25 ақпандағы Қытайдың Денсаулық сақтау органдарының мәліметі бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 77 658 адам болып, қайтыс болғандар саны 2663 адамға жеткен. Вирус жұқтырған 2732 науқас емделіп ауруханадан шыққан. Қазіргі кезде ауырып жатқан 47672 адамның 9126-сының жағдайы өте ауыр. Соңғы бір күнде Қытай бойынша 506 вирус жұқтырғаны, 71 адамның қайтыс болғаны тіркелген. Оның ішінде 68 адам коронавирустың таралу ошағы орналасқан Хубей провинциясынан.
Бұл мәліметтерге қарағанда аптаға қарағанда қайтыс болғандар мен жаңадан вирус жұқтырғандардың саны анақұрлым азайған. Бірақ, Қытайда жаңадан коронавирусты жұқтырғандар азайғанымен соңғы күндері Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Италия сиықты елдерде короновирус өршіп барады. Иранда короновирус жұқтырған 95 адамның 15-і қайтыс болса, Италияда ауырғанда 200-ге жуықтады. Оңтүстік Кореяда мыңға таяу адам коронавирусты жұқтырды.
Аталмыш вирус өткен айда Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласында пайда болды. Оны алғашқы болып жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істегендер деп айтылуда. Басында вирусты жарқанат сорпасы немесе жыланнан жұғуы мүмкін деген шешім де шығарылған. Кейінгі кезде қытайлық мамандар ауруды тасымалдаушылардың қатарына панголинді жатқызған. Себебі Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адамның геномы мен басынан аяғына дейін қабыршақталған экзотикалық жануардың геномымен салыстырған. Нәтижесінде, вирустың ДНҚ құрылымы бірдей болып шыққан.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусты әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп бағалап, вирусқа ресми түрде COVID-2019 деген атау берді. Лондондағы гигиена және тропикалық ауруларды зерттеу мектебінің ғалымдары COVID-2019 вирустан кем дегенде 500 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін деген пікірде. Сондай-ақ олардың болжамы бойынша, Қытайда қауіпті індеттен әлі 3 мыңға жуық адам қайтыс болуы мүмкін.
ДДСҰ сарапшылары жұмыс нәтижелері бойынша COVID-2019 жұқтырғандардың орташа жасы 51 жасты құрайды. Ауру жұқтырғандардың 77,8 пайызы 30-69 жас аралығындағы адамдар. Қытайдың Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің вирусқа қарсы әрекет ету жөніндегі сараптамалық комиссиясының жетекшісі Лян Ваньняньның айтуынша коронавирус барлық жастағы адамдарға жұға береді.
"Бұл аурудың қоздырғышының жаңа түрі, сондықтан ешқандай жас тобында коронавирустың жаңа түріне иммунитет жоқ, олар оңай жұқтырылуы мүмкін", - деген ол.
Қазақстан Респбуликасы ауырудың алдын алу шараларын жасауда. Сондай-ақ ауыру тараған елдерден азаматтаымызды эваукуациялауда. Қытайдан 3, 11, 13 ақпан күндері жалпы 500-ге тарта ҚР азаматын эвакуациялады. 23 ақпанда жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған 4 азаматты елге жеткізді. Diamond Princess лайнері демекші, Жапонияда осы лейнерлегі науқастарды қосқанда короновирус жұқтырғандардың саны 850-ге жеткен. Алдағы уақытта мыңға таяу науқас тіркелген Оңтүстік Кореядан да азаматтарымызды шығармақшы. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. Сондай-ақ министр коронавирус туралы елдегі қабылданып жатқан шараларды атап өтті. Оның айтуынша корокавирус анықталған елдерді 3 топқа бөлген.
Министрдің айтуына қарағанда үш топтың алғашқысына коронавирус өршіген ең қауіпті елдер енгізілген. Ол елдердің ішінде Қытай, Италия, Иран, Оңтүстік Корея мен Жапония бар.
«Осы мемлекеттерден келіп жатқан азаматтарды біз толық тексеріп, қажет болса карантинге жатқызамыз. Оңтүстік Кореяда біраз азаматтарымыз жүр. Олар енді қайтуға тырысады. Жоғарыда аталған мемлекеттерде коронавирус инфекциялары тез өршіп келе жатыр. Сонымен осындай шешім қабылдаудамыз. Екінші топқа енгізілген мемлекеттерден келгендерге біздің медициналық қызметкерлер тұрып жатқан үйлеріне немесе қонақ үйлерге тексеріп отырады. Ал үшінші топқа енгізілген елдердің азаматтарын телефон арқылы бақылауда ұстаймыз», - деді ол.
Билік жағынан жасалып жатқан алдын-алу шараларымен бірге халықтың да аса сақтық танытқаны жөн. Бұл жөнінде мамандар қарапайым халыққа сақтану жолдарын айтуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биомедицина ғылыми зерттеу орталығы директоры Әлібек Ыдырысұлы вирустан сақтану үшін тазалыққа баса мән берген жөн дейді.
«Осыған дейінгі үкіметтің шекара бекеттерінде, әуежайларда эпидемиялық бақылау орнатуы, 72 сағаттық транзиттық мерзімді күшінен қалдыруы, арнайы зертхана ұйымдастыруы, Қытайға рейстерді тоқтату шаралары әлбетте өте дұрыс қадам болды. Бізге бәрінен бұрын ғылым көмектеседі. Соңғы жылдардағы вирустық аурулар биологиялық қарудың адамзаттың ендігі қаруы екендігін көрсетті. Екіншіден, халық табиғи таза өнімдері тұтынуы тиіс, сырттан келетін ГМА (ГМО) өнімдеріне үкімет шектеу қою керек. Үшіншіден, вирустар көбінесе жануарларда болады. Бізде ауыл шаруашылық саласында санитарлық жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Төртіншіден, тазалық денсаулықтың кепілі, ата салтымызда да, дінімізде де арам тағамдарға, жыртқыш жануарлар етін жеуге тыйым салынған. Былайша айтқанда ата-баларымыз тұтынған адал асты тұтынғанымыз және жеке гигиенамызға баса мән бергеніміз жөн. Бесіншіден, қоғамдық ортада сақтық шараларын жасау. Әрі дұрыс және ашық ақпаратпен қамтамасыз», деді Ә. Ыдырысұлы.
Медицина саласының маманы Серік Мұратхан Короновирусқа қарсы шара қатаң, әсксери тәртіппен жүргізілу керек дейді.
«Кейбір Қазақтар Пекинде жүрген видеоларында "Пекинде біз ғана жүрміз ресторан іздеп, көшеде бір қытай жоқ!" деп мақтанып жүр... Айналайын Қазақтар, бұл вирус әлде біреулер айтқандай дініңе, ұлтыңа, атаң батыр болғанына қарамайды. Мың жерден құран кәрімді аударып-төңкерсеңде вирусқа көмек бере алмайды. Иранда да мұсылмандарға таралып жатыр... Шама бар митинг, жиналыстарды, жыр-думан, той-томалақ, мешіттердегі жамағаттық намаздарды тоқтату керек уақытша болса да. Кейбір ойы бөтен адамдар көп адам жиналған жерге вирус-теракт жасу мүмкін. Егер бір рет қанат жайса ие бола алмай қаламыз. 1,5 МИЛЛИАРД қытай елінде көшеде бір адам жоқ. Барлық жерде қатаң тәртіпке көшкен. Вирус жұқтырып оны жасырған, таратуға тырысқан адамдар сотталып, атылып жатыр. Абайсызда вирус жұқтырған бір адам бақылаусыз кетсе оның соңын жинастыру мүмкін емес! Алматы жане басқа жердегі қауіпсіздіктен жұрдай, жаңа технологиялардан бейхабар қарттар істеп-басқаратын бактериологиялық зерттеу орындарын жабу керек. Қатаң режимдегі, әскри, қуатты Қытайдың өзін дірілдетіп жатқан вирус- Қазақстанға тараса үлкен трагедия, экономикалық жақтан тұралауға әкеледі»,- дейді ол.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесідегідей алдын алу шараларын сақтау керегін хабарлады:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Қазіргі кезде бүкіл Қытайда төтенше жағдай жарияланып, бүкіл қала, ауылға дейін жабылған. Бұның салдарынан онда барлық жұмыс тоқтаған. Бұл Қытайдың экономикасына кері әсерін тигізері анық. Қытайдың ғана емес, Қытаймен экономикалық байланыстағы барлық елге салқынын тигізеді. Қытайды қойып, Иран, Корея, Италия, Жапония елдерінде төтенше жағдай оын алды. Өзге әлем елдері де Қытайдағы жағдай өз елдерінде орын алмауының қамында. Экономикалық салдарының шарасы жеңіл, ең бастысы вирустың елімізге таралмауы. Бұл үшін үкіметтің де, халықтың аса сақтық танытуы қажет.
Тұрдыбек Құрметқан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының оқытушысы
Jebeu.kz