Бала тәрбиесі, білім саласы - жеке тұлғаның ғана емес, тұтас ұлттың, мемлекеттің болашағына тірлері хақ. Сапалы білім беру интелектуалды ұлт қалыптастырып, қоғамның бәсекеге қабылеттін артырудың алғы шарты. Бүгінде еліміздің білім беру саласында қоғамға білікті маман дайындаудың іргетасын қалап отырған бірегей мектептер аз емес. Соның бірі және көшбасшысы О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты. Оқырмандарымыз бен ауыл-ауылдардағы дарынды балаларымыз осы мектеппен тереңірек таныса түссін деп мектептің директеоры Ербол Баеков мырзамен сұхбаттасып қайтқан едік.
- Құрметті Ербол Сейітұлы, экономика, ғылым, бизнес саласына білкті мамандарды дайындаудың баспалдағы болған мектептеріңіздің құрылу тарихын айта кетсеңіз?
- 60 жылдары АҚШ-та физика-математика бағытындағы мектептер көптеп ашыла бастады. Кеңес одағында 63 жылы Новосибирскде бірінші рет ашылады. Одан кейін Москвада, Лениградта, Ереванда, Киевте ашылып жатқан кезде, сол кездегі біздің көзі ашық, көкірегі ояу академик мамематик ғалымдарымыз, оның ішінде Орынбек Жәутіков, Асан Тайманов, Төлеубай Аманов үшеуін атап өтуіме болады. Сол кісілер жан жаққа хат жазып жүріп, осы мектептің ашылуына түрткі болады. Соның нәтижесінде 1968 жылы үкіметтің алғашқы қаулысы шыққан. Сол қаулы бойынша Алматыдағы 56 мектептің базасында мектеп құрылған. Сол қаулыда жеке мектеп құру керектігі жазылып, сол кездегі білім саласында жүрген орталықтардың, ҚазҰУ-дың белді ұстаздары тартылып, бағдарламасын, оқу жоспарын жасауға, сабақ беруге шақырып, конкурстар жариялап физика, математика бейіндік пәндері бойынша оқытушы қабылдау жұмыстары жасалады. 68 жылы 8 сыныпқа алғашқы оқушыларды қабылдап, 1972 жылы 56 мектептің базасында алғашқы түлектер бітіріп шығады. Бұл бірінші түлектер физматтың бағдарламасымен оқығанымен 56 мектептің аттестатын алып шығады. Содан кейін 1972 жылдың 16 қазанында үкіметтің екінші қаулысы шығып, осы мектеп интернатымен беріледі. Сол жылы бастапқыда иттернат бітпей, балалар екінші қабатында жатып, бірінші қабатта сабақ оқыған. Алғашқыда интарнат ауылдың балалары үшін қазақ бөлімі деп жазылған. Қауылыда 300 орындық интернат деп ауыл-ауылдан қазақтың дарынды балаларын жинап оқытып отырған. Қаланың балалары орыс сыныптарын құраған. Алғашқы кезде орыс бөлімінің оқушылары көбірек болса, Тәуелсіздіктен кейін қазақ бөлімінің оқушылары көбейіп келеді. 2018 жылы алғашқы қаулы бойынша 50 жылдық болу керек, ал Республикалық физика-математика мектеп-интернаты болып, өзінің қара шаңырағына көшіп кіргеніне былтыр 45 жыл болды. Сол қаулы бойынша былтыр мектептің 45 жылдығын атап өттік.
- Қазақ бөлімінің балалары көбейді дедіңіз, сонда қазір жалпы қанша бала білім алуда? Қазақ бөліміндегі баланың саны қанша?
- Мектепте мемлекеттік тапсырыс бойынша 836 оқушы білім алуда. Ақылы бөлімде 50 оқушы, жалпы 886 баланың 17 қазақ тілді сыныпта 523 оқушы, 11 орыс тілді сыныпта 363 оқушы бар.
- Бұл 900-дей баладан бар қазаққа, тіпті бүкіл әлемге әйгілі болар талай азаматтың шығарына сенімдіміз. Қазірде билікте болсын, басқа салада болсын сіздердің түлектеріңіз көш басында дейді. Мектептеріңіздің мақтанышы болған сол ғалымдар мен мамандардан кімдерді атайсыз?
- Елге танымал біздің түлектер өте көп. Кеше ғана Бас прокурор болған Қайрат Қожамжаров, ҰҚК-ның Төрағасы Кәрім Мәсімов, Тимур Құлыбев, марқом Нұрлан Қаппаров, Қайрат Келімбетов, Ерболат Досаев, Ерлан Сағадиев қатарлы ел тізігін ұстаған азаматтар бар. Мектебіміздің 1972 жылғы түлегі академик Асқар Жұмаділдаев бастаған Қазақстанда және шетелде жүрген ғылым саласындағы түлектеріміз өте көп. Ғасыр есебінің бірі - 35 жылдан бері шеше алмай келе жатқан жапон ғалымы М.Нагатоның есебін шешкен, Америкадағы математика қоғамының сыйлығымен т.б. халықаралық сыйлықтарды жеңіп алған Уәлбай Өмірбаев сияқты Америкада, Канадада, Швейцария істеп жүрген ғылым докторларымыз бар. Тек физика, математика, ІТ саласында ғана емес медицина саласында да, басқа саладада жүрген түлектеріміз өте көп. “Яндекс” компаниясының негізін қалаған Аркадий Волож бен Илья Сегаловичты атап өтуге болады. Алдағы уақытта түлектеріміз туралы толық мәліметтер жинастырып, мектебіміздің журналына шығарып отырсақ деген ниеттеміз.
- Қазіргі таңда түлектеріңіздің таңдауы қай жоғарғы оқу орындарына түсуде?
- Мектепіміздің оқушылары жыл сайын өткізіліп отыратын Республикалық олимпиадалардан үздік нәтижелер көрсетіп отырады. Жылда Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нәтижелерінен де алдыңғы қатардан көрініп келеміз. Бізді үздік бітірген түлектеріміз Harvard, MIT, Yale, Princeton, Berkley, Oxford, Cambridge, Warwick, Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындғы КазҰУ, Сәтбаев университеті, ҚБТУ, ММУ сияқты әлемдік және отандық жоғарғы оқу орындарының студенті аталуда.
- 2014 жылдан бері жыл сайын Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізіп келеді екенсіздер. Бұл олимпиядаға қай елдерден оқушылар қатысады? Шетелдегі қандай мектептермен тығыз қарым қатынастасыздар?
- Бізде физмат мектебі ашылмай тұрғанда ғалымдарымыз шағын ғылым академиясы дегенді құрып, хабарлама шығарып талантты, дарынды балаларды жинап, сұрыптап НГУ-дың базасындағы Новосибирскдегі физмат мектепке жіберіп отырған. Біздің Қазақстанның ұлдары мен қыздары Новосибирскден бітіріп жатқан. Қазірдің өзінде сол мектеп біздің 10,11 сынып оқушыларын қызығушылықпен алады. Қазір біздің мектепте сол жаққа барып оқып келіп қызмет істеп жатқандар бар. Дәл сондай МГУ-дың базасындағы мектеп бар. Сол мектеппен де байланысымыз тығыз. Олар бір олимпияда, конференция өткізіп жатса біз барамыз, біз өткізсек олар келдеі. Осы үш мектеп өте тығыз байланыстамыз. Дәл сондай мектеп Белоруссияда бар, 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан Математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың Халықаралық Жәутіков олимпиадасына да олардың командалары келеді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ауқымы жылдан жылға кеңейіп келе жатыр. Былтыр 401 бала келсе, биыл 482 бала Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Болгария, Румыния, Сербия, Түркия, Иран және Индонезия елдерінен келді. Сонымен қатар, Ираннан келген команда Халықаралық Жәутіков олимпиадасына алғаш рет қатысты. Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ерекшелігі олимпиаданың қорытындылары бойынша тек жеке рейтинг ғана емес, сондай-ақ ең күшті мамандандырылған мектептердің рейтингі шығарылады. Қазақстанның атынан ұсынылған 22 команданың ішінде біздің мектептің бірінші командасы ең жоғарғы нәтиже көрсетіп, мектеп командаларының рейтингісінде құрмет грамотасын алды. Бір жылдары 18 елден келіп қатысқан кездер де болған. Осы олимпияда арқылы қай жерде математика мен физиканың жақсы дамығанын анықтауға болады.
- Мектептеріңізге дарынды балаларды қабылдау тәртібі қалай?
- Қазақ және орыс бөлімдеріне математика мен физикаға қабілеті бар 8, 9 және 10 сыныптардың оқушыларын жазғы демалыс кезінде қабылдау жүзеге асырылады. Қабылдау байқау негізінде жүргізіледі. Қабылдау ережелеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық оқушылар олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері сұхбаттасудан кейін байқаудан тыс қабылданады. Байқаудан іріктеуде соңғы кезде матаматика мен физикаға заман талабына сай ағылшын тілін қостық. Бірақ, негізгі басымдылық матаматика мен физикаға беріледі. Матматика мен физиканы түсініп тұрған балаға, «сен ағылшын тілін білмейді екенсің» деп қалдырып тастау обал болады. Ағылшын тілін өзіміз үйретіп аламыз. Ертең ол баланың Уалбай, Асқар ағаларымыз сияқты ғалым болмасына, шетелдің университетерінде дәріс бермесіне, Нобель сыйлығын алатын бірінші қазақ болмасына кім кепілдік береді? Ағылшын тілін барылық адам қай кезде болса да үйреніп алуына болады. Ал физика, матаматика пәндерін мектеп қабырғасында игергені маңгілікке қалады. Жасы өтіп кеткенсоң оны апарып ешкімге үйрете алмайсың.
- Мектептерізге шетелдегі қазақ балалары келіп еш кедергісіз түсе алады ма?
- Кез келген Қазақстан азаматы мен барлық шетелде тұратын қазақ баласы келіп қатыса береді. Оның бәрі заңда көрсетілген, қабылдау ережелерінде де бар. Келіп мектептің сайтында көрсетілген (http://almaty.fizmat.kz/kz/postupayushhim) құжаттарды жинап, байқауға қатысады. Біздің мектепте Моңғолиядан, Өзбекстаннан, Қытайдан келіп оқып жатқан қандастарымыз көп. Басым бөлігі интернатта тұрады. Шетелден келген қандастардың ағылшын тілі мен физика, математикасы жақсы. Осында орыс тілін үйреніп, қазақ тілін жетілдіріп шығып жатыр.
- Оқу бағдарламаларыңызда қандай жаңалықтар бар?
- Былтыр мектепке жаңа оқу бағдарламасын жасап, министрлікке бекіттірдік. Экспермент рентінде биыл сонымен жұмыс істеп жатырмыз. Физика, математика бәріне тереңдетіп оқытылады. Жаңа бағдарлама бойынша биылдан бастап информатикадан бөлек «Бағдарламалау» деген жаңа сабақ қостық. Ол да бейіндік пән. Заман талабына сай қосып отырмыз. Сонымен бірге эксперименталды физика, эксперименталды биология, эксперименталды химия деген пәндерді қосып отырмыз. Мысалы, химия-биология бағытында барам, медицина саласына барам деген оқушыларымыз бар, біз анализ жасап қарап отырмыз, жылда 15, 20 түлегіміз медицина саласына кетеді. 10, 15 пайыз түлегіміз медицина саласына кетіп жатқанда бір сынып ашып химия, биология пәнін тереңдетіп оқытқанды да жөн көрдік. Биылғы жылдан бастап ұжымның орташа жасы 38, 39. Зейнеткерлер онша көп емес, арасында тәжірибелі зейнеткерлер де бар. Жастар да көп. Биыл 15, 16 адам жаңадан алдық. Бәрі конкурспен келді. Жасытардың көбі, жасы үлкендер де ағылшын тілін біледі. 10, 11 сыныптарда физиканы, биологияны, бағдарламалауды ағылшын тілінде өткіземіз. Бұл дегеніңіз сабақ бастан аяқ ағылшын тілінде өтеді деген емес, негізгі бағдарлама оқыту тілінде беріледі. Балардың да деңгейі жақсы. Балаларға бір жағынан практика, физика өте отырып ағылшын тілін үйретеміз.
- Ұстаздарды іріктеу мен біліктілігін арттыру жұмыстары қалай жүруде?
- Бізде оқытушылар бос орынға конкурс арқылы келеді. Ішіміздегі мұғалімдерді іріктеуден өткізіп отырамыз. Бұдан сырт бейіндік пәндерден мұғалімдер арасында шығармашылық байқаулар өткіземіз. Осы байқаулар арқылы мұғалімнің деңгейін анықтаймыз. Сонымен бірге, оқытушыларды ел іші-сыртында өтетін түрлі семинарларға жіберіп тұрамыз. Мысалы, өткен жылы қараша айында 4 оқытушымыз Америкаға STEM курсынан бір апталық оқу семинарға барып келді.
- Білім беруде бағдарлама мен оқытушылар құрамымен бірге материялдық база да маңызды. Заман талабына сай материялдық базамен қамтамсыздандырылып отырсыздар ма?
- Матеиялдық база жоқ деп айталмаймын. Бірақ материялдық базаны жақсартса тіпті жақсы болар еді. Көптен бері материялдық базаны ұлғайтуға, жақсартуға қаржы берілген жоқ. Мына ғимаратымыз 1972 жылғы. Артында бос оырн тұрған. Сол жерге тағы бір ғимарат саламыз, жеке спорт зал, мәжіліс залы, үлкен асхана саламыз деген жоспар болған. Оған үкімет тарапынан ақша бөлінді. Жобалау жұмыстары бітті. Мемлекеттік экспертизадан өтіп, жақында ғана тендір өтті. Бізде қазір екі акционер бар. 50 пайыз Білім және ғылым министрлігі, 50 пайыз Назарбаев Зияткерлік мектептерінде. Тендерді Назарбаев Зияткерлік мектептері өткізіп жатыр. Олар соңғы жылдары жаңа үлгідегі жаңа 20 мектеп салды. Олардың құрлыс жүргізу жағынан тажірибесі бар болғандықтан ақша сол жаққа бөлінді. Сондықтан оларға бір мектеп салып беру қиынға соқпайды. Жақында хабарласты тендерді ұтып алған компания белгілі болыпты, енді жұмысты бастайды. Ғимарат басталса бұл жаққа жаңа технологиядағы кабинеттер келеді. Бір қабат толық физика сыныбы болады, бүкіл зертханасымен қазіргі Германиялық үлгідегі Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі аспатармен, әр қабат толық химия, биология, нанотехнология, биотехнология кабинеттері зетханаларымен болады. Сосын бір қабат толығымен информатика, бағдарламалау пәндері үшін компютерлік сыныптар болады. Тіл кабинеттері болады. Бізде қандастар көп дедім ғой. Қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін үйренем деген балаға тіл кабинеттері толық жабдықталады. Шынын айтқанда сол ғимаратта оқу және оқыту әрбір адамның арманы. Сол арманға жетіп түлектеріміздің арасынан әлемді таңғалдырар небір ғалымдар шығады деген ойдамыз.
- Біз де әр қазақ баласының арманы осында оқу болып, түлектеріңіздің арасынан Нобель сыйлығының иегерлері шықсын деп тілейміз. Сұхбаттасханыңызға рақмет!
- Сіздерге де рамқет!
Сұхбаттасқан: Тұрдыбек Құрметхан
Jebeu.kz