Қытайдағы қандасымыз M-1 Challenge турнирінде грузиялық қарсыласын нокаутқа жіберді

Уақыты: 2019-08-06 Көрлімі: 1998 Сипаттама

Қытайдағы қандасымыз Жақсыбай Шоқай WKG & M-1 Challenge 103 турнирінде грузиялық қарсыласын тех...

Sh0LuJJL8X8-702x459.jpg

Қытайдағы қандасымыз Жақсыбай Шоқай WKG & M-1 Challenge 103 турнирінде грузиялық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, – деп  Qsport.kz порталына сілтеме жасап хабарлаймыз.  

Қытайдағы қандасымыз Жақсыбай Шоқай Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен WKG & M-1 Challenge 103 турнирінде сынға түсіп, жеңіске жетті. 61 келі салмақта жұдырықтасқан қандасымыз грузиялық Бено Адамиюға қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Жақсыбай Шоқай шаршы алаңда 15 жекпе-жек өткізіп, 11 кездесуде жеңіске жеткен. Ол M-1 Global тұжырымында үш кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарын қапы қалдырған.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Түркиядағы қандастар Қазақ үйін құру жобасын қолдады
    ДҮЙСЕН ҚАСЕЙІНОВ: ТҮРКІ ӘЛЕМІН ОРТАҚ МӘДЕНИЕТ ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ