Алматы жедел штабы: Карантин режимі сақталады

Уақыты: 2020-05-11 Көрлімі: 1246 Сипаттама

Сурет: Azattyq. org сайтынан алындаыАлматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтам...

WhatsApp Image 2020-03-19 at 18.58.27.jpeg

Сурет: Azattyq. org сайтынан алындаы

Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб қала аумағында карантин режимінің сақталатынын мәлімдеді. 

Бұл ретте карантин режимі аясындағы шектеу шаралары 11 мамырдан бастап Штабтың ерекше өкіміне дейін жалғасады.

Қаланың периметрі бойынша орналасқан блокпосттар жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Оған қоса Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:

- мемлекеттік және құқық қорғау органдары;

- коммуналдық қызметтер;

- өнеркәсіп;

- құрылыс;

- жобалық ұйымдар;

- жылжымайтын мүлік агенттіктері;

- ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);

- нотариустар;

- адвокатура;

- азық-түлік дүкендері мен базарлар;

- кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);

- медициналық клиникалар;

- стоматология;

- зертханалар;

- дәріхана;

- көлік және логистика;

- дистрибуция;

- жанармай құю стансалары;

- онлайн жеткізу;

- Екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);

- сақтандыру;

- ломбардтар;

- бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

- азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін;

- ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;

- шаштараз;

- фотосалондар;

- гүл павильондары;

- химиялық тазарту (кір жуу орындары);

- техника және аяқ киім жөндеу орындары;

- баспа үйлері;

- айырбастау пункттері;

- ветеринарлық қызмет.

Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін)

«Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деп атап өтті жедел штабтан.



Пікір жазу
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
    11 мамырдан кейін қандай шектеулер күшінде қалады