«Қытай қандастар мәселесін шешуге мәжбүр болады»

Уақыты: 2018-04-24 Көрлімі: 723 Сипаттама

Бүгін, 24 сәуір Алматы қаласында «Қытай-Қазақстан» қатынасы - қандастарымыз неліктен қу...

index3.jpg

Бүгін, 24 сәуір Алматы қаласында «Қытай-Қазақстан қатынасы - қандастарымыз неліктен қуғынға ұшырады?» деген тақырыпта қоғамдық талқы өтті. Қоғамдық талқыға жаузшы Қабдеш Жұмаділов, саясаткер Серікболсын Әбділдин, ақын Темірxан Медетбек, саясаттанушы Әзімбай Ғали, Әміржан Қосанов, Ермұрат Бапи, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы сияқты зиялы қауым өкілдері, журналистер, «Ата жұрт» ерікті жастары мен қытайда туыстары қиындық көрген ағайындар қатысып, пікірлерін білдірді. Бұл реткі қоғамдық талқыны қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай мен қоғам белсендісі Рысбек Тоқтасын бастаған азаматтар ұйымдастырып өткізген.

7.jpg

Қоғамдық талқыда баяндама жасаған Серікжан Білаш, Жұмабек Әлімхан, Рысбек Тоқтасын қатарлы азаматтар қытай үкіметінің жүргізіп отырған саясатының кесірінен зардап көрген ағайындардың мәселесін жан-жақты баяндап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған көштің тоқтап, тіпті екі ел арасындағы қазақтардың байланысы үзіліп, ағайын-туыс бір-бірімен хабарласа алмай, бір отбасының екіге бөлініп қалғанын, оқу мақсатында келген жастардың қыстық демалыста барғанда құжаттарын жинап алып, елге келе алмай, тіпті саяси үйренуге кіргені сияқты мәселерлерді баяндап өтті. Осы баяндамалардан кейін сөз алған жаузшы Қабдеш Жұмаділов пен Серікболсын Әбділдин қатарлы зиялы қауым өкілдері Қытай үкіметі Қазақстанмен стратегиялық байланыста, қазақтар мәселесін шешуде Елбасы екі ел арасында стратегиялық мүдделерді назарға алып шешуге ықпал ету керек деген пікірлерін ортаға қойды.

index.jpg

Қоғамдық талқыға туыстары Қытайда қиындық көріп жатқан бірнеше азамат өз жақындарының елге қайта алмай отырғанын айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады. Соның бірі тұтас ауылдастарының атынан келген Сыпатай Нұрсұлтан атты жігіт ағасы «Мен Сыптай Нұрсұлтанмын, Еңбекші қазақ ауданынан келдім. Біздің Бәйдібек би ауылынан Шелек ауылына дейін отбасы екіге бөлінген кем дегенде 100 жанұя бар. Біраз жігіттер ұйымдасып осы отбасылардың біразына қыстай көмектесіп шықтық. Олардың бәрі мұнда келе алмайды, кейбіреуінің туыстарының қытайда қамалып отырғанына жылдан асты. Олардың жағдайын біліп барсақ жейтінге наны, жағатынға отыны жоқ қалге түскен. Қазақтың бір ғана Отаны бар, ол -  Қазақстан, Қазақтың бір ғана президенті бар, ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан Қытайдың басшысы Си Цзиньпиңмен келіссөз өткізіп, осы қиналған Қытайдағы қазақтың мәселесін шешуін өтінемін» деп, осы өтінішін Елбасына жеткізсе деген тілегін білдірді.

4.jpg

Қытайда қалып, келе алмай отырған, саяси үйренуге кірген туыстарының, жұбайларының, әке-шешелерінің  жағдайын айтып, көзіне жас алған қандастарға сясаткер Әміржан Қосанов: «Біз мұнда бәрін көріп отырмыз, көзімізге жас алып отырмыз. Өмірде біраз нәрсані көрдім, сотты да соққыны да. Бағандан бері эфирде жылаған кішкентай қыздың шырылдаған жан-айғайын тыңдап отырып, әзер отырдым. Сіздердің де қал-жағдайларыңызды түсініп отырмын. Бірақ, бізге сөзден көрі іс керек. Неліктен осылай болып жатыр, қоғам болып не істеуіміз керек? деген екі сұраққа жауап табуымыз керек сияқты. Бұның артында бір үлкен қитұрқылық жатқан сияқты. Менің сіздерден сұрайтыным бар. Қытайды жау, дүшпан деп атамаңыздар. Қытайда 1.5миллион қандастарымыз отыр. Оларды да ойлайық. Осыдан кейін антиқытайлық бейнемізді телеарналардан көрсетіп, "міне қазақтар біздің дүшпанымыз екен" деп қандастарымызға одан ары салқынын тигізіп жүрмесін. Осында бәріміз батырмыз. Бірақ бізге мінез керек. Дипломатия деген үлкен өнер бар, оның тереңдігіне наиза бойламайды. Дипломатияның үлкен қасиеті бар, айғайлап шешетін нәрсе бар, оңаша отырып ішкі аңгімемен шешетін нәрсе бар. Мен билікке қанша сын айтып жүрсем де, осы мәселеде президентке жүгінгенді дұрыс деп санаймын. Қоғам билікке өз талапын қою керек. Президент халықтың жанайқайын естісін! Білмесе, жеткізейік! Қоғам талап қойып, мінез көрсетсін. Сонда ғана сең бұзылады. Қазақстан билігіне қоятын алғашқы талабымыз - көшті ұлғайтып, Қытайдағы қандастарымызды толық көшіріп алсын! Мемлекет ақшаға кенде емес. Ұлттық капиталды да жұмылдыруымыз керек. Бай-бағландар шетелден әртіс әкеліп, кеудемсоқтанғанша, жәрдемге мұқтаж қандастарымызды өз елімізге жеткізіп, үй салып берсін. Мемлекет қаражатты халықтың тұрмысын оңалтуға жұмсасын! Екіншіден, Қытай біздің мұнай мен газымызға, басқа да табиғи ресурстарымызға зәру болып отыр. Осыны пайдаланып, біздің билік көрші мемлекетке айтсын: "Жазықсыз қамалған отандастарымызды босатыңдар, әйтпесе сендерге шикізат бермейміз!" - деп. Осындай ультиматум қою керек! Үшіншіден, халықаралық ұйымдардың назарын осы мәселеге аударуымыз қажет. Контр насихат жасап, Қытайда "содыр", "сепаратист" деген желеумен түрмеге жабылған отандастарымызды босатып алайық. Еуропарламентке шығып, шетелдік белді телеарналардың көмегіне жүгінейік. Қазақта "бұға берсең, сұға береді" деген жақсы тәмсіл бар. Одан кейін, шеттен келген қандасымызды "оралман" деп, өзектен тебуді доғару керек. Олар біздің отандастарымыз!" деп ҚР Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық келіссөздерді жалғастыра беруін айтып өтті.

6.jpg

Талқының соңына таяу сөз алған «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Омарәлі Әділбекұлы: «Қазақстан Тәуелсіздік алып, Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайын өткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтарды отанына шақыра бастаған кездің өзінде қытайдың баспасөзінде мақала шығып, «Үлкен қазақшылыдық» мәселесі қозғала бастады. Осы кезде Жанәбіл Сымағұл, Асхат Керімбай бастаған басшылар, Сұлтан Жанболат, Жақып Мырзахан қатарлы тарихшылар, қазақ зиялылары араласып бұл мәселеге тосқауыл берген болатын. Жақын жылдардан бері қазақ көші жанданды. Қазақ көшінің жандануына шығыстағы болсын, солтүстіктегі көршіміз болсын бәрі қарсы»,- деп бұл мәселенің тамыры тереңде жатқанын білдіріп, Шынжаң билігіне жаңа басшы келгеннен бері алдымен Оңтүстік Шынжаңда, 2017 жылдың шілдесінен бері Солтүстік Шынжаңда саяси үйренуге кіріп кеткендердің қатарының артқанын айта келіп, «Өткенде Жебеудің мүшелері Қытай консулдығымен кезіккенде сонда отырған жебеулік азаматтан басым бөлігінің туыстарының саяси үйренуге кіргенін немемсе паспорттарының жиналып алынып келе алмай отырғанын  айттық. Сонда өздері айтып жүрмесе де мына жерде отырған "Атажұрт" ерікті жастарынан Серікжан Білаш, Қыдырәлі Ораз, Қайрат Байтолла, Дәулетжан қатарлы азаматтардың да туыстары саяси үйренуге кірген болуы мүмкін?  Осыдан-ақ жағдайлдың қалай екенін білуге болады. Жаңа Әміржан мырза жақсы айтып кетті. Біз дербес елміз, өзіміздің президентіміз бар. Қытайдың Қазақстанда көптеген мүддесі бар. Біздегі көші-қон заңы реттелді. Бұрынғыдай Қытай азаматтары(қазақтан басқа) бір жылдық визамен жүре алмайды. Қытайдан келетін еңбекүшінің орына енді қандастарымызды көптеп әкелуіміз керек. Қытайлық кәсіпорындарға сондай талаптар қоюымыз керек. Осы жақтарын біздің дипломаттарымыз ескерсе деймін. Өткенде Сыртқы істер министрінің орынбасары келіссөздер өткізіп қайтты, алдағы уақытта да жалғасын тауып сәтті шешіледі деп ойлаймын» деген үмітін жеткізді.


index2.jpg

Осы тектес түрлі зиялы қауым өкілдері мен қытайдағы туыстары жазықсыз қысымға ұшыраған, қытайға барып елге келе алмай отырған азаматтардың туыстары өз ой-пікірлері мен арыз шағымдарын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізуді өтінді. Қоғамдық талқы мәресіне жетіп, арнайы қарар қабылданды. Қарар орысша, ағылшыншаға аударылып, Қазастан билігіне, Біріккен ұлттар ұйымына жіберілеті, баспасөзде жарияланатыны айтылды.

20160506150536-1000x700.jpg

Қоғамдық талқыда белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали мырзаның пікір білдіру орайы болмады, талқыдан кейін пікірін сұраған Jebeu.kz тілшісіне Әзімбай Ғали: «Менің ойымша осы жерде жасалған ұсыныс біздің мүддені қытайдың мүддесімен сәйкестендіру. Біздің мүдде қазақты бері жіберу. Ол орындалады деп ойлаймын. Елбасы Қытайларға мүмкіндік берді. «Бір белдеу – бір жол» стратегиясының орындауға, заводтарын ашуға рухсат беріп отыр. Бұның бәрі үлкен қадам. Бірақ, соған қарай лайықты жауап берілмеген сияқты. Бірақ, Қазақстан жағы да үлкен мінез көрсетіп отыр. Мысалы, бүгінгі жиналыстың өтуінің өзі Қазақстан тарапының бұғып қалмағанын білдіреді. Екі ел арасында дипломатиялық келісімдерден нәтиже болады деген ойдамын. Оларда да прагматикалық бағытта ойлайытын адамдар бар. Қазір АҚШ-тың экономикалық санкциясына түсіп отыр, осы жағдайда оларға да бір терезе керек. Сондықтан мүмкіндіктерді ойластыру оларға да керек, олар ары-бері ойланып  Қытайдағы қандастардың мәселесін шешуге мәжбұр болады. Бұл бір бәрімізге сабақ. Қазақтар қысым көрген сайын саяси санасы артады. 1962 жылы 3,4 күннің ішінде 200 мың адам келді дейді ғой, сол сияқты жағдай реттелсе қандастар бірден атбасын Атамекенге бұрады деп ойлаймын».

Әзімбай Ғали мырзаның айтқаны мен баршамыздың тілеуіңіз орындалып, бар Қазақ Атамекенге ат басын бұра күнге жетейік!


Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

24.04.2018



文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Мұxтар Тілеуберді ШҰАӨ басшылығымен екіжақты ынтымақтастықты талқылады
ҚР Суретшілер одағының құрылтайы өтті