Қазақстанда коронавирус тіркелгеніне бүгін 20 күн болды. Дәл қазіргі дерек бойынша елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 423 адамға жетті. Оның 27-сі (6.4%) емделіп шықса, 3 (0.7%) ұадам қайтыс болды. ҚР Денсалуық сақтау министрлігінің күнделікті таратқан ақпаратына сүйенсек, коронавирус жұқтырғандардың ең көбі астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыда. Нұр-Cұлтанда 193 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, Алматыда 91 адамнан анықталған.
Коронавирус ең алғаш 13 наурызда еліміздің осы екі бас қаласынан анықталған. 15 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланғаннан кейін 19 наурыздан бастап бұл қалалар карантинге алған. Наруыздың 20-нан кейін індет жұқтырушылар обылстардан да байқала бастады. Қазір Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары екі қаладан кейінгі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны ең көп өңірлерге кіреді. Қайтыс болғандардың екеуі Ақмола мен Қарағанды обылысның тұрғындары. Соңғы 3 күннің ішінде Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 26- адамға жетіп облыстар бойынша ең көп індет жұқтырған өңір болып тұр. Обылыс әкімінің мәліметіне қарағанда індет облыс орталығы мен 3 ауданнан байқалған.
«Қазіргі уақытта облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында - 6, Жаңақорған ауданында - 16, Қармақшы ауданында - 2, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта Қызылорда, Жаңақорған аудандары карантинге жабылды», - деді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Хабар 24» телеарнасындағы мәлімдемесінде.
Бұдан кейінгі орындарда Атырау, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы. Алматы обылысында қазіргі кезде коронавирус Алматы қаласының маңындағы аудандарынан байқалуда. Оның ішінде ең көбі Қарасай ауданы. Бүгін Қарасай ауданына қарайтын Асыл-Арман тұрғын үй кешені карантинге алынды.
Қазақстанда коронавирус байқалған алғашқы 10 күнде ел бойынша 60 адамнан инфекция анықталған. Арада үш күн өткенде бұл сан екі есеге артып, 26 наурыздың кешінде 120-ны көрсетті. Осы 20 күн ішіндегі коронавирустың ең өршіген кезі 26-29 наурыз аралығы. Осы кездегі тіркелгендер қалған уақыттағы анықталғандарың санынан асып кетті. Осы 20 күн ішіндегі ауырудың анықталу шыңы 28 наурыз. Бұл күні еліміз бойынша 78- адамның коронавирус жұқтырғаны анықтарлған.
Бұл сандық мәліметтер біз үшін көп көрінгенімен қазіргі әлемдегі пандемияның таралу жылдамдығымен салыстырғанда қалыпты жағдай деуге болады. Қытайдан кейінгі вирус ошақтарына айналған елдерде бұндай көрсеткіш алғашқы 2, 3 күнде-ақ көрінген болатын. Бұл да болса біздегі қалаларға шоғырланған халық санының онша тығыз еместігі мен еліміздің уағында вирустың алдын алу шараларын қолдана білгенінен болса керек. Бірақ бұл дегенңіз арқаны кеңге салу, бейғамдық таныту керек дегендік емес.
Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Карин коронавирустың алдын алу шаралары елдегі төтенше жағдай жарияланудан бұрын басталғанын айтуда.
«Шын мәнінде, алғашқы түбегейлі шаралар одан да ерте, қаңтарда, яғни, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жағдайын пандемия деп жарияламай тұрғанға дейін біраз уақыт бұрын қабылданды. Қаңтардың 26-сы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы құрылып, келесідей шаралар қабылданды. Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етуді; мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді; шет елдерден келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнатуды; ҚХР Ухан қаласындағы Қазақстан студенттері мен ҚР басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Сонымен бірге, екі қаланың – Нұр-Сұлтан мен Алматының инфекциялық ауруханаларында қосымша реанимациялық бокстар құрылды», - дейді Ерлан Карин.
Коронавирустан ең көп шығынға ұшыраған елдер коронавирус таралып біраз шығынға ұшыраған кезде ғана елде төтенше жағдай жариялалған. Атап айтар болсақ, АҚШ 13 наурыз, Испания мен Сербияда 15 наурыз, Францияда 24 нарузыда төтенше жағдай жариялады. Қазақстанда 15 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланса, 30 наурыздан бастап төтенше жағдай тәртібі бұрынғыдан да күшейіп обылыс аралықтарына шектеулер қойылды. Қызмет көрсетудің көптеген түрі онлайн жүйеге ауысты. Қазақстандық мамандар Халық карантин талаптарын бұлжытпай орындаса, коронавирустың таралуы жақын арада төмендейді деген болжамдарын айта бастады.
Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында «Егер өзін-өзі оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптадан кейін біздің қаламызда індетті жұқтыру күрт төмендейді деп болжап, есептеп отырмыз»,- деген пікірін айтты.
Қазіргі ҚР ДСМ деректеріне сүйенсек індет жұқтырғандардың көбі шетелге шығып келгендер мен солармен тығыз байланыста болғандар. Олармен байланыста болғандардың үшінші тарапқа жұқтыру жағдайлары көп анықталмады. Осы 20 күндік дерекке сүйене отырып, алдағы уақтты төтенше жағдай тәртібін атқарушы билік те, халықта қатаң ұстап сәйкесер болса енді 20 күнде бұл қауіп сейілуі мүмкін. Ең бастысы қазіргі қолдан келері әр азаматтың өзі мен жақындарына деген жауапкершілігі. Бұл індет бәрімізге сынақ. Бұл сынақ үлкен жауапкершілік. Қазір науқаншылдықтың, ат шығару үшін айғайлау мен белсенділік танытып көзге түсудің емес, бар жауапкершілікті сақтап өзіңнің де өзгенің де өміріне залал келтірумеуді ойлаудың кезеңі. Нақты ақпараттар беріліп, нақты шаралар қабылданып жатқанда әркімнің бір коронавирустанушы болатын емес, осы сала мамандарының айтқанын орындайтын кезі. Ел аман жұрт тыныш болып, бұл сынақтан бәрімізді аман өтуге жазсын.
Т. ҚҰРМЕТҰЛЫ
Jebeu.kz