағына мүше мемлекеттер ішінде өзінің алғашқы ресми сапарын Германиядан бастағанын айтты.

Франк-Вальтер Штайнмайер аталған сапары үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жүргізілген келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.

48226db5589c2c522a0dc6092eb3d216.jpg


Пікір жазу
  • Мәжіліс педагог мәртебесі туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
    Президент Жолдауының алғашқы нәтижелері баяндалды