Ән салса Әсеттей салған Сәулежан

turdybek 2017-12-29 244 ℃ Қысқаша

Ән салса Әсеттей салған СәулежанҚазақ даласында ұлттың тарихы мен болмысына сай өзінд...

Ән салса Әсеттей салған Сәулежан

1THMnHG8Tr4.jpg

Қазақ даласында ұлттың тарихы мен болмысына сай өзіндік мәдениеттері қалыптасы. Соның бірі ғасырдан ғасырға түлеп жетіп, кемелденіп, ұлттың ұлы мұраларының біріне айналған дәстүрлі ән өнеріміз. Дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты Арқа, Батыс, Сыр және Жетісу деп бірнеше мектеп қалыптасты.

A5qV9-2UU_I.jpg

Салтанатты сән құрып, әуелетіп ән салған 19 ғасырда қазақ даласында сал-серілік құрған Арқа ән мектебінің өкілдері дәстүрлі өнеріміздің өз биігіне жеткізіп тастағандай. Дәстүрлі өнерімізді Біржан сал мен Ақан серілерден кейін Үкілі Ыбырай, Мәди Бәпиұлы, Балуан Шолақ, Жәяу Муса, Әсет Найманбайұлы қатарлы әншілеріміз 20 ғасырға  жеткізіп, ұрпаққа мұраларын аманат етіп кетті. Одан дәстүрлі ән өнерімізді сақтап қалған Жүсіпбек Елбеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Мәдениет Ешекеев, Қайрат Байбосыновтар шықса, бүгінгі таңда дәстүрімізді дәріптеп, өздері ғана емес артына шәкірттер тәрбиелеп жүрген Ерлан Төлеутай, Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов,  Еркін Шүкіман, Ерлан Рысқалиев қатарлы азаматтарды атауға болады.

CZkbQO9GR4E.jpg

Бұл күнде екінің бірі қолына домбырасын алып, әуелетіп дәрстүлі ән салып жүрмегенімен жаһандану заманында дәстүрлі өнеріміз көштен қалмасы анық. Өйткені, дәстүрлі ән әлемінде саны аз болса да еңбек етіп жүрген  жастарымыздың талабы үлкен үміт сыйлайды. Оны биылғы өткен  «Мен Қазақпын» халқаралық мега жобасының қатысушыларына қарап білуге болады. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен жобаға 14 облыс, 2 қала 3 мемлкеттен 3 мыңнан астам үміткер бақ сынап, 60 өнерпаз жобаға жолдама алады. Енді осы 60 қатысушының ішінен дәстүрлі ән бойынша суырылып алдыға шығып, финалда бақ сынаған жеңімпаздың бірі Сәулежан Тақзия туралы аз кем сөз қозғамақшымыз.

BqVtvHrjQt8.jpg

Кең диапазонға құрылған Арқа ән мектебінің өкілдері Біржан сал, ақан сері, Әсет Найманбаевтардың әндерін орындап жүрген, Сәулежан Тақзияұлы 1985 жылы Әппақ Майтабан қызы ән салып , Әсет сауық-сайран құрған Қокқамыр жайлауында дүниеге келген. Жастайынан қолына домбырасын ұстап Манарбек Ержанов, Байғабыл Жылқыбаев, Қали Байжанов, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Мәдениет Ешекеев, Қайрат Байболсын, Санақ Әбеуов, Тұрсынғазы Рахимов, Жоламан Құжиманов, Бекболат Тілеухан, Рамазан Стамғазиев, Толғанбай Сембаев сияқты аға буын өкілдерінің орындаған әндерін радио, аудио- видео дискілер арқылы тыңдап, бойына сіңіріп, жайлауда ән салып өскен Сәулежан  орта мектепке келгенде музыка пәні мұғалімі Ердос Есімжан атты азаматтан сабақ алып, өнерін жетілдіріп, мереке-мейрамда аудан саханасында өнер көрсетіп жүреді. 2008 ҚХР Іле Педагогикалық институты музыка факультетіне «Классикалық вокал» бойынша халық әнінің қаймағын бұзбай айтатын жоғарғы дауысты әнші Ерғали Заханұлына шәкірт болады. 

52doE9n8NVY.jpg

Инстиут қабырғасында жүрген 4 жылда Сәулежан ұстазынан классикалық әндерден терең білім алумен бірге, бірнеше байқауларға қатысып жүлделі орындардан көрінеді. Атап айтар болсам, 2010 жылы қыркүйек айында мемлекет оқу ағарту министрлігінің Пекиндегі ірі мінбесінде «Жоғарғы дәрежелі орындаушы» сыйлығымен марапатталған. 2012 жылы министрліктің Хаңжоу қаласында өткізілген «III Бүкіл мемлекеттік студенттер көркем өнер байқауында» II орын иеленген. 2013 жылы ақпан айында «IX Шыңжаң жас әншілерінің фестивалінде» I орын иеленген.

nTrJU0QMnJ4.jpg

2013 жылы Сәулежан тарихи отанына оралып, дәстүрлі әнде орны бөлек, ҚР еңбек сіңірген қайтаткері Еркін Шүкіманға шәкірт болып, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ Ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті Халық әні кафедрасының «Арқа ән мектебі» бойынша магистратурада білім алады. Консерватория қабырғасында Айгүл Қосанова,  Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Нұжан Жанпейісов, Тілеулес Құрманғалиев,  Эльза Қарабалина сынды дәстүрлі әнші, ұзтаздарды үлгі тұтып, сын пікірлерін тыңдап шығармашылығын шыңдай түседі. Сәулежанның осындай әнші болып қалыптасуына ұстарзы Еркін Шүкіманның үлесі зор. Сәулежан өзі де «Ұстазым Еркін Шүкіман бойындағының бәрін берді" деп дәйім алғысын білдіріп отырады.

 dr1Ev-bqS34.jpg

Осы жылдарда Сәулежан 2014 жылы Қазақстан Республикасы Атырау қаласында өткізілген Ілия Жақанов әндерін орындаушылардың «Еділ мен Жайық» атты I Халықаралық фестивалінде II орынға ие болып, лауреат атанған. 2014 жылы Тараз қаласында өткізілген II Халықаралық «Қаратау сарыны» фестиваліне қатысып, «Жоғары дәрежелі өнер көрсеткені үшін» дипломымен марапатталған. 2104 жылы КҮМІС КӨМЕЙ ЖЕЗТАҢДАЙ III қалалық дәстүрлі ән орындаушылардың байқауы, домбырамен ән айту БАС ЖҮЛДЕ иеленген.  2016 жылы 18 ақпан әнші, актер, ұстаз, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, Тұрсынғазы Рахимовтың 1-РЕСПУБЛИКАЛЫК «ҚАЗАҒЫМ-АЙ» атты ән фестиваліне қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. 2016 жылы 7 қазан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өткен Халықаралық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған «Алматы- тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты конкурусында БАС ЖҮЛДЕ иеленген.

v3Limu9CIt8.jpg

Магистратураны бітіргеннен кейн Сәулежан Тақзия 2016 жылдың 10 қазаннан бастап Мәдениет және архивтер басқармасының «АЛАТАУ» дәстүрлі өнер театрінің алғашықы әншілерінің бірі болып қабылданады. «Алатау» театрында Әсет Найманбаевтың 150 жылдығына орай «Ән салсаң Әсетей сал» атты музыкалық қойылым болады. Қойылымда Әсеттің ролына театр басшылығының таңдауы бірден Сәулежанға түсіп, ролды сеніп тапсырады. 5,6 ай дайындықтан кейін  3 бөлімнен тұратын бір жарым сағаттық қойылымда Әсеттің айтыстарын, әндерін, жыр-дастандарын жеріне жеткізе айтып, саханада көрерменнің зор ықыласына бөленіп, Әсетті аброймен орындап шығады.

wl7ByFJGOy0.jpg

Сәулежан кең диапазонды Арқаның асқақ әндерін орындап жүріп бір топ зиялы қауым өкілдеріне де танылып, жақсы бағаларын алған әнші. Сонымен бірге, жоғарыда айтқандай бірнеше байқаулардың жеңімпазы. Ал «Мен Қазақпын» жобасы Сәулежанды бұрынғыдан да танымал ете түсті. Музыка зерттеушісі Жарқын Шәкарым тәлімгері болып, ақылын да өзіндік бағасында беріп отырды. Сонымен бірге байқауда халықтың қолдауына, қазылардың мақтауына себепкер болған Сәулежанның арқа әндерін өз бойына толықтай сіңіре алғаны болса керек.

pBd3SOEs_MY.jpg

Сәулежан Тақзияның жеткен шыңы осылармен тоқталып қалмайды. Ұлттың мұрасын жалғаушы, дәріптеуші азаматтың мұраты асқақ. Қара домбырасын қолға алып, қазақ даласын Біржан сал, Ақан сері, Әсеттерше әнге бөлей бермек.

Y9iQ6pifMBc.jpg

Тұрдыбек Құрметхан

             Jebeu.kz

Алмасбек Тұрдыбек: «Бір ара 1 теңге тұрады»
«ЕКІ ДҮНИЕДЕ ЖАЛҒЫЗЫМ – ҚАЗАҚСТАН»