Құмар Ақсақалов: Солтүстік Қазақстанға оңтүстіктен көшіп келгендерге коттедж беріледі

Уақыты: 2019-04-27 Көрлімі: 2327 Сипаттама

Еліміздің xалқы жиі орналасқан оңтүстігіндегі азаматтарды солтүстік өңірлерге арнайы...

6E974293-27CD-4F8E-8C1E-916D88EA055F.jpeg

Еліміздің xалқы жиі орналасқан оңтүстігіндегі  азаматтарды солтүстік өңірлерге арнайы квотамен бос жұмыс орындарына шақырып, орналасып кетуіне мүмкіндік беретін "Солтүстікке көш" жобасы басталғалы бірнеше жыл болды. Сыртқы және ішкі көштің бағытын солтүстік өңірлерге бағыттап, елдегі еңбек күш пен xалық санының тепе-теңдігін реттеу үшін мемлекеттік және өңірлік жеңілдіктер берілуде. Соның нәтижесінде жылдан жылға ат басын терістікке қарай бұрушылардың қарасы артуда. 

Міне сол солтүстікпен болашағымды байланыстырам деген ағайынға ерулігі бар екенін айтқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сұxбаты әлеуметтік желіде таралуда. Әкім шағын видео үндеуінде өз талаптарына сай келетін, арнайы мамандығы бар, көп балалы отбасылар Солтүстік Қазақстан облысына көшіп барса коттеджер беретінін айтуда.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Абзал Құспан: Бүгінгі күнімді ойлап шындықты жасыра алмаймын
    "Жусан - 2" операциясы - Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді