А. Цой: OVID-19 дәрі-дәрмегінің 48% ел ішінде өндіріледі

Уақыты: 2020-10-20 Көрлімі: 711 Сипаттама

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты дәрі-дәрмекпен қам...

unnamed (1).jpg

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көрсеткішін және коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындығын баяндады.

«Елдің фармацевтикалық нарығында бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрі-дәрмек сатып алу үлесі ақшалай мәнде 42,4% құрайды. Ал отандық тауар өндірушілердің (ОТӨ) үлесі ақшалай мәнде 17% болып, заттай мәнде нарықтың 39% қамтамасыз етті. Соңғы жылдары отандық тауар өндірушілер экспортының 4,3 есе артқаны байқалады, оның 57,2% Ресейге, 32% - Қырғызстанға экспортталады. 2009-2020 жылдар кезеңінде бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 атауын жеткізу үшін 88 ұзақ мерзімді шарт жасалды. 10 жыл ішінде Отандық тауар өндірушілер тауары 312,4 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын көлемнің 30% отандық тауар өндірушілерден алады. COVID-19 дәрі-дәрмегінің 48% ел ішінде өндіріледі», - деді А. Цой.

Министр Коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында дәрі-дәрмек қоры құрылып жатқанын айтты.  

«Күзгі-қысқы кезеңде коронавирус инфекциясының ықтимал толқынына дайындалу үшін бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, қоймаларда дәрілік заттардың азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру. COVID-19 бойынша 8,2 млрд теңгеге тапшы және сұранысқа 44 дәрі-дәрмек сатып алынады. Бұл дәрілер ай сайын шамамен 60 000 пациентті стационарда емдеуге мүмкіндік береді. КВИ екінші толқыны жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендетілмейтін қор көлемі ҚР ДСМ болжамымен өтінімдерден тыс сатып алынбақ. COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айлық қоры Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталады. 2020 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 37 дәрі-дәмек 5,92 млрд теңгеге сатып алынды. Бұл шара болуы ықтимал КВИ екінші толқыны үшін коронавирус науқастарын емдейтін дәрілік заттар қорын құруға көмектеседі және сұраныс пен ауру деңгейін жоспарлау мәселелерін шешеді. Екіншіден, медициналық ұйымдарда дәрілік заттар қорын жасау. Өңірлер пандемия кезінен бастап 16,6 млрд теңге болатын СOVID-19 дәрілік заттарының қосымша қажет екенін айтып келеді. Бірыңғай дистрибьютор 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап, республикадағы барлық медициналық ұйымдарда, инфекциялық және провизорлық орталықтарда айлық қор қалыптастыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, бүгінде бірыңғай дистрибьютор 17,9 млрд теңгеге 91 дәрілік зат жіберді. Бұл шара медициналық ұйымдардың шұғыл қосымша қажеттілігін жабуға, COVID-19 дәрілерімен стационарларды толықтыруға, резервтер құруға мүмкіндік берді», - деді А. Цой.


Пікір жазу
  • Болат Өтемұратов қоры Мақтааралдағы 150 отбасына үй сыйлады
    Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны өсті