ҚР Суретшілер одағының құрылтайы өтті

Уақыты: 2018-04-26 Көрлімі: 18 Сипаттама

Бүгін, 26 сәуірде Алматы қаласындағы «Оқушылар» сарайында ҚР Суретшілер одағының 18- құр...

1.jpg

Бүгін, 26 сәуірде Алматы қаласындағы «Оқушылар» сарайында ҚР Суретшілер одағының 18- құрылтайы өтті. Құрылтайға ҚР суретшілер одағының Қазақстан Республикасының барлық өңірінінен келген мүшелері қатысып, одақтың соңғы 4 жылдағы есебін тыңдап, ҚР суретшілер одағының төрағасын қайта сайлады.

Құрылтайды ҚР Мәдениет және спорт министрігі Мәдениет және өнер істері департаменты  директорының орынбасары  Әбіл Жоламанов ашып, министр Арсытанбек Мұқамедияұлының құттықтау хатын табыс етіп, қылқалам иелеріне құттықтау сөзін сөйледі. Ары қарай құрылтай одақ мүшелерінің 4 жылдық есеп беруіне жалғасты.

index.jpg

Құрылтай алдында Jebeu.kz тілшісіне ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Жамбыл Натбаев: «Бұл Суретшілер одағының 18- құрылтайы. Негізінде былтыр күзде өтуі керек еді. Белгілі себептерге байланысты кейінге қалды. Құрылтайда соңғы 4 жылдың есебі беріліп, алдағы атақарар жұмыстар талқыланады. Төрағалыққа үш үміткер бар. Оның бірі үш жылдан бері Төрағаның міндетін атқарушы Өмірбек Жұбаниязов ағамыз. Осы жылдар ішінде өте жемісті жұмыс істеп келе жатқан азамат. Екіншісі Қазығұлов Алпысбай ағамыз да танымал суретші, қаншама жылдан бері суретшілерге түрі көрмелер өткізіп, жастарға, суретшілерге көп жәрдем берген кісі. Одақты басқару да, алып жүру де қолынан келеді. Осы екі үміткер де қазақ сурет өнерін әлемдік деңгейде көтеріп жүрген ағаларымыз. Үшіншісі Әсет Жақыпбек ағамыз, бұл кісі де Қазақстанға танымал суретші. Тарих жанрында салады. Ол кісінің де сурет өнерінде өз орны бар. Қазығұлов ағамыз сырқаттанып қалып құрылтайға қатыса алмайтын болғандықтан, қазір сайлауға екі үміткер ғана қатысайын деп отыр», деп үміткерлерді таныстырып өтті.

3.jpg

Суретшілер одағының құрылтайы Жазушылар одағының құрылтайындай тартысты болмаса да, аздаған наразылық білдірушілер болды. Бұл жөнінде Жамбыл Нәтбаев «қазіргі таңда иделогиялық жұмыстарда Суретшілер одағын керегі болмай, көркемдік кеңестің қызметіне жүгінгенді қойғандықтан сапасыз дүниелер көбейіп кетті, осыған налыған суретшілер, бұрынғыдай көркемдік кеңес өз жұмысын жалғастырып, елдегі иделогиялық туындылардың көркемдік жағын қадағауды қолға алса дейді. Бірақ, бұған үкімет құлықсыздық танытып отыр, белгілі бір жобаны Суретшілер одағына беріп, көркемдік жағы сыннан өткізгеннің орына шетелдерден сатып ала салағанды жөн көреді, дайын тұрған Суретшілер одағын үкімет онша бір пайдаланғысы келмей ме деймін. Деседе, қазіргі кезде Суретшілер одағы жас суретшілер үшін тәжірибе алатын, шеберлігін шыңдайтын, үлкен жұмыстарға ұйытқы болатын мектептік миисясын жоғалтқан емес», -деді.   

Сайлау нәтижесі бойынша ҚР Суретшілер одағының төрағасы болып Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері  Өмірбек Жұбаниязов сайланды.

Jebeu.kz

 

 

 


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

«Қытай қандастар мәселесін шешуге мәжбүр болады»
Қытай Консулдығымен кездесу өтеді