Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына ресми іссапармен барады, бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Мемлекеттік сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР жоғары басшысымен келіссөздер жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылады.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қытайдың Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының 13 кезекті саммитінің отырысына қатысады.
Жалпы қазақ жұрты Елбасының бұл сапарынан үлкен үміт күтуде. Былтырдан бері өзекті мәселеге айналған Қытайдағы қазақтардың жағдайының оңалуына "Нұрсұлтан Әбішұлы өз ықпалын жасайды, Қытай басшысымен қандастар мәселесін оңтайлы шешеді" деген үлкен үмітпен Елбасымызға ақ жол тілеуде.
Jebeu.kz