Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көптеп грант бөлуді ұсынды.
«Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық Жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі», - деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.