Қазіргі кезде адамға жағу үшін ақиқаттан аттау да оңай болып кеткен сияқты. Көптеген желі қолданушылар мен кейбір «қайраткерлер» көптің көңілінен шығу үшін жұрттың пікірі бойынша, өз зерттеуі мен тұжырымын жасамай, көппен бірге даурығуды әдетке айналдырғандай. Болмаса бір бөлім ақылдылар даулы істен басын алып қашып, үндемей жақсы күйінде қалғысы келеді. Ол дәл әке мен баланы, ері мен әйелін бір-бірімен айтыстырып қойған Серікжан Білаш ісінде көзге көрінді. Онымен қоймай бұл мәселе адамдар арасындағы ескі даулары мен қыжылдарын шығарудың да орайына айналып барады. Сондай-ақ әртүлі иделогия мен түрлі мақсаттағы адамдардың жағдайды одан ары ушықтырып, аңғал қазақтың арасына әрбірі келіп от тастауына себеп болып отыр. Осы орайда пайдалана отырып, берекеңді алып, бірлігіңді кетіріп, тоз-тозыңды шығарды көздегендер де бар сияқты. Енді бір бөлім саясатта жүргендер Серікжанның қолдаушыларының көңілінен шығып, өз қолдаушылары жасамақшы. Осының бәрін көре тұра бұл жөніде ауыз ашпай, «жақсы адам» болып қалуды қалаудың реті жоқ.
Серікжанға араша болып жүргендер кімдер?
Серікжан Білаштың тергеуі бітіп, іс сотқа кетті. Астанада алғашқы сот өтіп, келер сотты Алматыға бұйырды. Осы кезде бір топ фейкі бар, табынушысы бар Серікжанның сотты болуын ақын Мұхтар Шаханов бастаған біраз адамдардан көріп, ауыздарынан ақ ит кіргізіп, көк ит шығарып жатыр. Бұның ішінде 10, 20 акаунтпен отырып, түрлі арандатушылық пікір жазатын арнайы арандатушылар да, оның табағынан ас ішіп жүрген бір бөлім адамдар да, Шынжаңдағы қандастарымыздың қиыншылыққа ұшырағанына алаңдаған, ниеті адал бірақ қасы мен досын ажырата алмайтын ағайындар да, Серікжанды білмейтін, қытайдағы қазақ мәселесін толық түсінбейтіндер де, орайын тауып қазақ билігіне соқтығып қалғысы келетін, өздерін оппозиция санайтындар да, шығысымыз бен солтүстіктегі көршілеріміздің, мұқиттың арғы жағындағылардың да сойылын соғатындар бар. Қытайдағы ұйғыр ағайындардың мәселесіне Қазақ елін араластыру арқылы, елімізді ырықсыз жағдайға түсіру стратегиялық жоспарын орандаушылар да бар. Міне осының бәрі Серікжан Білашті бірі шын, бірі өтірік қорғап, ақтаған болып көрініп, өз жоспарларын жүзеге асыруда.
Серікжан Білаштің сотты болуының сыры не?
Ал шын мәнінде Серікжанды қорғап алатындар әлеуметтік желідегі фейктер емес, оны осы күйге түсірген де олар қаралап жатқан азаматтар емес. Меніңше Серікжанның қазіргі күнге жеткеніне өзге ешкім емес, өзі кінәлі. Ол "кінәні" қасақана жасады ма, тапсырмамен жасады ма, білместікпен жасады ма ол жағын сот анықтайды деп үміттенеміз. Не болса да осы жағдайға өзі алып келді. Енді бұл жағдайдан шығу-шықпауы да шуылдаған көп фейктің арандатуына емес, өзінің сауатты қорғана алуында. Немесе оның нақты бұған дейінгі жасаған, істеген әрекеттерінің мақсатына байланысты.
Биліктің осы іс бойынша тағып отырған айыпы да оншалықты күдік-күмәнді сейілтіп, Серікжан дауына нүкте қояйын деп тұрған жоқ. Керісінше даудың үстіне дау қоса берге бағытталған сияқты. Өйткені ҰҚК өзі ұстаған, енді соты болайын деп отырған Серікжан Білаштің 8 ақпанда Алматы қаласындағы ұйғыр ағайындардың асында сөйлеген сөздерін, атағы Алатаудай екі Мұхтардың өзін айтыстырып қойған осы атышулы істің нақты фактор ретінде елестете алмай отырмын. Оның үстіне бұған дейінгі сот отырыстарында (әлеуметтік желі арқылы бізге жеткен видеолар бойынша) айыптаушы жақ үкіметтік құрлымдар емес, Серікжан Білаштің өзі сияты болып көрінді. Тек біздің прокурорды, судияны, тергеушіні, ҰҚК қызметкерін жерден-алып жерге салып, бәрін «надан», «топас» деп тілдеп жатқан Серікжан Білашті көрдік. Алматыдан арнайы ұстап алып кетіп, 5 ай бойы Астанада үй қамақата ұстаған біздің құзылы орындардың бұл іс бойынша ашып-жарып ештеңе айтқанын көрмедік. Керісінше Серікжан Білаштің адвокаты арқылы оған қарсы куәлік бергендер деп біраз адамның аты-жөнін қайта жариялап қоғамды тағы алатайдай бүлдіріп қойды. Көпке жұмбақ болған Серікжан Білашті одан ары жұмбақ ұстап, пікір қарама-қайшылығын одан ары күшейтіп, қоғамның тынышын одан ары бұзуға өздері де себепкер болып отырған сияқты. Оның үстіне бұл адамның екі жыл бойы қазақтар арасыннан жау іздеп, біреуді тыңшы, біреуді сатқын деп жалалап, қазақты ру-руға бөліп атасына нәлет айтқанда оншалықты көңіл бөле қоймағандар не үшін ұйғыр ағайындардың арасына бір рет барған кезіннен бастап бұлтартпау шарасын қолданды? Ол үй қамақта отырғанмен оның артында қалған саптастары қазақтар арасындағы бүліктерін одан ары ушықтыра берді. Бекзат Бақытбек, Ясын деген бірнеше кім екенін белгісіз адамдар ватцапта күнде топ құрып, Серікжанға қарсы пікір айтушыларды топқа апарып қосып, ауыздарына не келсе соны айтып, арандатушылықтарын жалғастыра берді. Міне осының бәріне шектеу болып жатқан жоқ. Соған қарағанда біздің ҰҚК үшін қазақтың берекесінен көрі, Қазақстандағы ұйғыр ағайындардың берекесінің кетпеуі маңызды сияқты? Әлде Серікжан ісінің артын қазса шында Қытайдағы ұйғырлардың ісіне келіп тіреле ме?
Қытайдағы ұйғырлар үшін бәріміз алаңдаймыз. Бүкіл әлем оларға жасалған саясатты айыптауда. Сырттан қанша айыптау болса да еш нәтиже жоқ. Ондағы ұйғырлардың басына келген апаттан ешкім алып шыға алмады. Ұлт ретінде болашақтарынан айыруда. Ол аз болғандай шетелдегі ұйғыр демокарттарының ішіне арнайы күштер өз жобалаларын кіргізіп, айғай мен аттанға салғызып, ұйғыр демокарттарын бір-біріне айдап салып, халықаралық қауымдастық алдында ырқысыз күйге түсіруге барын салып жатыр. Біздегі айғайшы-аттаншы топтардың да қарекеті дәл осы ұйғырлар арасына сына қақушылардың ісіне ұқсап кетеді. Бірақ, ұйғырлардың мәселесін Қазақстанның есебімен шешу бізге керексіз. Керісінше жан-жақтағы көршілеріміз сынықтан сылтау тауып, біздің елді өз қақпанына түсіргісі келіп отырғанда, біз әр ісімізді сауатты жасағанымыз жөн. Біздің мақсат ұйғырларға қолданған сценарийды қазаққа қолдануға жол бермеу. Қытайдағы қазақ мәселесін дипломатиялық жолмен шешейік деген ұстаным да осы мақсат негізінде туындап отыр. Білаш дауы да дәл осы жерден басталған.
Сондай-ақ, енді бір осы іске пікір білдірушілер дауды ұйымдастарушылар солтүстік жақтан соққан қазақ-қытай қарым-қатынасын ушықтыруға бағытталған жел десе, енді біреулері Қазақстандағы қазақтың көбейгенін қаламайтын күштер дейді. Бұл пікірді айтушылар желідегі дау тудырушылар, біріріншіден Қытайдан келетін қазақ көшін тоқтатуды, екіншіден Қытайдан келген қандастардың арасына жік салу, үшіншіден Қытайдан келген қазақ пен жергілікті қазақтың арасына от салуды мақсат етеді дейді. Осы үшеуінің негізінде Қытайдан келген және Қытайдағы қазақтардың имиджын түсіріп, қазақтың бірлігіне сына қағуды көздеген деп пікір айтуда. Бұл болжам шынымен-ақ орындалғандай. Серікжан дауын желеу етіп, қандастардың арасына, жергілікті қазақтар мен шетелден оралған қазақтың арасына от тастайтын түрлі арандатушылықтарға барып жатқандар да жоқ емес. Ал Қытайдағы қысымды айтам деп ондағы қазақтың намысына тиетін ауыр сөздер айту да осы мақсаттың бір бөлігі болса керек.
Бұл істі толық білмейтіндер мен басқа арнаға бұрғысы келетіндер «Серікжанды қазақ билігі Қытайдағы қазақ мәселесін көтергені үшін соттағалы отыр» дегендей көзқарас қалыптастырғысы келеді. Сондай-ақ бұл елде қытайды ақтаушы, жақтаушы топ бар сияқты етіп көрсетіп, Серікжанға қарсы пікір айтушыларды қытайды ақтаушы, қытайдың жалдамалысы деп танитын түсінік қалыптастырып жіберген. Әрине бұл тақырыпты толық білмейтін, тек кеудесіне қытайға деген кегі ғана бар адамдар бұндай арнайы жасалған пәлсапаның оңа құрбаны болады. Серікжанды қолдаушылардың басым бөлігі де солар. Шын мәнінде ешкімді де қандастың мәселесін көтергені үшін соттағалы отырған жоқ. Қандастар мәселесімен айналысқан жалғыз адам ол емес, сотты болса қандастарға араша болған басқалары неге сотталмайды? Бұл жағдайға Қытайдағы қазақ мәселесін желеу етіп, ел арасына ірткі салып, өсек аяң таратып, азаматтарды бір-біріне қарсы қойып, фейк акаунттары арқылы елдің бәрін қаралап-жаралап, қандастар арасына жік салды деген күдікпен түсіп отырса керек.
Шын мәнінде біздегі батырлық пен батылдық та айғайлап аттандап, көз көрген заңсыздықты оңды-солды айту емес, мәселені оңтайлы шешудің жолын табуда. АҚШ саясаттанушысы Киссинджер өзінің Қытай деген кітабында біздің ата-бабаларымыздың соғыста қытайларды талай жеңгенін, бірақ келсіссөз кездерінде ұтылып қалатынын жазыпты. Сондықтан ендігі біздегі батырлық келссөз кезінде қарсыласымызды жеңу болмақ. Бүгінгі батырлардың міндеті түрлі саяси ойындар мен стратегиялық келісімдер кезінде қазақ мүддесін ақылмен қорғап шығу. Батырыңды жаныңда тұрып айғайлап-аттандап, өз берекеңді алатындардан емес, жауыңмен жаға жыртыспаса да бір үстелде отырып, ой таластыра алатын, өзінің және өзгенің заңды құқын заңды жолмен қорғай алатындардан іздеген дұрыс.
Бұл дауды қалай тоқтатуға болады?
Серікжан Білаш ісін алдағы сотта 8 ақпандағы сөзіне ғана тіремей, оның нақты қоғамға келтірген залалы мен әлеуметтік желідегі дау-дамайдың отын мақсатты-мақсатсыз тұтатқанын айқындап бергені жөн. Мақсатты түрде істесе артында кімдердің тұрғандарын анық көрсету керек және ел арасына лаң салған басқа да саптастарын қоса заң алдында өз жауапкершілігін арқалатқан жөн. Олай болмаған жағдайда, екі жыл бойы ол және оның жақтастары қаралалаған, «қытайдың тыңшысы», «қытайдың жалдамалы жазғышы», «қытайға сатылған» деген адамдарды да тексеріп ақ-қарасын анықтасын. Қытай үшін жұмыс жасап жүрген адам болса, соттасын. Егер ол адам жалаға ұшырап жүрсе, заңды құқын Атазаңымыз қорғасын. Екінің бірін «Қытайдың ақшасына сатылған» деп жатады. Сол Қытайдың ақшасына сатылғандар бар болса, кім екенін біздің құзылы орындар тауып, халыққа анықтап көрсетсін. Осы істің соңын осы арқылы шешбесе бұл дау да жалғаса береді. Бұның соңы халықтың билікке деген сенмін де кетіреді. Тіпті халықты бір-бірімен айтыстырып, бірін-бірі тыңшы етіп айыптаудың артында өз билігіміз тұр ма деген күдік те ел арасында орын алуы мүмкін. Сондықтан бұл істің нүктесін құзырлы орындар енді кешіктірмей қою керек және бұл жөнінде әр ақпарат ашық және шынайы болғаны жөн.
Айтпақшы, «Қытайдың жалдамалысы, Қытайдан жашік-жашік ақша алады» деп өзгелерді айыптаушы Серікжан Білаштің банктегі шоты құзырлы орындар жағынан бұғатталғанын өзі сотында айтты. «Ешқайда жұмыс істемейтін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, Алматы қаласынан бір күнде үш үй сатып алған» азаматтың (https://abai.kz/post/66415) банктегі шотын неге бұғаттады екен? Құзырлы орындар бұл жөнінде де халыққа ақпарат бергені жөн. Сондай-ақ, өзгелерді «Қытайдан жашік-жашік ақша алатындар» деп жүрген адамның шотын бұғаттаған құзырлы орындар, ол көрсеткен «жашік-жашік ақша алушылардың» да шотын тесерген шығар. Тағы кімдердің шотын бұғаттағандарын да біле жүрейік.
Серікжан Білаш Қытайдағы қазақтардың жалғыз құтқарушысы ма?
«Серікжан Білішті Қытай қылмысын әлемге жариялалағаны үшін соттап жатыр, Қытайдағы қазақтың құқын қорғаны үшін соттады» деп, Серікжан мен Қытайдағы қазақ мәселесін толық зеттеп білмей айтып жатқандар да бар. Алдымен Серікжан білаш немесе жарқын 7 қашан пайда болды? Қытайдағы жағдайға халықаралық қауымдастықтың ықпалы қандай болды және қазақ билігінің ықпалы қалай болды дегенді саралаған жөн. БҰҰ отырысында Қытайдың Шынжаңдағы саясатын бірі айыптаса, бірі қолдап отырғанын көрдіңіздер. Ал ол уақытта Қытайда қамалған қазақтардың басым бөлігі шығып болған. Бұл дегеніңіз Қытайдағы қазақ мәселесінде қазақ билігінің сауатты жұмыс жасай алуы. Қытайдың қақпаныа түспей қандасын дипломатиялық жолмен қорғай алғаны. Ал қытайдағы жағдайды айдай әлемге жариялады дегеніміз бен сол айдай әлемге қытайдың қандай жауап беріп келгенін өздеріңіз көріп жүрсіздер, ешбір шетедік дипломаттардың алдында Қытай «біз адам құқын бұзып жатырмыз» деп мойындаған жоқ. Ал қазақ дипломаттарының алдында Шынжаңдағы орын алып жатқан жағдайларды талай мойындап, мәселені бірге шешуге уағдаласқандарын көрдіңіздер. Бұл жөнінде ақпарат құралдары уағында жариялады.
Қытайдағы қазақ мәселесімен тек Серікжан Білаш ғана айналысқан жоқ. Көптеген жеке азаматтар мен қоғамдық ұйымдар бел шеше араласты. Айналып келгенде Атажұрт ұйымының өзін серікжан емес, Қыдырәлі Оразұлы бастаған жігіттер құрған. Қыдырәлі бар, оның алдында Ырысбек Тоқтасындар бар қазірге дейін сол атажұрттың қаншаға бөлініп кеткенін бәріңіз білесіз. Оның басты себебі Қытайдағы қазақ мәселесімен айналысқан өзге ұйымдарды жалалаған сияқты осы жігіттердің өзіне де жаланың жабылуы. Серікжанның ісі Қытаймен күресу деп аталғанмен қандастар мәселесімен айналысқан өзге ұйымдар мен тұлғалармен күресуге айналып кетті. Егер оның мақсаты Қытаймен күресу болса, қандастар мәселесін басқа жолмен шешкісі келеген өзге азамататр мен ұйымдарға ақпараттық соғыс ашып, ел арасын алатайдай бүлдірмеген болар еді. Өзінен басқаның бәрін Қытайға сатылған жасап шықпас еді. Айналып келгенде қандастар мәселесін «Қытайдағы жағдайды айдай әлемге жариялау» емес, Қазақ дипломаттарының Қытайдан ақылын, айласын асыруы шешті. Ал осы бір қиын жағдайда қандастарға араша боламыз деп түрлі мақсатта пайдаланушылар да аз болған жоқ. Атақ-бен айбырой, ақша жинаудың көзі еткендер де бар. Бұл жөнінде бұған дейін талай айтылды.
Бұл көште жалғыз Серікжанның ғана жүгі ауыр емес
Бұл күнде әлеуметтік желі ең үлкен иделогиялық құралға айналып кетті. Желі де түрлі фейк аттармен отырып, түрлі арандатушылықтарға баратындар көбейуде. Бұл көште тек жалғыз Серікжан Білаш ғана жүрген жоқ. Оның Анар Атабай, Мадина Сакен, Халима Арман сияқты фейктері типтес, Erkin Azat деген фейк те фейзбукте Серікжан Білаштан «кем жұмыс жасамады». Оның да түрлі арандатушылық сипаттағы жазбалары аз емес. Тағы кімдер аңқау елге арамза молда болып жүргенін кім білсін, сол үшін әлеуметтік желідегі фейктерді бақылауға ұстайтын кез келді. Тіпті Серікжан Білаш ісінде оның өзін пайдаланып, өз халқына айдап салып отырған арамызда басқа адамдар да жүрген болуы мүмкін. Сол үшін алдағы сот екі жылдан бергі оның әлеуметтік желіні шулатқан «еңбегі» жөнінде болғаны жөн. Нағыз кінәлі Серікжан ба, Еркін азат ба? Әлде олардан да басқа арандатушы күштер бар ма? Осының бәрі толық анықталуы керек. Серікжан болсын, басқасы болсын мейлі қытайдың, мейлі орыстың, мейлі АҚШ-тың ойыншысы болса да, біздің билік ешкімнен қымсынбай, бар шындықты ортаға шығарсын. «Серікжан нағыз батыр, еш кінәсіз» болып, ол айыптағандар шынымен сатқын болса да олардың жазасы берілсін.
Бұл ісінің шын бағасын беруші кім?
«Серікжан Білаш туралы шетелдік БАҚ жазып жатыр, шетелдік ғалымдар айтып жатыр. Нобель сыйлығына ұсынды» дейміз. Елге келіп, екі видео түсіріп кеткен бір шетелдік журналистің пікірі мен сырттан шолу жасаған алыстағы бір «зерттеушінің» тұжырымына қарап емес, өз көрген-білгеніміз бойынша, оның іс-әрекетінің қандай пайда-зияны тиіп жатқанын толық зеррттеп, жақыннан баған берген дұрыс деп ойлаймын. Шетелдіктер бірер ауыз сөзін айтар, мақаласын жазар. Ал біздің елде бұл жөнінде екі жылдан бері дау-дамай күннен күнге өршіп, еліміздің бетке ұстар азамататрын мансұқтау өршіп барады. Оның шетелдік әріптестерімізге келіп-кетер ештеңесі жоқ, даудың алаңы қазақ үйі. Сол үшін бұл істің шын бағасын беретін де қазақ қоғамы.
Қазақтар арасында, жақыны қиналып, зар жылап жүрген елді жиып алып, айғайға салып өз қазағын жамандап, зиялыларды жалалап жүріп, осы күнге жеткен адамның өткені мен бүгініне толық зер салған жөн. Кез-келген шаруа айғаймен, болмаса өзге біреуді жалалаумен бітпейді. Дақпырты мен айғайы басым жұмыстың жарыған нәтиже күтетіндер аз. Біреуді-біреуге айдап салып, қырқыстырып қойып қандай шаруа бітіріп едіңіз? Естеріңізде болса, Қытайдағы «Сен қазақ», «Күлтегін» қатарлы сайттар жабылар, Ондағы көзі ашық зиялы азаматтар сотталар алдында Жарқын 7 деген адамның сондағы жазған естеліктері үшін күні-түні айтысып-тартысып жатушы еді. Солардың елге үлгеріп келмеген қаншауы осы күнде түрмеде жатқанын өздеріңіз білесіздер. Қазір Қытайда саяси үйренуге кірген қазақтар толығымен шығып, тек осы адамның үндеуін таратқан, Жарқын 7-нің жел беруінде Қытайда тұрып қытайға қарсы шапқан батырларымыздың әлі түрмеде жатқаны естіп жүрміз. Сонда осы еңбегі үшін нобельге ұсынып жүрміз бе? Айтпақшы, «қытайдағы 15 пен 40 жас аралығындағы қандастардың зорланбағаны жоқ» деп Azat Erkin деген фейк жазса, Серікжан «Қытайдағы қазақтардың еркек біткені саяси үйренге кіріп белсіз болып шықты, әйелдері бедеу болып шығуда. Әр қазақтың үйінде бір-бір ұрығы басына шапқан қытай жатыр» деп айтып еді. Сол қытайдағы әпке-қарындастары зорланғандар, үйлеріне «қытайдың ұрғы басына шапқан еркегі» жатқандар нобельге ұсынысын. Есті адамға ол сөздері сондағы қазқтардың құқын қорғау емес, қорлау болып табылады.
Бұдан басқа да Серікжан Білаш шуы әржерден табылады. Жеке адамдарды жалалап, ру-руға тіл тигізіп, атасына нәлет айтумен бірге әлеуметтік желі, той-томалақ, өлім-жітім де Білаш дауына айналып барады. Сондықтан бұл адамды қазақ пен қазақтың арасына ірткі салу үшін пайдалана бермей, осы жолғы сот барлық шындықты анықтап, ел алдында әділ шешімін шығаруы керек. Ел арасына түскен жікке тікелей өзі кінәлі болса, лайықты жазасын берсін. Ал бұл адамды өзге пайдаланушылар, от көсесуші құрал еткендер болса олар да анықталсын. Осы адамның айтқаны мен жасағаны бәрі дұрыс болса, онда ол айыптаған «сатқындарды» жазаласын. Бұл іс бізаз созылды, күннен күнге өршіп те барады. Енді қазақтың берекесі үшін соңғы нүктесі қойылуы және бәрі ашық болуы керек.
Біздің елдегі жағдай, біздің елдің азаматы туралы ақ-қарасын анықтау біздің құзылы орындардың қолында. Құзырлы орындар барлық шындықты халқымен бөліскені жөн. Шетелдік күштер мен басылымдар алыста жатып, біздегі орын алған жағдайдың шындығын дөп басады деуге келмейді. Оларға ақпараттық сенсация мен белгілі дәрежедегі өз мүдделері керек шығар. Бізге қазақ елінің тұтастығы мен болашағы, бірлігі керек. Ол бірлікті сақтаушылар мен ұстаушылар шетелдіктер емес, қазақ халқы мен билігі, қауіпсіздік органдары. Сол үшін билік те, қауіпсіздік органдары қалай болғанда да бұл істің оң шешімін шығарады деген үміттеміз.
Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН
04.08.2019 ж.
Jebeu.kz
P.S: Қытайдағы қандастар мәселелелері туралы басқа сұрақтарыңыз үшін екі жылдан бері осы тақырыптағы жазған біраз мақалалардың сілтемесін салып қояйын. Бірден арандатушылардың қаралауына ермей, аз да болса көңіліңізде күдік болған сұрақтардың жауабын іздеңіз.
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=1254
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=1114
http://jebeu.kz/A_news/2018-04-17/804.html
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=1412
http://jebeu.kz/A_aitarim_bar/2018-02-01/685.html
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=1274
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=1219
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=1042
http://jebeu.kz/A_news/2018-03-24/767.html
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=1219
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=1280
http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=1286
http://jebeu.kz/A_torteu/2018-02-16/709.html
http://jebeu.kz/A_torteu/2018-04-22/818.html
http://jebeu.kz/A_torteu/2018-05-19/862.html