Екі жылдан бері құжатсыз жүрген қандастардың паспорттары қолына тиді

Уақыты: 2019-01-15 Көрлімі: 1640 Сипаттама

15 қаңтар күні Қытайдан келген қандастарымыз Берзат Жұмағазы мен жұбайы Роза Отанбек Қы...

IMG_5281.JPG

15 қаңтар күні Қытайдан келген қандастарымыз Берзат Жұмағазы мен жұбайы Роза Отанбек Қытайдың Алматыдағы консулдығынан жаңа ҚХР төлқұжаттарын алды.

Берзат Жұмағазы мен Роза Отанбек 2007 жылы Қытайдан тарихи Отанына оралып, өткен жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында тұрған. Түрлі құжаттық мәселелеріне байланысты ҚР азаматтығына өте алмай, 2017 жылдың наруыз айында ҚХР паспорттарының уақыты өтіп кеткен.

Жаңа құжаттарын қолын алған Берзат Жұмағазы: «Ықтиярхат алған кезімде туған күнім қате жазылып кеткендіктен осы күнге дейін азаматтық  алалмадым. Тіркеу мәселесіне байланысты әйелім де азаматтықа құжаттарын өткізе алмады. Сол себепті Қытайдан алған төлқұжатымның уақыты өтіп кетті. 2017 жылдан бері құжатсыз жүрген әйелім Роза Отанбек екеуіміз бүгін жаңа паспорттарымызды қолымызға алып отырмыз. Біз өткен жылдың жазында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылына көшіп келіп қоныстандық. Осы кезде “Қайырымды қандастар” қорының басшысы Баһаргүл Табысқызы қор атынан жаңа қонысқа орналасуымыз үшін қаржылай көмек жасады. Паспорттарымызды жасату үшін тамыз айында «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы арқылы өтініштерімізді Қытай консулдығына өткіздік. Қараша айында Жебеу тағы 15 адамның өтінішмен қоса, біздің арызымызды да қайта кіргізді.  Осыдан кейін өткен аптада Консулдықтан хабарласып, паспортымыздың дайын болғанын айтты. Осы орайда бізге көмектескен Баһаргүл әпкемізге, Консулдықпен неше рет сөйлесіп жүріп, паспортымызды жасатып берген “Жебеу” Республикалық қоғамдық бірлестігіне және ҚХР-ның Алматыдағы Бас консулдық қызметкерлеріне рақмет айтамыз», - деп алғысын айтып, енді ҚР азматтығын алуға қамданатынын жеткізді.   


IMG_5284.JPG

Естеріңізде болса, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі қараша айында Қытай паспорттарының уақыты өткен 17 адамның өтінішін Қытайдың Алматыдағы консулдығына өткізген. Қазіргі ерекше жағдайға байланысты қиындыққа ұшыраған азаматтардың қиыншылығын шешу үшін консулдық қызметкерлері Қытайдағы қатысты мекемелермен ақылдаса келе шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатысты белгілемелер бойынша құжаттары толық азаматтардың паспортын ұзартып берді. Қазірге 17 адамның үшеуінің паспорттары қолына тиді. Енді қалған 13 адам құжаттарын өткізсе, консулдық олардың құжаттарын сараптап көріп, паспорттарын ұзарту жағын қарастырады. Ол адамдар қажетті құжаттарын өткізу үстінде. Тек бір адамның ғана құжаттары толық болмағандықтан паспорты ұзартылмайтын болды.

Қазіргі кезде оралман мәртебесінің уақыты өтуіне және басқа құжаттық мәселелермен ҚР азаматтығын алалмағандықтан көптеген қандастардың ҚХР Паспорттарының уақыты өтіп кеткен. «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігіне Паспортының уақыты өткен тағы 60-тан астам қандастың өтініші түскен.  Бұл кісілердің паспорттарының ұзартылуы туралы жаңалықтарды алдағы уақытта хабарлаймыз.


«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі

Jebeu.kz

 

 

 


Пікір жазу
  • Алматыда Қытайдағы қазақтар мәселесі бойынша баспасөз маслихаты өтті
    Қандастарға арналған тікелей байланыс орталығы құрылады