Қытай азаматы болып табылатын студент қандастарымызға кеңес

Уақыты: 2017-12-28 Көрлімі: 1120 Сипаттама

Құрметті барша студенттер, сіздерді ағымдағы оқу семестрін сәтті бітіріп......

Қытай азаматы болып табылатын студент қандастарымызға кеңес

20170708154123257_big.jpg

Құрметті барша студенттер, сіздерді ағымдағы оқу семестрін сәтті бітіріп, қыстық демалысқа шығуларыларыңызбен құттықтаймыз! Осы орайда, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қытай халық республикасынан келіп еліміздің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан жастарға азада болса кеңесімізді бере кеткенді жөн көрдік.

Қазіргі таңда ҚХР-да болып жатқан саяси жағдайды айтып отырмасақ та, өздеріңізге белгілі. Сол себепті осы реткі қыстық демалыстарыңызды Қазақстанның ішінде өткізуге кеңес береміз. ҚХР-ға өтер болсаңыз, қайта келуіңіз қиынға соғып кетуі мүмкін. Жеңілірек айтар болсақ, ҚХР-ға барғаннан кейін осы жаққа қайта өту үшін сізге жергілікті орыннан рухсат қағазын алуыңызға тура келеді. Қазіргі кезде ол қағазды алудың өзі ұзақ уақыт алатын сияқты. Ол қағазды алып үлгіргенше сабағыңыз басталып кетуі әбден мүмкін. Бұдан да күрделісі ары өткеннен кейін түрлі тексерулерде телефондарыңыздан ҚХР тиым салған бағдарламалар( Whats app, Facebook, vk сияқты әлеуметтік желілер) мен  түрлі аудио, видео құжаттар табылып жатса ұзақ уақыттық үйренулерге кетіп қалуларыңыз мүмкін. Сондықтан, «сақтансаң сақтайды» дегендей өз қауыпсіздікіңіз үшін демалысты Қазақ елінде өткізулеріңізге кеңес береміз.

Әрине, ол жақтағы бауыр-туыс, ата-аналарыңызды сағынғандарыңызды білеміз. Ал, ата-аналарыңыз үшін сіздердің бас амандықтарыңыз маңызды. Ол жақтағы қазіргі жағдай әлі де өзгереріне,  ата-аналарыңызға қалаған кезде барып-қайтатын күндеріңіздің алыс емес екеніне сенімдіміз. Қарға тамырлы қазақпыз. Екі апталық демалыс осы жақтағы туыс-туған, құда-жұраттарға қонаққа барып-ақ өтіп кетеді. Тіпті, ешқандай танысыңыз болмаса, әр қаладағы белсенді азаматтар сіздерді үйлеріне шақырып, демалыстарыңызды бірге  өткізуге шақырып отыр.

Құрметті қандас студенттер, бұл демалыстарыңыз амандықта көңілді өтіп, көктемгі семестрді жақсы бастауларыңызды тілейміз. Жақсы білім алып, Қазақ елінің азаматы болып, біздің қоғамға ең керекті керпіштерден болыңыздар. Екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасқа, экономикалық байланысқа алтын көпір боласыздар.

Jebeu.kz

文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Қытайға бармақшы ҚР азаматтарының назарына
Зардыхан Қинаятұлының кітабі сатылады