Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті

Уақыты: 2020-03-19 Көрлімі: 1014 Сипаттама

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус інд...

1f4f56de7a0623e3bea03c1404ac7c46_original.77395.jpeg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам  тіркелді. Осы уақытқа дейін Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 25 адам тіркеліп, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы 44 адамға жетті. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы соңғы 7 адам бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. 

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары. Жастары 25-52 аралығында. Бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Қазір олар стационарда. Карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы», - деп хабарлады ол. 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Алматыда қай дәріханалардан маска алуға болады
    Өңірлерде коронавирус жөнінде қайда хабарласуға болады