ҚР Сыртқы Істер министрі Қ. Қ. Әбдірахмановқа хат

Уақыты: 2018-04-16 Көрлімі: 399 Сипаттама

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министріҚ. Қ. Әбдірахманов мырзаға Хат Құр...

1495097807_article_b_1500_.png

Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрі Қ. Қ. Әбдірахманов

111.png

Қазақстан Республикасының

Сыртқы Істер министрі

Қ. Қ. Әбдірахманов мырзаға

 

Хат

        

Құрметті Қайрат Құдайбергенұлы, бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұxтар Тілеуберді Қытайдағы қазақтар мәселесі бойынша ертең, 17 сәуірде Қытай үкіметімен келіссөзге Үрімжіге баратынын айтып өтті. Сонымен бірге вице-министр парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның Қытайдағы қазақтар мәселесі бойынша қойған сұрағына «Олар тұрақты тіркеуден шықпағанына байланысты қамалып отыр. Себебі олар тұрақты тіркеуден шықпағандықтан қосымша әлеуметтік төлемдерді алып отырған. Сол себепті жергілікті билік бұған тыйым салып отыр. Осындай мәселелер туындап отыр. Сондықтан біз жеңілдіктер жасағанда оны жан-жақты қарап, сол елдегі талаптарға қайшы келмейтіндей жасауымыз керек. Бұл мәселе бойынша Қытай үкіметімен келіссөз өткізіп жатырмыз», - деп жауап берді.

Қытай үкіметімен келіссөздер өткізіп жатқан, ертең солармен бірге Қытайдағы қазақ мәселесін Қытайдың құзырлы мекемесінің алдына қоятын вице-министр әлден-ақ Қытайдағы әріптестерінің ырқына жығылайын деген екен. Өйткені, қазіргі Қытайдағы қазақтар мәселесі  тек қандастарымыздың тұрақты тіркеуден шықпағандығынан туып отырған жоқ. Бұл тек министрдің жалпы жағдайды толық зерттеп, мәселенің байыбына жете бойламай, Қытайлық әріптестерінің ұсынған мәліметіне сүйенгендігінен дерек береді. Егер министр осы білгені бойынша ғана Қытай еліне барып келіссөз өткізер болса, сапарынан көңіл қуантарлық нәтиже күтудің өзі қиын. Сондықтан, құрметті министрдің депутат Бекболат Тілеуханға берген жауабына келіспейтін тұстарымызды айтып, ертеңгі сапарында есіне алар мәселелерді айта кеткенді жөн көрдік.

Біріншіден, Қытайдағы қандастарымыздың бәрі елге келіп, Оралман куәлігін алғаннан кейін Қытайдың тұрақты тіркеуінен шықпағандықтан ғана қамалып отырған жоқ. Қытай қазақтарында ешқандай да қосымша әлеуметтік жеңілдіктер жоқ. Ал зейнеткерлердің зейнетақысы мен медициналық жәрдем ақысына келсек, оның да ешқандай тұрақты тіркеуге қатысы жоқ. Тіркеуден шықса да зейнетақы ала береді. Ол ҚХР заңында анық көрсетілген, Қытай азаматы қоныс аударса немесе өзге елдің азаматтығын алса да азаматтығына қарамай зейнетақысы жалғасты беріле береді. Бұл жөнінде ШҰАР жергілікті билігі Қытайдың өз заңын өзі атқармай отыр.

Екіншіден, ең әуелі Қытай билігі қандастарымыздың шетелге шығатын паспортын жинап алып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ұлы көшке үлкен тосқауыл жасап отыр. Екі жақтағы туыс-туғандар бір-бірімен қарым-қатынас жасаудан да, хабарласып тұрудан да қалып отыр. Министр мырза қандастардың құжатының жиналып алынуының екі ел арасындағы достық байланыс пен сауда-саттық барыс-келіске үлкен зиянын тигізіп отырғанын, елге оралған 300 мың қазақтың екі ел қатынасына қандай маңызды рөл ойнап отырғандығын Қытай еліндегі әріптестеріне ескертсе дейміз, ол үшін алдымен өзінің осы мәселені толыққанды түсініп алуын өтінеміз.

Үшіншіден, қазіргі кезде осы жаққа келген қандастардың бір отбасының екіге айырғандары өте көп. Қытайға туысшылап барған ағайындардың өзін  себепсіз, түрлі  сылтаулармен, соттың үкімінсіз саяси үйренуге кіргізіп, болмаса паспортын алып бермей отыр. Бұның да ешқандай тұрақты тіркеу мәселесімен  қатысы жоқ.

Төртіншіден, ондағы мешіттер жабылып, дін ұстанған азаматтар қудалауға ұшырауда.

Бесіншіден, Қазақстанда оқып жатқан ҚХР азаматы болып табылатын ұлты қазақ студенттер мен оқушыларды үстіміздегі қыстық демалыста барғанда паспорттарын жинап алып, бері қайтармай отыр.

Алтыншы, бұрын Қытай компартиясы мүшесі болған, бірақ, қазақстан азаматығын алған соң партия мүшелігінен шығуды өтінгендердің өтінішін қанағаттандырмай отыр.

Жетіншіден, Қазақстан азаматтығын алғандарды қос азамат деп түрмеге жабу фактілері бар.

Сегізінші, қандастар Қытайдың тұрақты тіркеуінен шығайын десе, түрлі сылтауламен тіркеуден шығармауы былай тұрсын, саяси үйрену орталықтарына жөнелтіп жатыр.

Тоғызыншы, 2017 жылдың соңы мен 2018 жылдың басында азаматтық алған қандастарымыздың бұрынғы қытай паспорты мен қытайдың азаматтық куәлігін Қытай елшілігі мен консулдығы қабылдап алмай, Қытайға барып тұрақты тіркеуден шығып кел деп отыр.

Бізше Қытайдағы қазақтар мен Қытайдан осында оралған қандастардың басындағы, ертең Қытай еліне барғанда сіздің орынбасарыңыз алға қоятын мәселелердің негізгілері осылар. Сондықтан, СІМ өкілдері көзі мөлдіреген барша қандастарымыздың мүддесін қорғау жолында, әлемдегі барша қазақтың сүйенері, қазақ мемлекетінің атынан, қазақ мемлекетінің президенті атынан бара жатқан соң, Қытайдағы қазақтардың мәселесін толық түсініп, ел мен елбасының үмітін ақтауыңызды, Қытайдағы әріптестеріңізге есе жібермеуіңізді өтінеміз.

 

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық

 бірлестігінің  төрағасы                                          Омарәлі Әділбекұлы

Ескерту: бұл xат Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуxан мен Сенат Депутаты Мұрат Бақтияр мырзағп да жіберілді.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Вице-министр Қытайдағы қазақтардың мәселесі бойынша Үрімжіге барады
Мұxтар Тілеуберді ШҰАӨ басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты талқылады