Бір белдеудің арғы үші

turdybek 2018-01-07 249 ℃ Қысқаша

Бір белдеудің арғы үшіҚазір еліміздің кəдуелгі ақпарат құралдарында, елде өткізіліп ж...

Бір белдеудің арғы үші

Қазір еліміздің кəдуелгі ақпарат құралдарында, елде өткізіліп жатқан халықаралық форумдарда, ғаламтор құралдарында халықаралық экономикалық ұғымға байланысты жиі ұшырасатын атаулардың бірі - “Бір белдеу, бір жол” стратегиясы. Ендеше, ол нендей стратегия жəне оның Қазақстанмен қатыстылығы қалай? “Бір белдеу, бір жол” стратегиясы Қытайдың өзінің алдыңғы 40 жылдық экономикалық жетістіктерін бекемдей отырып, жаңа халықаралық саяси, экономикалық, геосаяси жағдайларды қарастыра келе, “Сыртқа есік ашу” стратегиясын жаңа, жоғары белеске көтере дəріпетуі болып табылады. 

Бəріне белгілі, Қытай экономикасы өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап халықаралық біршама тұрақты жағдайды пайдаланып, ұшқан құстай дамады. Нəтижесінде, “Реформа жасап, есікті айқара ашу” саясатын (1978 ж.) ұстанғаннан кейіңгі 30 жылда ІЖӨ бойынша Жапониядан озып (2010 ж.), Жер шарындағы екінші ірі экономикалық алыпқа айналды (2016 ж. 11.6 трлн АҚШ доллары). Экспорт көлемі бойынша Германияны басып озып (2010 ж.), дүниедегі ең ірі экспорттаушы ел болып табылды. 2013 жылы экспор-импортты қоса есептегендегі тұтас сауда айналымы (4.16 трлн АҚШ доллары) АҚШ-тан асып əлемдегі №1 экспорт-импорт державасына айналды. Осынша жетістік, мұншама экономикалық қуат Қытайды жаңа көкжиекке көз тастатты. Өз тұжырымдары бойынша Маодан бастап үшінші буын саналатын Си Цзиньпин басшылық орынға жайғаса сала халықы бардам, елі бақуатты, қайта түлеген Қытайды елестететін “Қытай арманын” ортаға қойды.

Бірақ, Қытайдың халықаралық саяси аренадағы салмағы, халықаралық мəселелрге ықпал ету тетігі, “əлемдік əңгімелерді” шешудегі сөз өтімділігі оның осы қуатымен мүлде сəйекеспейтін жағдайда болды. Енді Қытай əлемдік қауымдастықтан өзінің эконмикалық əлеуетіне сай келетіндей “сөз ұстауын” талап етті. Əрине, экономикалық ауқымы əлі бірінші орында тұрған (2016 ж. 16 трлн), халықаралық экономиканың ережелерін бекітіп үйренген, əлемдік мəселелерде шешуде құрығы ұзын АҚШ мұндай бəсекелестің күшейуін қаламйды да, оған шамасынша жол бермейді. Керісінше, “Тынық мұхит жағалауы халықаралық ынтымақтастық шарты” TPP жəне “Мұзды мұхит жағалауы сауда-инвестициялық ынтымақтастығы шарты” TTIP сияқтыларды ұйымдастырып Қытайдың əлемдік аренада беделге ие болып кетуіне кедергі жасап бақты. Осындай жағдайда Қытай бүтін Азия мен Еуропа құрлығын, Африканы қамтитын алып ынтымақтастық алаңын жасауды шешті. Сонымен, тарихи Жібек жолын қайта жаңғыртып, “Жібек жолы экономикалық белдеуін” құру мен “Теңіздегі Жібек жолын қайта көтеруге” шақырған стратегиялық бастама өмірге келді. Осы бастама қысқаша “Бір белдеу, бір жол” стратегиясы деген атпен мəлім болды. “Ұрыста тұрыс жоқ” дегендей Қытай осы стратегияны жіті іске асыра бастады. 2015 жылы 50 млрд АҚШ долларын шығарып, Азия инфрақұрылым инвестициялық банкін, 2015 жылы 40 млрд АҚШ долларын шығарып, Жібек жолы қорын құрып, “Бір белдеу, бір жол” стратегиясын қаржылық қолдауды қолға алды. 2017 жылы Азия инфрақұрылым банкіне тағы 10 млрд АҚШ долларын құятынын мəлімдеді. 2006 жылы құрылған BRICS ұйымын табаныды қолдап келеді.

Қытай арманының ортаға салынуы мен адалануы дүние экономикасының аумалы-төкеплі жағдайға тап болып, Қытай экономикасының соның əсерінен жəне өз ішкі құрылымдық себептермен өсімін жоғалтып, арыны бəсеңдеген мезгілге дөп келді. 2009 жылғы Оңтүстік Шығыс Азия қыржылық дағдарысынан кейін əлем экономикасы оңалған жоқ. Ол жолғы дағдарыстан, əлемдік қаржы нарығына қатыстылығының төмендігінен жəне ішкі сұранысының ауқымдлыығынан аман өткен “əлем фабрикасы” əлемдік сұраныстың азаюынан өндіріс қуатының артып қалуына тап келді. Салдарынан, экспортқа иек сүйеген зауыт-фабрикалар жабылды немесе өндірісін азайтты, экспорт көлемі азайды. Ішкі сұранысты қоздыру арқылы өндірісті сақтап қалғысы келген ұмтылыс өндіріс қуатының одан сайын асып қалуына ұрындырды. Енді, осы асып қалған өндіріс қуатын сыртқа көшіруге тура келді.

Ұзақ жылдар жолға қойылған “Жоспарлы туыт” саясатының себебінен бір отбасында бір бала болып дүниеге келген ерке-тотайлар зауыт-фабрикалар мен жұмыс алаңдарында еңбектенуді қаламағандықтан, Қытайда нақтылы жұмыс күші азайып кеткен. Еңбекақы жаппай көтеріліп, өнімнің өзіндік құны айтарлықтай артқан. Бұрындары еңбек күшінің арзандығына қызығып келген шетел инвесторлары өндірістерін еңбек күші анағұрлы арзан ШОА елдеріне жөткей бастады. Қытайдың да еңбек күші қамтымалы өндірістерін шетелдерге шығаруына тура келді.

Қытай экономикалық ғажабына тамсанған жұрт оның экологиялық тепе-теңдікті аяусыз бүлдірумен іске асқанынан бейхабар да. Қытайдың сыртқа есік ашуы оның шығыс теңіз жағалауын сыртқа ашуынан басталды. Сондықтан, оның шығыс өңірлерінің экспорттық əлеуеті мен экономикалық жалпы қуаты айтарлықтай көтерілді де, батыс өңірлері тұйық күйде қалды жəне дамыған жоқ. Бұл елдің батысы мен шығысындағы дамудың, қаржылық əлеуеттің, халықтың тұрмыс деңгейінің алалығына алып келді. Осы теңсіздікті түзеу үшін, сыртқа есік ашу моделін жаңарту қажеттілігі туындады. Əрине, бұл үшін батыс қақпаны ашуға - Орта Азия мен құрлық арқылы Батыс еуропаға беттеуге тура келді. Демек, “Бір белдеу, бір жол” стратегиясы Қытайдың өзінің экономикалық əлеуетіне шақ əлемдік бедел мен орнын табудағы бірегей жобасы ғана емес, көз алды дөп келіп отырған реал мəселелрін шешудегі керемет ізденісі есептелелі.

dc99d2ce49472fa2b090f119c5c3eaed.jpg

Саяси элита мен дипломатиялық құжаттарда Қытайдың “Бір белдеу, бір жол” стратегиясы мен біздің “Қазақстан-2050” бағдарламамыздың ершімді үндестігі мен өзара ықпалдастығы жақсы бағаланады. Ендеше, осы стратегияның елімізге қатыстылығы қанша? Бұрынғы Жібек жолын жайлаған елдерді кəдуелгі Жібек жолды қайта жаңғыртуға шақыруды ниет еткен бұл бастаманы Қытай төрағасы Си Цзиньпинь 2013 жылы 7 қыркүйекте Назарбаев универститетінде лекция оқығанда тұңғыш рет жариялаған еді.

Осының өзінде үлкен символдық мəн бар. Қазірге қытай-қазақ қатынасы ырғақты дамып келе жатыр. Пост-кеңестік елдер ішінде саяси-экономикалық, дипломатиялық, гуманитарлық салаларда Қытаймен ең белсенді жəне өнімді байланыс жасап келе жатқан елміз. Бүгіндері біз тату көрші ғана емес, стратегиялық əрептеспіз. Бұл бір жағынан біздің көп векторлы саясатымыздың басым бағыттарының бірі саналса, Қытай үшін өз маңыздылығы бар.

Ең əуелі, Қытай өз қуаты мен сұранысы тұрғысынан бағамдағанда шикізат пен энергияға тым тапшы, оның импортына туелді ел. 2014 жылғы есеппен Қытайдың мұнай импортына жəне темір рудасына тəуелділігі 60%, табиғи газға тəуелділігі 32%. Осы жағдай оны əлемнен жанұшыра шикізат пен энергия көздерін іздеуге мəжбүрлеп отыр. Іргеде отырған əм ол мұқтаж болған байлық қайнарларына бай Қазақстан Қытай үшін таптырмас бұлақ. Демек, біз “сүйкімді күлшелі баламыз”. Ақпарат көздерінде Қытайдың біздің мұнайымыздың 20%-нан астамына қожалық ететіндігі жиі сыналады. Келешекте бұл көрсеткіш одан бетер өсуі мүмкін.

Екіншіден, жақын жылдары Қытайдың шығыс теңіздегі жағдайы мəз емес. Ондағы территориялық дауды сылтау етіп АҚШ көтеріліп келе жатқан Қытайдың Тынық мұхитқа ықпалының артуын тежегісі келеді. Əңгіме ушығып кетсе, Қытайдың теңіз жолы арқылы Еуропа мен Африкаға шығу жолы мүлде кесілмесе де, бөгетке ұшырауы мүмкін. Осындай жағдайда Қытай ерте жарықта батысқа шығатын балама жол іздеуге мұқтаж. Ол əрине Орта Азия құрлық жолы арқылы іске аспақ. Оның қақпасы - Қазақстан. Біздің Қытайға керек болатын тұсымыздың ұрымтал жері де осы. Стратегиялық мəнінен қарағанда мұның маңыздылығы алдыңғы фактордан да жоғары болуы мүмкін. Себебі, энергия мен шикізат көзі Жер шарының қай жеріен де табылуы ықтимал. Ал Азия құрлығын ешқайда көшіре алмайсың. Қазір айтылып жүрген теңізбен 40 күн жүретін жүк Лянь юньганьнан Амстердамға 14 күнде жетеді дегендер үлкен стратегияық мақсат бүркемеленген жарнама ғана.

Үшіншіден, “Бір белдеу, бір жол” аясында Қытайдың асып қалған өндіріс қуатын, еңбек күші қамтымалы өндірістерін, экологиялық жарамсыз зауыттарын сыртқа жөткеуге аса мүдделі екені айтылды. Іргесі тиіп тұрған Қазаққстан əрине бірінші болып ойға оралары табиғи. Соңғы 4-5 жыл көлемінде Қазақстанға келіп өндіріс ашқысы келетін, Қазақстанның шикізат өндіруден бас тартып, өңдеу өнеркəсібіне ден қоюды қолдайтын тиімді саясаттарын пайдаланып нактылы өнім өндіруге орай іздеп жүрген ірілі-ұсақты инвесторлар көбейіп кетті. Осылардың біршамасы өз еліндегі жарамыз қалған жабдықтар мен өндірістерін бізге əкеліп, кəдеге жаратқысы келетіндер. Сондықтан да, былтырдан бері Қытайдан Қазақстанға көшіріледі деп жүрген 51 жобаның бүге-шігесіне дейін үңілуі жайлы халық талабы өте орынды болса керек.

Бұлардан сырт “Бір белдеу, бір жол стратегиясын қамтамасыз етудің алғышарты ретінде құрылған Азия инфрақрылым банкі аты айтып тұрғандай инфрақұрылымдық жобаларға жұмыс істейді. Бұл да асып қалған өндіріс қуатын жөткеудің, сонымен қатар пайда табудың, одан да маңыздысы - қиын кезеңде қол ұшын берген жанашыр болып көрінудің таптырмас жолы. Қытайдың зерттеп отырғанындай біз де инфрақұрылымы жаңалау мен жаңғыртуды өте қажет ететін елміз. Қытайдың біздегі “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” дəлізіне, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға, түсті метал саласындағы ауықмды жобаларға аямай белсене кірісуінің сыры да осыда.

 

 Құрмет Қабылғазыұлы


Дереккөз: Жас Алаш

 


«ЕКІ ДҮНИЕДЕ ЖАЛҒЫЗЫМ – ҚАЗАҚСТАН»
Серке