Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арнайы мәлімдеме жасады (видео)
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасады.
"Қымбатты отандастар! Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050- ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды", - деп ертең, 10 қаңтарда Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы жарияланатаныны жеткізіді.
Биылғы жолдау турал "Ол төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еліміздің дамуына арналады", - деді президент Нұрсұтан Назарбаев Назарбаев.
Сонымен бірге мәлімдемесінде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атаған президент: «Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты. Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін!», — дедеі.
Jebeu.kz