Қ. Тоқаев: Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет

Уақыты: 2020-10-28 Көрлімі: 1139 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарттың айтынша Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қ...

2394701.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарттың айтынша Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет, бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет. Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Снимок.PNG


Пікір жазу
  • Қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатында жер беріледі
    Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеу барысымен танысты