Бәсекеге қабылетті ұрпақты қалай қалыптасырамыз?

Уақыты: 2019-11-14 Көрлімі: 972 Сипаттама

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей әр ата-ана өз ұрпағының соңында қалар презентіні...

5891f4650c9fee00b64ac358f7ff2aa8_resize_w_520_h_.JPG

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей әр ата-ана өз ұрпағының соңында қалар презентінің мүддесінен шығып, мақтанышы болғанын қалайды. Адам ғана емес, барлық жаратылыс иесінің де тіршілік тынысы ұрпағы үшін арналары хақ. Әр адам өз болашағын ұрпағымен байланыстырса, тұтас мемлекеттің де болашағы ұрпақ мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан да мемлекеттік саясаттағы ең маңызды мәселенің бірі білім жүйесі. Еліміздің білім жүйесі туралы алдағы уақытта толыққанды қалам тербер жатармыз. Ал бұл жолы ұрпағымыз бәсекеге сай болу үшін мамандық таңдау мәселесіне тоқталғанды жөн көрдім. 

Әрбір азаматтың мамандықты дұрыс таңдай білуі бәсекеге қабылеттіліктің негізі. Өкінішке орай қазіргі таңда жоғарғы оқу орнынан білім алып, диплом иесі болып шыққанымен өз саласы бойынша жұмыс жасамайтын азаматтарымыз көбейіп барады. Бұның басты себебі оқуға түсерде мамандықты дұрыс таңдамағандықтан болса керек.

Елдегі ҰБТ жүйесі жолға қойылғаннан бері түлектер алдымен ҰБТ тапсырады. ҰБТ-да алған бағасына қарап болашақ мамандығын таңдайды. Алған бағасына қарай қолы жеткен мамандықты таңдап, оқып бітіріп шығады. Өзінің жан қалауы бойынша таңдап түспегендіктен жоғарғы оқу орынында да ықыласымен оқымай, «диплом алып шықсам болды» деген ниетпен оқу бітіріп шығады. 4 жыл бойы «диплом үшін» оқығандар қоғамға оқу бітіріп шығып бәсекеге қабылтті маман болып, лайықты жерге бір керпіш болып қалана аламағандықтан, тағы да бізге білікті маман жетіспейді деп дабыл қағамыз.

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар техникалық мамандықтар, ал заңгерлер мен экономика мамандықтарын бітірушілер шамадан тыс деген ұғым қалыптасқан. Қазіргі заман техниканың бәсегесі екені о бастан анық. Деседе, біздің еліміз экономикалық жақтан дамушы елдердің қатарына жататындықтан техникалық мамандықтар қандай сұранысқа ие болғанымен білікті заңгерлер мен экономисттер де ешқашан сұраныстан түсе қоймайды. Сонымен бірге, дәстүрлі мамандар ретінде білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылқ саласының мамандары мен құрлыс саласының мамандары да қажеттілігін жоймайды. Сондай-ақ, еліміз үшін , ІТ мамандары, сервис пен нано және биотехнологияны игерген мамандары да зор сұранысқа ие. Бұған дейін осы тақырыпта «Алауинфорым» ақпараттық порталында «Жас түлектің қандай мамандық таңдағаны жөн?» деген мақала жазғанмын. Сол жерде осы мамандықтар туралы толықырақ мәлімет бергенмін. Бұл жерде оны қайталамай-ақ қояйын.

Мамандықты емтихандағы баға қарап таңдап, болашақ жұмыссыздардың қатарын көбейтпеу үшін Білім және ғылым министрлігі мектептегі білім жүйесін ретке келтіргені жөн. Мектептерде қалалардың ғана емес, ауыл-ауылдардағы әрбір жас өспірімнің өз интелектуалды қабылетіне қарай бейімін жетілдіруге мүмкіндік беретіндей шарт-жағдай жасалуы керек. Сонымен бірге мектептің бағдарламасында теориялық түсіндіруден көрі тәжірибелік сабақтарды көбейткенде жөн болар деп ойлаймын. Сонымен бірге осы жерде басты назарға алар мәселе білім жүйесін күнде бір өзгеріске ұшыратқанша, оқытушыны кәсібилік тұрғыда жетілдіру мен мектепті заманауи материялдық базамен қамтамасыз ету.

Егер оқушы мектеп қабырғасынан өз беймін жетілдіріп, қалаған саласын зерттеуге мүмкіндігі болса, ертең мамандық таңдағанда еш қателесуі мүмкін емес. Сондықтан бұл жерде білім беру саласымен бірге әр ата-ана да өз ұрпағының бейімін ертеден білгені жөн.  Мектеп пен ата-ана ана баланың талантын уағында біліп, дарынын ашуға дер кезінде көмек берсе бізден әлі талай небір таланттардың шығып, білім жарысында да қазақ ешкімнің артында қалмасы анық. Өз мамандығының тағанын мектеп қабырғасында қалаған бала жоғарғы оқу орнында нақты білім алып, елімізге, тіпті адамзат өркениетіне қажетті маманға айналарына шұбамыз жоқ.

Әр бала мен ата ана өз бейімі мен бағытын анықтау өздерінен, сапалы білім беру мемлекеттен. Осы екі тарап сәйкессе біз діттеген арман орындалады. Бұл үшін жастарды білім мен ғылымға терең бойлауға ынталандыру бағдарламалары көбірек болғаны жөн. Қазіргі таңда негізінен балаларды өнер мен спорт жағында ерте бастан таңдап түрлі байқауларға қатыстырып, өнерін ұштап келеді. Сол әдісті енді нақты ғылым саласы мен техника саласына да қолданған жөн. Балалардың тапқырлығы мен зердесін сынға салып шабыт беретін шаралар көбірек қолға алынуы да кезек күттірмегені жөн.

Қазіргі таңда елімізде балалрдың дарынын ашуға, елдегі сапалы маман қалыптасуының ірге тасын қалап жатқан Республикалық физика-математика мектебі, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, Назарбаев мектебі және спорт пен өнер саласында тереңдетіп оқытатын мектептер бар. Алдағы уақытта осы мектепердің үгіт нәсихаты мен қатары көбейсе, ауыл-ауылдағы небір дарындардың көзі ашылар еді.

Сонымен бірге, білім беру жүйесі мен бала тәрбиесі қоғамның назарынан тыс қалмауды қажет етеді. Сондықтан, ақпарат құралдарында да жас өспірімге бағыт берер материалдардың көбірек болғаны жөн сияқты. Әлемнің және ел ішіндегі озық оқу орындарының тәжірибесі оқушыларға кеңінен таныстырылып ортыса, әр бала ең үздік деген оқу орнында білім алам деген арманмен өсер еді. 

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Іліп әкететін сәт келді
    Өзің өзгерсең - өмір де өзгереді