Азаматтық ала алмай жүрген қандасымыз «Жолда қабылдау» акциясынан көмек алды

Уақыты: 2019-05-20 Көрлімі: 1382 Сипаттама

Шығыс Қазақстан облысында екі күнде «Жолда қабылдау» акциясы өтіп, шара кезінде 950 адам...

20190520103553.jpg

Шығыс Қазақстан облысында екі күнде «Жолда қабылдау» акциясы өтіп, шара кезінде 950 адамға қызмет көрсетілген, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

 «Жолда қабылдау» акциясы барысында тұрғындардың көбі жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру, айыппұл төлеу, көлікті тіркеу сияқты мәселелер бойынша жүгінген. Облыс аумағында шетел азаматтарын тіркеу, оларды жұмысқа алу мәселесі бойынша да көптеген сауалдар түскен.

«Бұл шара халықпен кері байланыс орнатуға оңтайлы. Instagram желісі арқылы да тұрғынмдармен онлайн режімде диалог құрып, сұрақтарына жауап бердік», - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов. 

Шара барысында ұлты қазақ шетелдік азамат құжаттарын реттеуге мүмкіндік алған.

 «Жыл аяғына дейін жалғасатын оралман мәртебесін бір рет ұзарту акциясы аясында құжаттарының мерзімі өтіп кеткен қандасымыздың мәселесі оң шешімін тапты. Ол оралман мәртебесін куәландыратын құжатты дер кезінде ұзартпаған. Соның кесірінен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құжат тапсыра алмай келген. Көші-қон қызметі басқармасының мамандары бір реттік акция аясында  оған және отбасына оңтайландырылған тәртіпте азаматтық алуға мүмкіндік беретін ұсыным хат дайындады», - дейді департамент өкілі.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы құрылды
    Дүйсенбек Закибек: Райымбектерді қуанышқа бөлеген ағайынға алғыс айтамын