Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан"партиясының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Уақыты: 2018-02-01 Көрлімі: 218 Сипаттама

Бүгін "Нұр Отан" партиясының Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед қызме...

IMG_6699.jpg

Бүгін "Нұр Отан" партиясының Төрағасының  бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед қызметінен босатылып, орнына Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев тағайындалды. Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды. Бұл туралы Ақорданың "Фейсбуктегі" ресми парақшасында жариаланды.

мм.jpg

Мемлекет басшысы  «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында: "Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалуына байланысты партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылады. Осы жауапты қызметтегі үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Осыған орай партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мәулен Әшімбаевты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол бес жылдан астам Парламент Мәжілісінің депутаты болып, комитет басқарды. Мен оның партия мәртебесі мен рөлін арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін", – деп Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды.

4188f676917c324b7f49c0a141eead5d.jpg

"Нұр Отан" партиясының Төрағасының жаңа  бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев осыған дейін Парламент Мәжілісінің "Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетін" басқарып келген. Ал 2012-2016 жыл аралағында Мәжілістің V-шақырылымында депутат болды. 2016 жылы VI-шақырылым депутаты болып қайта сайланды.

ааа.jpg

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев – 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда өмірге келген. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген,  Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2001 жыл),  «Құрмет» орденімен марапатталған.

Еңбек жолы:

1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдарыҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдарыҚазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдарыҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012 жылдан бүгінге дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Депутат Кәрібай Мұсырманнан жауап хат келді
Қанат Ислам «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық жүлдесіне ие болды