Қазақстанда коронавирустың жеңіл формасы жиі тіркеліп отыр

Уақыты: 2020-06-22 Көрлімі: 549 Сипаттама

Қазақстанда коронавирусты жеңіл формада өткеретін науқастар саны артып келеді. Бұл ту...

Снимок.JPG

Қазақстанда коронавирусты жеңіл формада өткеретін науқастар саны артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет бойынша кеңесшісі Жанар Сүлейменова айтты. 

Оның айтуынша, КВИ жеңіл формасы мен симптомсыз түрі көбірек тіркеліп жатыр.

«Бұл ауру құрылымының генетикалық түрленуі жүріп жатқанын көрсетеді. Біз байқаған пневмонияның ауыр түрлері мұндай көп көлемде тіркеліп жатқан жоқ», - деді министр кеңесшісі. .

Естеріңізге сала кетсек, кешегі статистика бойынша коронавирустың 507 симптомды, 964 – симптомсыз түрі тіркеліп,   елімізде жалпы 27 541 COVID-19 жағдайы анықталып отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809, симптомды түрі – 17 732.  


Пікір жазу
  • Дерт дендеп барады – дәрігер
    Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады