Депутат Кәрібай Мұсырманнан жауап хат келді

Уақыты: 2018-01-23 Көрлімі: 310 Сипаттама

"Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғаннан бері көші-қон мәселесі күн тәрті...

db9b999ae897e78827042877c17e0191.jpg

"Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғаннан бері көші-қон саласының кемелденуіне атсалысып келеді. Ел ішінде ғана емес, ел сыртында да жүйесін тауып, дәлел-дәйекпен көтерді. Баспасөзде ғана емес, Парламент қабырғасында, қоғамдық ұйымдардың келелі жиындарында көші-қон туралы өз ұсынысын білдіріп жүр.  Бірлестіктің көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстары бұдан бұрынғы парламенттің жұмыс топтарында депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, көші-қон мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілген болатын. Қазіргі парламенттің қарауындағы заң жобасы бойынша осы айдың басында  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Депутаты Кәрібай Мұсырманға ұсыныс хат жолдағанбыз.  Бүгін Кәрібай Мұсырман мырзадан сол хатымызға жауап келді. 


Хатта Кәрібай Мұсырман өз атына келіп түскен хатпен танысып шыққанын, біздің ұсыныстарымыздың Қазақстан Республикасының  Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіндегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне xалықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының   заң жобасы аясында қарастырылу үстінде екенін хабарлаған.

хат.jpg

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұсыныс хатында Кәрібай Мұсырманның бастамаларына қолдау білдіріп, "Оралман" деген әбден жауыр болып, сүйкімі кеткен, ебедейсіз, жасанды атаудың да өзгеретін уақыты жетті деп есептеп, құнарлы, әуезді, бай қазақ тілімізде "бауырлас, қандас, ағайын, алаш" деген сияқты сөзге жеңіл, жүрекке жылы тиетін кез- келген атауды елге оралған қандастарымызға арнайы мәртебе ретінде сыйласа деген ұсыныс айтылған. 

 

Jebeu.kz

 


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Шаxло Аxророва: Жыла, Отан!
Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан"партиясының бірінші орынбасары болып тағайындалды