Кеше COVID-19 жұқтырған 141 адам тіркелген

Уақыты: 2020-04-21 Көрлімі: 524 Сипаттама

Бүгінгі Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус инфекциясының жағдайы туралы баяндады...

1f4f56de7a0623e3bea03c1404ac7c46_original.77395.jpeg

Бүгінгі  Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус инфекциясының жағдайы туралы баяндады. 

«Бүгінгі күнде жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырған 1852 науқас тіркелді. Олардың ең көп саны Алматы қаласында - 606, Нұр-Сұлтанда - 368, Қызылорда облысында - 149. Өткенде тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі - 8,2 пайыз құрады. Алматы қаласында 82 науқастың 78-і жоспарланған скриниг тест нәтижесінде анықталды. Олардың 60-ы - орталық клиникалық аурухана ішіндегі науқастар мен медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласында тіркелген 23 науқастың 16-сы - скриниг бойынша анықталған науқастар. Төтенше жағдай департаментінің азаматтары. Қалған науқастар - емделіп жатқан пациенттер және қарым-қатынас арқылы карантинде жатқан азаматтар», - деді минситр.

Жалпы өткен тәулік бойынша 19 науқас қайтыс болып, 447 науқас емделіп шығарылды.

«Қазіргі уақытта 1386 науқас емделіп жатыр, олардың арасында 100 бала бар. Жалпы орташа жағдай бойынша - 258, нашар жағдай бойынша - 32, қалған 1096 науқас жағдайы - бірқалыпты», - деді Елжан Біртанов.

Минисрдің баяндамасын жариялап үлгергенімізше ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін жағдайды жариялады. Министрліктің тартақан ақпаратынша бүгін тағы Алматыда 97 адамнан коронавирус анықталып, науқастар саны 1949 адамға жеткен.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 97 адам тіркелді, оның ішінде Қостанай облысында - 4, Алматы қаласында - 62, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Шымкент  қаласында - 2, Түркістан облысында - 5, Маңғыстау облысында - 1, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Қызылорда облысында - 2, Қарағанды облысында - 6. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 390 адам, Алматы қаласында – 668 адам, Қарағанды облысында - 99 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 65 адам, Шымкент қаласында - 92 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 50 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 33 адам, Маңғыстау облысында - 13 адам, Қызылорда облысында - 151 адам, Батыс Қазақстан облысында - 68 адам, Түркістан облысында - 65 адам, Қостанай облысында - 25 адам, жалпы 1949 науқас тіркелді",- делінген хабарламада. 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • 20 сәуірден бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қандай талап қойылады
    Талдықорғанда тәулігіне 30 мыңға жуық медициналық маска тігетін цех ашылды