«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасының шартына өзгеріс енгізілді

Уақыты: 2020-06-17 Көрлімі: 1578 Сипаттама

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алуға үміткер жастар үшін «қалада тіркеуд...

Алгоритм-каз.png

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алуға үміткер жастар үшін «қалада тіркеуде болу» талабы алынып тасталды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі  парақшасында жазды.

«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады»,– деп жазды қала әкімі.

Бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін, төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі. Бастапқы төлем - 10%, 13 миллионға дейін тұрғын үй несиесін ала алады.  Бағдарлама қатысу үшін almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтініш беруге болады. Толық ақпаратты осы сайттан алуға болады. 

Естеріңізге сала кетейік, сайтымызда "Алматы жастары" және "Нұрлы жер" сияқты бағдарламаларда қалада 2 жылдық тіркеуде болуын талап ететінін, қалада үй жоқ адамның тіркеуі де болмайтын, осы талапты алып тастауды ұсынып мақалалар жазған болатынбыз. Бұл талап алдағы уақытта "Нұрлы жер" бағдарламасынан да алынып тасталса, көптеген Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеуі жоқ азаматтар баспаналы болып, қала халқының саны да артатын еді. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен өсіп барады?
    Алматы ауруханаларына күн сайын коронавируспен 100-ден астам науқас түседі