Коронавирустан жазылған екі адам Алматы тұрғыны

Уақыты: 2020-03-26 Көрлімі: 906 Сипаттама

Кеше ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирус жұқт...

koreya-960x500.png

Кеше ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2 адам емделіп, жазылғанын  хабарлаған болатын. Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл 2 адамның Алматы тұрғындары екенін растады. Алматыда емделіп жазылған 2 адамның ертең емханадан шығатынын хабарлады. 

Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 97-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.


Пікір жазу
  • Антисептикті қалай қолдан жасауға болады
    Қазақстанда ТЖ кезінде атаулы әлеуметтік көмек қалай беріледі