Елімізде зейнет жасына жетпей жатып та зейнеткерлікке шығуға болады. Ертерек зейнетккерлікке шығудың жолдары мен шарттарын КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлаймыз.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Аймақтық даму және клиенттер қызметінің басшысы Асхат Мұқамедов зейнеткерлікке ертерек шығудың жолдарын түсіндіріп берді.
"Бүгінде елімізде зейнет жасына жетпеген адамдар да зейнеткерлікке шығуына болады. Яғни зейнетақы қорында жиналған ақшаны пайдалана алады. Ол үшін азаматтар сақтандыру компаниясымен шарт жасасуы керек", - дейді Асхат Мұқамедов.
Оның айтуынша Қазақстан азаматтары зейнетақыларын үш жағдайда мерзімінен бұрын шешіп ала алады:
1. Сақтандыру компаниясы арқылы жиналған зейнетақы қоры өз деңгейіне жеткенде. Сақтандыру компаниясына ақша жинап зейнетке шығудың екі шарты бар. Ер азаматтар 55 жастан асқан және зейнетақы жинақ қоры 9 636 000 теңгеге жеткен болуы керек. Ал әйелдер жасы 50-ден жоғары және жинақталған сомасы 13 746 000 теңгеден кем болмауы тиіс.
2. Азаматтың түпкілікті қоныс аударуына байланысты.
3. Азаматтың қайтыс болуына байланысты оның мұрагерлері жинақталған зейнетақысын ала алады.
Айта кетейік 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері 33 745 теңге болып бекітілген.
Jebeu.kz