Мұрат Әбенов: 23 мамырдан бастап сайлауды бақылаушылардың онлайн мектебін ашамыз

Уақыты: 2019-05-20 Көрлімі: 4928 Сипаттама

20 мамыр күні Алматы қаласында «Аманат» азаматтық алаңы (платформасы) мен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруында 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР президентін сайлау үдерісіне байланысты дөңгелек үстел өтті. Жиналысқа белгілі қоғам қайраткерлеры мен зиялы...

de167eab-6b3d-4ca1-8122-452cc6999f2c.jpg

20 мамыр күні Алматы қаласында  «Аманат» азаматтық алаңы (платформасы) мен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруында 2019 жылдың 9 маусымында өтетін ҚР президентін сайлау үдерісіне байланысты дөңгелек үстел өтті. Жиналысқа белгілі қоғам қайраткерлеры мен зиялы қауым өкілдері, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері және журналистер қатысып, сайлау науханы туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«Аманат» азаматтық алаңының төрағасы Мұрат Әбенов «Әр азаматта "бүгінгі қазақ қоғамы сайлауға қаншалықты дайын? Мемлекетте сайлаудан кейін қандай өзгерістер болады" деген ой бар. Бүгін осы ойларымызды ортаға салайық, ұсыныстарымыз айтайық деп, алдағы үлкен науханның нәтижесі қандай болады деген мақсатта жиналып отырмыз» деп «Аманат» азаматтық алаңын таныстырып, ашық және әділ сайлау өтуіне байланысты пікірін білдірді.

4d307015-b828-45cf-a336-14ad190fa568.jpg

Айта кетейік, «Аманат» азаматтық алаңы (платформасы) сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған. Бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кірген. Азаматтық Платформаның концепциясы теңдік, саналы таңдау, әділдік, келісім, сенім қатарлы негізгі 5 бағыттан тұрады.

61b59f56-41a4-458f-a24d-a5c87c883081.jpg

Жиналыста тек сайлау мәселесі ғана емес, елдегі өзекті мәселелер де талқыланды. Аламаты қалалық мәслихаттың депутаты Фарида Мерхамитқызы қандастар мәселесі бойынша өзінің ұсыныстарын білдірді.

«Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жанынан «Тарихи Отанына оралған қандастарымыз мәселесі мен миграциялық саясат» туралы жұмыс тобы құрылған. Мен осы жұмыс тобының төрайымы болғанмын. Бүгін осы жұмыс тобынан Нәбижан Мұқаметханұлы, Омарәлі Әділбекұлы, Жамал Теміржанқызы және мен қатысып отырмын. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасының арқасында әлемде тарыдай шашыған 5 миллион қазақтың талайы елге келіп үлгерді. Мен өз басым 1994 жылы келдім. Осы елмен бірге еңбек етіп жатырмыз. Азаматтық алу мәселесі бойынша қандастармызға мемлекет көптеген жеңілдіктер жасады. Осы орайда әуелеі оралман деген атауды отандастар деп өзгертуді ұсынамын; Екінші, біз дүниенің әр жерінен, әртүлі мәдениетпен, әртүрлі жағдаймен келдік. Келген қандастарымызды ортаға бейімделу жұмыстары жалғасса деген ұсынысымды айтамын»,- деді Ф. Мерхамитқызы.

bbbd72fd-32d5-4863-872d-b5efa248a857.jpg

Дөңгелек үстелге қатысқан тарихшы, шығыстанушы ғалым Нәбижан Мұхаметханұлы тарихи кезеңде халықтың қандай шешім қабылдайтыны өте маңызды екенін атап өтті.

«Тұғыш президентіміз оралмандар, этникалық қазақтар мәселесі саясатын өте дұрыс қабылдаған. Соның нәтижесінде миллионға жуық қандасымыз елге оралы. Осы оралмандар Қазақстанмен бірге өсті, бірге дамыды. 28 жылда елге сіңісіп кетті. Осы қандастарымыздың да  сайлау құқы бар. Олар да елмен бірге парасатты таңдау жасайды деген ойдамыз. Олардың бәрі түңғыш президенттің оралмандар саясатына өте разы. Соның арқасында осында өсіп-өнді. Қазіргі таңда өте маңызды саяси кезеңге келіп тұрмыз. Мен екі аптаның алдында Омарәлі Әділбекұлы жетекшілік ететін Jebeu.kz сайтында «Халық парасатының сыналатын кез: сайлауда қандай таңдау жасау керек» деген мақаламды жариялағанмын.   Тарихи кезеңде халық қандай таңдау жасайтыны өте маңызды. Мемлекет басшысын таңдауда әрбір азаматтың жауапкершілігі бар. Тарих деген сабақтастықпен дамиды. Біздің тарихи сабақтастығымыз, саясаттағы сабақтастығымыз, әлеуметтік сабақтастығымыз және халық күтіп отырған көптеген жаңалықтар болуы керек. Сондықтан мен осы реткі сайлауда кандидаттардың бәрінің сайлауалды концепцияларын байқадым. «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деген Тоқаевтың ұстанымы маған ұнады. Сондықтан Елбасының саясатын, әсіресе оралмандар, шетелдегі қазақ диаспорасына қолданған саясатын жалғастырады деген үміттемін және ол жалғасуы керек деп есептеймін. Себебі ол стратегиялық маңызы бар мәселе.   Қазақстан халқы аса парасаттылықпен, келісіммен алдағы сайлау  науханына қатысады. Өзінің таңдауын жасайды деп сенемін», - деді тарихшы Н. Мұқаметханұлы.

«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, жазушы, журналист Дәурен Қуат жергілікті жерлерде азаматтар өздері сайлау үрдісіне бақылау жүргізгісі келетінін айтып, «Аманат» азаматтық алаңының төрағасы Мұрат Әбеновқа олардің ешбір платформаның мүшесі болмаса да сайлауды бақылау мүмкіндігі бар ма деген сұрағын қойды.

Дәрен Қуатқа берген жауабында Мұрат Әбенов «Біз азаматтардың платформасын құрғанымыз, бұл азаматтардың көзқарасы. Жоғарыдағы айтқан 5 бағыттың бірі бақылау. Өңірлерде белсенді азаматтар болса біздің «Аманаттың» өкілдері бар. Бірақ, біздің талапымыз бақылауда сауатты болу керек. Бақылаушы болғым келеді деп бақылау учаскесіне барғанда кейбіреуі өздері заң бұзушылық жасайды. Сол үшін біз бақылаушыларға арналған оқу-әдістемелік нұсқасын дайындадық. Қазір Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысынан басқасының бәрін аралап шықтық. Бақылу мектептерін қалыптастырдық. Сайлауға дейін 10 мың адамға бақылау тәртібін үйретеміз. Сол үйренген адамдар біздің платфоманың атынан бақылаушы бола алады. Ал басқа ұйымдар өздері адам жібереміз десе өз еріктерінде. Сонымен қатар тағы бір үлкен мәселе, біз 23 мамырдан бастап барлық бақылаушыларға интернет арқылы бақылаушылардың онлайн мектебін ашып үйретеміз» деп кез-келген ұйымның бақылаушыларын үйретуге дайын екенін және журналистерге сайлауды қалай бақылау керектігі мен сайлаушыларға өз құқыларын үйренткендерін айтып өтті.Снимок.JPG


«Менің бұны сұрап отырғаным қазір бізде де азаматтық қоғам өте белсенді болып келе жатыр. Әлеуметтік желіде контент мемлекеттік тілде қатты дамып жатыр. Биылғы сайлау барысы бұрынғылардан ерекше. Өйткені бір ғана кандидаттан басқаларының есімдері жаңа. Сондықтан азаматтардың қандайда болмасын үміті бар. Әрине сайлауға байкот жариялап жатқандар да бар. Байкот жариялаушыларға қарсы топтар да бар. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларын әлеуметтік желіде талқылап жатқандар да бар. Меніңше азаматтардың белсенділігі артып келеді. Осы белсенділікті аманат еткім келеді. Болашақ президент осы азаматтық белсенділікті сөндіріп алмаса екен, тоқтатбаса екен. Қоғаммен конструктивті байланысты ары қарай дамытып, осындай мүмкіндікті беретін болса, біздің қоғам қай жағынан болса да белсенді болады. Біз бұрын экономикалық реформаны алға қойып келдік қой. Негізі экономикалық реформа саяси реформадан басталады. Біздің барлық құқытарымызды, еңбек ету еркіндігімізді, азаттығымыздың бәрі сақталатын болса, ол ары қарай қозғалыста болады деп ойлаймыз. Кеше әлеуметтік желіде «болашақ президенткен қандай 5 аманат жүктейсіз?» деп жазып едім, ұсыныстар әлі де толастамай түсіп жатыр. Міне осыдан-ақ көруге болатын шығар, қазір біздің азаматтар оянып жатыр. Үміт, сенім артып отыр. Сол сенім ақталса екен деймін»,- деді Дәурен Қуат.

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Хиджабтың қикаясы немесе кешегі Иран қандай ел еді?
    Білімнің алтын ордасы