2 тамыздан кейін шектеу шаралары қалай өзгереді?

Уақыты: 2020-07-28 Көрлімі: 1208 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекц...

Снимок.JPG

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы онлайн Үкімет отырысын өткізді.

«Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды.  Ауруханалардағы төсек-орын жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Ай қорытындысы бойынша жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға түскен. Барлық өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», - деді Асқар Мамин.

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан кейін қандай шектеу шаралары күшінде қалатынын айтты. 

«3 тамыздан кейін мына тыйым күшінде қалуы керек: жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге, көңіл көтеретін мекемелерге, кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары да әзірге жұмыс бастамайды. Мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды. Конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді. Спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк пляждарының, діни нысандардың жұмысы басталмайды. Табиғи жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министр тұрақтандыру бағытындағы қабылданған шаралардың нәтижесі қандай көрсеткішке ие екенін атап өтті. 

«Жалпы COVID-19 ауруын жұқтыру мен одан келетін өлім-жітім жағдайының ары қарай тұрақталуы – экономиканың барлық секторын тартып, үйлесе жұмыс жүргізуге байланысты болмақ. Атап айтқанда тұрақтандыру бағытындағы қабылданған шаралардың нәтижесінің 30 пайызы ғана – медициналық көмек пен эпидемиологиялық шараларға байланысты. Ал қалған 70 пайызы жаппай маска кию режимі мен гигиенаға (30 пайызы), сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтауға (40 пайызы) байланысты», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

«Атап айтқанда осындай шарттар орындалған жағдайда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, уақыты мен күні шектеулі тәртіпте сауда желілері, жабық азық-түлік нысандары мен азық-түлік сатпайтын базарлар ашылады. Сондай-ақ, балалардың коррекция кабинеті, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтық үйірмелер (бес баладан аспауы керек) жұмыс бастайды. Балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне де кезекші топ режимінде жұмыс істеуге рұқсат. Сән-салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюрлар мен педикюрлар (алдын ала жазылу бойынша) да ашылады», - деді ол.

Алексей Цойдың айтуынша мемлекеттік қызметшілер мен кеңсе қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібі сақталуы тиіс.


Пікір жазу
  • 2 тамыздан кейін карантин шаралары жеңілдей ме
    Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өткізілуде