Алик Шпекбаев: Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіруге болады

Уақыты: 2020-11-05 Көрлімі: 1107 Сипаттама

Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіруге болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

520c8193af9662f6bd3302b4a7194c4f.jpg

Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіруге болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қостанай облысына сапары аясында Рудный қаласының жұртшылығымен және мемлекеттік қызметшілермен кездесуінде мәлімдеді.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғап, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы саясат және қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Атап айтқанда, ол басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі туралы еске салды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Рудный қаласының әкімі Ғаязов Қашар кентінің әкімі Алдонғаровтың жемқорлық қылмысы үшін берілген отставка аясында атқарған қызметінен босатылды.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әр басшыға жоғары талаптар қойып отыр. Сіздер тұтас мемлекеттік органның жұмысы тазалық пен парасаттылыққа бағытталуға байланысты екенін жете түсінулеріңіз қажет. Сондықтан басшылардың жемқорлыққа жол ашатын кез келген жағдайды жою бойынша белсенді әрекет жасауы маңызды. Бұл үшін барлық құралдар бар. Ең бастысы – шынайы ниеттің болуы, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы азаматтармен сындарлы диалогты кеңейту қажеттілігіне, жергілікті атқарушы органдардың азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын күшейту мен қоғамдық бақылауға назар аударды.

ХҚКО туралы айта келе, Алик Шпекбаев электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің үдемелі дамуын атап өтті.

Қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер – өткен күннің белгісі. Шенеунікпен байланыс орнату арқылы қызмет көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қаупін арттырады. ХҚКО-лардың санын көбейтудің қажеті жоқ. Азаматтарды электрондық мүмкіндіктермен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге және әкімдіктердің фронт-кеңселерін сапалы пысықтауға назар аудару қажет, – деді Алик Шпекбаев.

Жастар ұйымы өкілінің сұрақтарына жауап бере отырып, Алик Шпекбаев былай деді. 

Шынында да, мемлекеттік аппаратты қысқарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік қызметте неғұрлым тиімді қызметкерлер қалуға тиіс. Саясаттың ықшамдылыққа бағдарланғанына қарамастан, адал, білімді және талантты жастарға конкурстық негізде жұмысқа өту жолы әрқашан ашық болатынына сенімдімін, – деді ол.




Дереккөз: BAQ.KZ


Пікір жазу
  • Ш. Батан: Қазір сол Шаттық Батан болып қалыптасу жолында ізденіп жатырмын
    Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ: Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят