Павлодар облысы оңтүстік халқын шақырады

Уақыты: 2018-09-08 Көрлімі: 2651 Сипаттама

4 – 7 тамыз аралығында Павлодар облысынан келген делегация Алматы облысындағы халықпен...

IMG_4366.JPG

4 – 7 тамыз аралығында Павлодар облысынан келген делегация Алматы облысындағы халықпен кездесулер өткізіп, Павлодар облысының тыныс-тіршілігімен таныстырып, бос жұмыс орындарын көрсетіп, облыс халқын солтүстікке шақырып қайтты. Железин, Аққулы, Май аудандарының аудан, ауыл әкімдері және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларынан құралған 10 адамдық топ 4 қыркүйек күні Алматы облысының Қарабұлақ, Көксу аудандарында, 5 қыркүйекте Сарқан ауданында, 6, 7 қыркүйекте Еңбекші қазақ ауданы мен Жамбыл ауданындағы халықпен кездесті.

7 қыркүйектегі Жабыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен кездесуде Павлодар облысының өкілдерін бастап жүрген, өзі осы 2017-2021 жылдарға арналған Оңтүстіктегі еңбек күштері мен мамандық иелерін Солтүстікке көшіру және жұмысқа орналастыру бағдарламасы аясында Павлодар облысында тұрып жатқан Сәулетбай Сарқытұлы: «Мен өзім Қытайдан келген қазақпын. Павлодар облысына барып қоныстанғаныма бір жарым жылдай уақыт болды. Бұрын бұл облыста Қытайдан келген қазақтар көп болмаған. Былтырдан бері 100 отбасыдан асты. Мен өзім Успен ауданына 40 қанша отбасын бастап бардым. Бәрінің жағдайы жақсы, малын бағып, егінің салып жатыр. Ешқандай қиындық көрген жоқ, жергілікті үкімет жақсы қарауда. Жерімізді бөліп берді. Егінімізді салдық, жақында орамыз. Малымызды да бағып жатырмыз. Былтыр ғана барған кісілерден 70-ге тарта іріқара айдап жүргені бар. Солтүстік суық, қысы қатты деген ұғым қалыптасып қалған, бірақ ондай қатты суық емес. Ол жақты - 40°с суық, болжақтағы 25-30 °с сияқты болады. Барғандардың бәрі жұмыссыз қалып жатқан жоқ. Тіпті сол жақта Қытайдан келген дипломы бойынша жұмысқа орналасқандары болды. Ауылдағы мектебімізге бізден барған үш адам мұғалім болып орналасты.  Емханаларына медбике болып кіргендері де бар. Кез-келген дипломы бар мамандық иесіне солтүстіктен жұмыс шығады, бәріңізге жұмыс тауып беруімізге болады», деп Павлодар облысының әкімі осы үгіт-нәсихат группасында болып, осы бағдарламаның тұтынушысы ретінде халыққа өзіңді мысалға келтіре отырып түсіндір деп тапсырма бергенін айтып өтті.


IMG_4371.JPG

Ары қарай Аққулы, Май, Железин аудандарының аудан, ауыл әкімдері өз аудандарын танысытырып, Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен бірге осы аудандарды танстырған бейнебаяндарын көрсетті.  Павлодар облысының жері кең, адамы аз екенін айта келіп, осы облысқа келіп, мал бағып, егін салам дегендерге жер берілетіндігін, әрбір қоныс аударушыларды аудан әкімдерінің өздері күтіп алатынын айтты. Бос жұмыс орындарын таныстрып, қазіргі кезде бұл облыста ең жетіспейтіні мұғалімдер мен денсаулық сақтау мамандары екендігін ескертті. Жиналыс соңында көшуге ниетті ағайындар жекелей сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтерін алды.

Аққулы ауданынан келген ауыл әкімі Айғазинев Асқарбек: «Аққулы ауданында 10 ауылдық округ, 20 елді мекен бар. Егіншілікпен айналысатынға 54864 гектар, мал шаруашығымен айналысқанға 15 мың гектар бос жер бар. Басқа түрлі сала бойынша ауданда 86 бос жұмыс орыны бар», десе Железин ауданының әкімінің орынбасары Қималиденов Қанат: «Біз де үй бағасы бір шама арзан. 300 мыңнан 1 жарым миллионға дейін, облыс орталығында 5 миллионнан 15 миллионға дейін болады. Егер көшіп барамыз деген ниеттеріңіз болса, қарсы аламыз. Железин ауданымыздың жері көп, адамы аз. Бос тұрған игерілмей жатқан жерлеріміз де көп. Келіп шаруашылықпен, кәсіпкерлікпен айналысамыз десеңіздер мүмкіндіктеріңіз көп. Сонымен бірге бізге мұғалімдерге бос орын көп. Физика, математика, шет тілдері, химия, биология, информатика, бастауыш сынып мұғалімдері керек. Мұғалімдер Солтүстікке көш бағдарламасымен келсе, оған қоса «дипломмен ауылға» ауылға бағдарламасына да қатар қатыса алады. Егер барып жер көрем деген ниеттеріңіз болса, Павлодарға дейін өздеріңіз жетсеңіздер ары қарай өзіміз көлік шығарып, аудандағы жұмыспен қамту орталығына әкеліп бос жұмыс орындарымен, ауылдарға апарып тыныс-тіршілігін көрсетіп таныстырамыз», деп көшуге ниетті ағайындарға алдын ала бір барып танысып қайтуға шақырды. Май ауданынан келген өкілдер Май ауданынның жан саны 12 мыңдай. Аудан Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Қазірде ауданда бірнеше шаруа қожалықтары нәсілді мал бағып отырғанын, өзге аудандарға қарағанда қысының да қысқарақ болатынын айтып өтті.

IMG_4359.JPG

Павлодар облысынан келген өкілдердің таныстыруынша облысы аумағында көп салалы индустриялдық кешен қалыптасқан. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағытталған өнеркәсіптік компаниялармен анықталады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі екен. 

Облыста ауыл шаруашылығына да баса мән беріп отырғанын айтып өтті. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Өңірде негізгі өндірілетін дақыл – бидай, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егін алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, қауын-қарбыз көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі екен. Мал шаруашылығына да баса мән беріп, нәсілді сиыр, нәсілді жылықы өсіріп отырған шаруа қожалықтарына мемлекеттен үлкен қолдаулар болып жатқанын айтты.

IMG_4362.JPG

Павлодарға көшуге үгіт-нәсихан жасаған топ Мемлекеттік бағдарлама арқылы Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыға көші-қон шығындарын өтеу үшін әр отбасы мүшесіне 84 мың теңгеден төлеп берілетін,  барған жерінде тұрғын үй мәселесін шешу үшін, бір жылға дейін үй жалдау үшін бір отбасында 2-4 адам болса 43 мың теңгеден, 5 адамнан жоғары болса 50 мың теңгеден  12 ай берілетінін айтты. Бір айта кететіні осы бағдарламаға ену үшін қолыңызда қалай да бір кәсіптік мектептің болса да дипломы болуы қажет екен.

Қазақстан үкіметі солтүстік пен шығыстағы «жұмыс күшіне тапшы» аймақтарға оңтүстіктегі «жұмыс күші артық» облыстардан мамандарды шақыру науқанын бірнеше жыл бұрын бастаған. Солтүстіктегі адам саны аз обылыстардың бірі - Палводар облысы. Халқының саны 754,6 мың адамды құрады. Қала халқы - 533,4 мың адам (70,7%), ал ауыл халқы - 221,2 мың адам (29,3%).

IMG_4372.JPG

Павлодар облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасып, солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Ел елге қосылса құт демекші, солтүстіктің қазағы келіп төріне шақыруда. Еліміздің шекара аймағында орнасқан Кереку жері мен елі Оңтүстік халқынан шекара аймақты бірге дамытуды қалайды. Осы өлкенің халқының саны атрып, экономкалық әлеуті артып,  көркейіп гүлденуіне осы көшпен барған халықтың үлесі зор болмақ. Қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі көптеген аудандар мен ауылдардың аты қазақшаланып келеді. Егер Солтүстікке көшіміз құйылар болса, облыстың атын да өзіне қайтармыз. Облыстың қазақшалануы сізге қарап тұрған болуы мүмкін.

IMG_4373.JPG

Алдағы уақытта аталған аудандарды таныстырған бейнебаян мен сол аудандардағы бос жұмыс орындарының тізімін сайтымызға жариялайтын боламыз.

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • ҚР Қоғамдық даму министрі көші-қон саласын дамытуға байланысты кездесу өткізді ​
    Абзал Құспан: «Бір терезе» қағидасын қандастардың құжатын қабылдауға енгізу керек