Мұxтар Тілеуберді ШҰАӨ басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Уақыты: 2018-04-20 Көрлімі: 219 Сипаттама

17-19 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді ҚХР Шыңжа...

E1A29CD4-603F-4BA1-9DC0-4826F0057F0D.jpeg

17-19 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне іссапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі. 

Дипломат сапар барысында Қытай коммунистік партиясының Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ШҰАА партия комитетінің хатшысы Чэнь Цюаньго, ШҰАА халықтық үкіметінің басшысы Шохрат Закир, Шыңжаң партиялық комитетінің саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чжу Хайлун және аймақтың халықтық үкіметі партиялық тобының мүшесі Хуан Саньпинмен келіссөздер жүргізді. 

Қазақстандық дипломат Қытай тарапына «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асырудағы Қазақстанның рөліне тоқталып, Қазақстанның облыстары мен ШҰАӨ арасындағы аймақаралық дамудың қажеттілігін айрықша атап өтті.

 Қос тарап терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы күресу, құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайту, трансшекаралық өзендер саласындағы қарым-қатынас, экономикалық байланыстар, сонымен қатар транспорттық сала, консулдық қызмет тақырыптарын талқылады.

 Қос ел арасындағы «алтын көпір» жағдайы, Қытайдағы қазақ диаспорасы, қос азаматтықты реттеу мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

 Қытай тарапы Қазақстанмен әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді, айта кетерлігі Қазақстан ШҰАӨ Орталық Азиядағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы ірі әріптесі болып табылады.

 Қазақстандық делегация сапар барысында қытайлық іскер топтардың өкілімен кездесіп, индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастық жайын талқылады.

Дереккөз: inform.kz 


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

ҚР Сыртқы Істер министрі Қ. Қ. Әбдірахмановқа хат
«Қытай қандастар мәселесін шешуге мәжбүр болады»

Ұқсас тақырыптар