Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қытайдағы қандастар мәселесіне араласпақшы

Уақыты: 2018-11-28 Көрлімі: 2567 Сипаттама

27 қараша күні Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбаса...

IMG_4969.JPG

27 қараша күні Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков шетелден көшіп келген қандастармен кездесу өткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Отандастар» қорының жұмысын таныстырды.

Он күннен бері Түркістаннан бастап Қазақстанды аралап шеттен қоныс аударған қазақтармен және студент жастармен кездесіп жүргенін айтқан Зауытбек Тұрысбеков "Алыстағы ағайын" сериясымен деректі фильм түсіріп жатқанын айтып, жиналғандарға "Түркия қазақтары" туралы деректі фильмді көрсетті.

IMG_4953.JPG

Фильм біткеннен кейін Зауытбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығы және Отандастар қорының атқарып жатқан шаруалары мен алдағы жоспарымен бөлісті. Зауытбек Қауысбекұлы көшті жандандыру үшін қандастарды жаңа жұмыс орындарына еңбек күш ретінде әкелуді, Моңғолия  қазақтардын малымен қоса өткіздің мүмкіндіктерді қарастырып жатқандарын айтып өтті. Қараша айында Түркиядағы қандастармен кездесіп қайқан қауымдастық басшысы, келер жылдың көктемінде Қытайдағы қазақтармен жүздесіп қайтуды жоспарлап отырғанын, бұл жөнінде Қытай тарапымен байланыс орнатып жатқанын айтты. 6-7 қарашада Астанада «Қасиетті қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалін өткізгенін, желтоқсан айында Ресейде Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайын өткізетіндігін хабарлады.

IMG_4946.JPG

Кездесуге Қытай, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан, Ауғанстан қатарлы елдерден әр жылдары келген қандастар қатысты. Түркия, Ауғанстан сияқты елдерден келіп, Оралман мәртебесінің уақыты өтуіне байланысты азаматтық ала алмай жүрген қандастар да қауымдастық басшысына өз шағымдарын жеткізді. Әсірсе, бұл кездесуге Қытайдағы бауыр-туыстары қысымға ұшыраған қандастар бірінен кейін бірі сөз алып, Зауытбек Қауысбекұлына арыз-армандарын жеткізе айтты. Бірі Қытайдың саяси үйрену орталығына кіріп кеткен әкесіне, бірі күйеуіне араша сұраса, енді бірі баласының, бір ағасының, енді бірі әпке-қарындасының жағдайын айтып, көздеріне жас алды.

IMG_4976.JPG

Қытайда қиналған туыстарына араша сұраған қандастардың бәрінің шағымын соңына дейін тыңдағын Тұрысбек Қауысбекұлы, бұл мәселемен Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі айналысып жатқанын, енді қауымдастықтың да араласып, қандастардың арызын жинап қатысты министрліктерге жеткізетіндігін айтты.

IMG_4971.JPG

Қандастардың арызын жинауды қызметкерлеріне тапсырып, «әр азаматтың төңірегінде құжаттарды жинаңыздар. Оны сыртқы-ішкі мәселелр бойынша сұрыптап,  министрліктерде шешуге бар әрекет жасаймын. Себебі әкім болып істедім, министр болып істедім. Көп азаматтарды танимын. Бәріміз бірге бұл мәселелерді шешеміз», - деді Зауытбек Тұрысбеков.

IMG_4974.JPG

Сонымен бірге жиналған қандастар Дүниежүзі қазақ қауымдастығының Алматыдағы филиалының басшысы Ақбөпе Мақұлбекованың Қытайдағы қазақ мәслесі бойынша журналистерге берген пікіріне наразылықтарын білдіріп, қандастардан кешірім сұрауын, жұмыстан кетуін талап етті. Бұл жөнінде қауымдастық басшысы бұған дейін хабары болмағанын, Ақбөпе Мақұлбековамен бұл жөнінде сөйлесетіндігін білдіріп, «қызметіме көңілдеріңіз толмаса, мені де орынымнан алып тастауларыңызға болады» дегенді айтты.        

IMG_4961.JPG

IMG_4944.JPG

IMG_4978.JPG

IMG_4979.JPG

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Бекболат Тілеухан азаматтық ала алмай жүрген оралмандар мәселесін көтерді
    Азаматтық ала алмай жүрген 30 мыңнан аса қандасқа көмек қолын созсаңыздар…