Дерт дендеп барады – дәрігер

Уақыты: 2020-06-22 Көрлімі: 616 Сипаттама

Қазір халық арасында індетке немқұрайды қарайтындар көбейді, тіпті кейбір адамдар бұл...

1CzbRcZQ.jpg

Қазір халық арасында індетке немқұрайды қарайтындар көбейді, тіпті кейбір адамдар бұл аурудың барына күмәнмен қарайды. Бұл туралы Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасындағы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі мобильді топтың жетекшісі Айгүл Наметқұлова айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Қазіргі таңда елімізде бұл індетпен күресте көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, №7 қалалық клиникалықа аурухана жанындағы емханада білікті дәрігерлер мен миірбикелерден мобильдік бригада құрылды. Олардың негізгі міндеті – осы ауруға шалдыққан науқастарды үйіне барып бақылау не емдеу.

Аталған мобильді топтың жетекшісі Айгүл Наметқұлованың айтуынша, карантин жеңілдетіліп, жаздың жаймашуақ күндері басталғалы халық арқаны кеңге салып, сақтық шараларын сақтамайтын болды. Санитарлық талаптарды саналы түрде орындамайды. Бұл індеттің таралуына себеп.

«Бүгінгі таңда елімізде коронавирус індеті халық арасында тез тарап жатқан жай бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 18 мыңға жуықтап қалды. Әрине, бұл алаңдатарлық жағдай. Бұның басты себебінің бірі - көптеген адамдар профилактикалық шараларды толығымен жүзеге асырмайды. Мысалы, көпшілік жиналатын жерлерде – қоғамдық көліктерде, ойын-сауық орталықтарында маска тақпайды. Кезек күту кезінде арақашықтықты сактамайды. Осының бәрі аурудың өршуіне әкеліп отыр. Ал кейбір адамдар бұл ауру мүлдем жоқ деп санайды»,– дейді Айгүл Наметқұлова

Сонымен қатар, ол бұл вирус – COVID-19 ауа арқылы тез тарайтын инфекциялық ауру екенін тағы бір мәрте атап өтті. Індет жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, жөтел мен ентігу пайда болады. Сонымен қатар, ауа жетпеу, әлсіздік сияқты белгілері бар. Қазір симптомсыз науқастардың саны көбейді. Дәл осы жағдай дәрігерлерді алаңдатады.

«COVID-2019 вирусы туралы ескертулер қыс айынан бастап айтылғанына қарамастан дерт дендеп барады. Әлемді әлекке салған індеттің беті әлі қайтпай тұр. Оның үстінде симптомсыз сырқаттардың көбеюі де аталған індеттің тіпті де кең таралу қатерін арттыра түсті. Бұған күнделікті бұқаралық ақпарат құрладары арықылы беріліп жатқан статистика дәлел»,– дейді Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасындағы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі мобильді топтың жетекшісі Айгүл Наметқұлова.

Маман қазіргі жағдайда қоғамдық орындарға бармай, карантин талаптарын қатаң сақтау аса маңызды екенін ескертеді.

Негізгі алдын алу шаралары:

– Қол жуу ережесін сақтау. Жиі қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен тазалау;

– Маска тағу. Әсіресе адам көп жиналатын орындарда;

– Адам көп жиналатын жерлерге бармау;

– Арақашықтықты сақтау;

– Лас қолмен көз, ауыз– мұрынды ұстамау;

Егер дене қызуыңыз көтерілсе, жөтел мен әлсіздік байқалса уйде қалып, емханаға хабарласыңыз.


Пікір жазу
  • Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді
    Қазақстанда коронавирустың жеңіл формасы жиі тіркеліп отыр