Орталық Азияға бағытталған екі бөлек қоғамдық дипломатия моделі

Уақыты: 2018-08-28 Көрлімі: 1316 Сипаттама

Қытай Орталық Азияны тарихи тұрғыдан ықпалды алаңдарының бірі ретінде қабылдайды. Эко...

78D49BD1-4D2C-4C76-BD57-1C04F3CDA2C6.jpeg

Қытай Орталық Азияны тарихи тұрғыдан ықпалды алаңдарының бірі ретінде қабылдайды. Экономикасына қоса, энергия қажеттілігі жылдам артып отыратын Қытай үшін Түркістан сондай-ақ (елдің батысында орын алған Шығыс Түркістанмен шекаралас болғаны себепті) қауіпсіздік саясаттары тұрғысынан маңызды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрғысынан Қытай мен Ресейдің ортақ бір Түркістан саясаты бар сияқты көрінеді. Бірақ екі ел арасында маңызды бір экономикалық билік күресі бар екені де сөзсіз.

Түркияның аймаққа бағытталған жалпы саясаты аймақ елдерінің тәуелсіз, саяси және экономикалық тұрақтылыққа ие, өзара және көршілерімен ынтымақтастық жүргізетін, халықаралық қоғаммен бүтіндескен және демократиялық құндылықтарды мойындаған мемлекеттер ретінде болмыстарын жалғастыруын қолдайды.  Түркия бұл саясатымен аймақ мемлекеттерінің маңызды бір ортағына айналды. Түркияның аймаққа бағытталған қоғамдық дипломатиялық жұмыстары мәдениет, оқу, медиа және өсу жәрдемдері салаларында өрбиді. Бұл аяда басылған тұңғыш қадамдардың бірі 1993 жылы Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (Түріксой) құрылуы болды. Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанға қоса Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР), Ресей Федерациясына қарасты 6 автономиялық республика мен Молдоваға қарасты Гагауз Автономиялық Республикасы да Түріксой-ға бақылаушы мүше.

Қытай аймақта жұмсақ билігін орнатуға тырысады. Қытайдың Түркістандағы мүддесін қорғау үшін іске қосқан саяси құралдар болса Шанхай ынтымақтастық ұйымы әскери жаттығулар, террормен ортақ күрестер, шекара аймақтары сауда алаңдары, Орталық Азия Еркін сауда алаңы мен Жаңа Жібек жолы жобасы болып табылады. Қытай салып жатқан табиғи газ құбыр желілері, Түркістанның аймақтық интеграциясына үлес қосқанда, осындағы мемлекеттердің егемендіктеріне бағытталған тікелей бір қауіп төндірмеді. Қазақстан мен Түрікменстан Қытайдың мұнай мен табиғи газ желілерінің арқасында Мәскеуге бағыныштылығын азайтты. 2020 жылынан бастап Қытайдың Түркістан аймағынан шыққан мұнай мен табиғи газдың ең үлкен тұтынушысы болуы күтіледі. Қырғызстанда Қытай қаржысымен құрылған мұнай өңдеу зауыты арқылы Ресейдің жанармай сұранысындағы күшінің азайтылуы жоспарланады.

Қоғамдық дипломатия ұғымына насихаттау негізінде қарайтын Қытайдың бұл салада басшылық жасаған мекемелерінің басында Мемлекеттік Кеңестің ақпараттық бюросы және Халықаралық Қытай тілі кеңесі (HANBAN), Конфуций институттарының негізгі орталықтары келеді. Құрылған жерлерде Қытай тілін үйрету және Қытай мәдениетін танытуға бағытталған жұмыстар атқарған бұл орталықтар сондай-ақ шәкіртақылары таратып, Қытайға студенттерді қызықтыруды нысанаға алып отыр. Студент алмасу бағдарламалары және таратылған әртүрлі шәкірт ақыларымен жылына жалпы 150 мыңнан астам студенттің Қытайға оқу үшін келуі қамтамасыз етіледі. Осылардың 75 пайызы Азиядан. «Foreign Affairs University»-дің құрылуымен де шетелдік дипломаттар үшін 3 ай бойынша оқыту бағдарламасы басталды. Осылайша болашақтың саясат мамандарының назарында болымды бір Қытай мемлекеті көрінісін қалыптастыруды мақсат етеді.

Аймақпен ынтымақтастығында оқу жұмыстарына арнайы мән берген Түркия 1992 жылдан бері Түркітілдес елдерден мыңдаған студентті қонақ етті. Сондай-ақ түрік тілінің кең тарауы жөнінде жасаған жұмыстарымен Түркияның маңызды қоғамдық дипломатиялық құралдарының біріне айналған Юнус Эмре институты аймақта жұмыстарын Астана мен Баку орталықтары арқылы жалғастыруда. Аймақта Түркия Ұлттық Білім беру министрлігіне қарасты әртүрлі оқу мекемелері бар. Сонымен бірге Манас атындағы Қырғыз-Түрік Университеті 1997 жылынан бері Бішкекте жұмыс істеуде. Түркі әлемінің тұңғыш мемлекеттік университеті ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік Университеті оқу және зерттеу жұмыстарын Қазақстандағы оқу ордасында жалғастыруда.

Шығыс Түркістанда ұйғырларды қысып отырған Қытай бұл аймақта өмір сүрген қазақ пен қырғыз азсандыларға ерекшеліктер беріп, этникалық бөлшектенушілікті ынталандыруда. Әртүрлі шәкіртақы бағдарламаларымен Қытайға шақырылған Түркістан аймағының студенттері салмақты түрде Шығыс Түркістандағы университеттерге орналастырылуда. Қытай бұл саясатымен аймақтағы ұйғыр куәлігін әлсірету және Түркістанмен экономикалық интеграцияны қамтамасыз етіп, Жібек Жолы жобасына жағдай жасауды мақсат етеді. Сондай-ақ Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағы насихаттау бюросы тарапынан құрылған және Қытайдың аймаққа қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген “tiyanshannet” (Тянь-Шаньнет) атты веб сайты арқылы түрік, орыс және ұйғыр тілінде жаңалықтар мен эфирлер жүргізеді.

ТИКА-ның Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда жүргізген оқу, денсаулық сақтау, туризм, орман, ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы жобалары бар. 2009 жылы 21 наурыздан бастап эфирлерін жалғастырған және Түркі әлемінің ортақ үні болуды нысанаға алған «TRT Avaz» (ТРТ Әуез) - Түркияның аймаққа бағытталған ең маңызды инвестицияларының бірі. TRT-нің «Түркия Үні» Радиосы Шетел эфирлері басқармасы әртүрлі түркітілдес елдердің ресми тілдерінде (Әзірбайжан, қазақ, қырғыз, түрікмен, өзбек, татар, ұйғыр тілдерінде) жүргізген радио және интернет эфирлері де осы салада маңызды бір қоғамдық дипломатия құралы болып табылады.

Қырғызстанда 15, Қазақстанда 4, Өзбекстан да 2 және Тәжікстанда 1 Конфуций институттарының орталықтарын ашқан Қытай сондай-ақ Қытай Халықаралық Радиосының (CRI) жергілікті тілдердегі эфирлері арқылы аймақ мемлекеттеріне ықпал етуді нысанаға алуда.

АҚШ, Қытай Халық Республикасы және Түркия Республикасы тәжірибелерін талдаған кезде АҚШ-тың мемлекеттік санамен қозғалған азаматтық қоғамдарын және Қытайдың тікелей мемлекеттік аппараттарымен аймақта бір қоғамдық дипломатиялық жұмыс жүргізгенін байқаймыз. Түркия болса өз тарихи салтынан нәр алып, бұл екі тәжірибе арасында өзіндік бір модель құру талпынысында деп айтуға болады.

Дереккөз: Түркия Радио Теледидар Мекемесі ресми веб сайты ресми веб сайты

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Аида Балаева: Әлемнің жетекші алаңдарында Қазақстанның мәдениеті мен өнері танылып жатыр
    Қазақстан Республикасының Конституциясы