Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров мегополистегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.
Ол денсаулық сақтау жүйесінің ресурстары шексіз емес екенін және бұл ресурстар дамыған елдерде де тапшы екенін атап өтті.
«Аурудың өсуі байқалады. Соңғы күндері қалалық ауруханаларға күн сайын 100-ден астам пациент қабылданып отыр. Ал клиниканың орташа сыйымдылығы 200-300 кереуетті құрайды. Сәйкесінше, сұранысты қанағаттандыру үшін әр үш күн сайын инфекциялық аурухананы ашу қажет. Бұл – әрине, мүмкін емес. Бүгінгі таңда қалада Covid-19 науқастарын емдеу үшін 10 клиника қызмет көрсетеді. Қазір 1300-ден астам пациент ем қабылдап жатыр. Қолданыстағы клиникаларды коронавирусты емдеу үшін қайта құру мүмкін емес. Өйткені олар басқа патологиялардан (инфаркт, инсульт, аппендицит және т.б.) өмірді сақтайды. Күн сайын қалада 2500-ден астам төтенше жағдай орын алады. Әңгіме тек бос төсек орны туралы ғана емес, сонымен бірге емделушілермен жұмыс істеуге дайын медициналық топтар туралы болып отыр», - деп жазды Камалжан Надыров.
Сонымен қатар, ол өкінішке орай, дәрігерлер тек орташа және ауыр дәрежелі науқастарды іріктеп, ауруханаға жатқызуға мәжбүр екенін атап өтті. Оның айтуынша, алғашқы медициналық көмек дәрігерлеріне жүктеме де айтарлықтай артты.
«Осы вирустың нақты емі болмағанына қарамастан, дәрігерлер барын салуда. Сондықтан біз тұрғындарды мамандардың ұсыныстарын ескеріп, ойлануға шақырамыз», - деп толықтырды Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.