Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

Уақыты: 2020-01-27 Көрлімі: 607 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді...

200127105541257e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді, деп хабарлады бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшыыс Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесетінін айтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізбек.


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді
    ДСМ: Ухан қаласындағы қазақстандық студенттерді эвакуациялау қарастырылып жатыр