Еліміздің солтүстігі мен шығысына халық біршама сирек орналасып, жанға, еңбекүшке тапшы болғандықтан ішкі және сыртқы көш есеніде бұл өңірлердің кемдігін толықтау мақсат етілген. Халқы жиі орналасқан оңтүстігіндегі тұрғындар мен шетелден көшіп келген қандастарды солтүстік өңірлерге арнайы квотамен бос жұмыс орындарына шақырып, орналасып кетуіне мүмкіндік беретін "Солтүстікке көш" жобасы басталғалы бірнеше жыл болды. Осы жоба басталғалы мемлекеттік бағдарламаны іске асырушы әкімшілік қызметкерлерінен тыс, солтүстікке көшті дәріптеуші ерікті белсенділер де жұмыс жасап келеді. Соның нәтижесінде солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың қарасы артуда. Солтүстіктің бүгінгі тынысы мен көшіп барған ағайынның жағдайын біліп, құйысқанын көтерген ағайының керегіне жарасын деп, екі жылдан бері Павлодарға көш ұйымдастырып жүрген Сәулетбай Сарқытұлымен сұхбаттасқан едік.
- Екі жылдан бері Павлодарға көш ұйымдастырып жүрсіз, өзіңіз де сонда тұрасыз ба?
- Мен 2017 жылы Павлодар облысына көшіп келіп, осында тұрып жатырмын.
- Солтүстікті айтса, қысы қиын деп жатады. Әңгімені осыдан бастасақ, екі жылдан бері тұрып жатыр екенсіз, солтүстіктің ауа райына үйрендіңіздер ме, қысы қалай екен?
- Павлодарда осмен екінші жыл қыстауым. Екі жылда да қыс онша қатты болып кеткен жоқ. Жалпы Павлодар облысының солтүтсік жағына қар қалыңдау түссе, оңтүстік жағына жұқалау түседі. Оңтүстіктегі Баянауыл сияқты аудандар желді болғандықтан қар онша қалың түспейді, тек қыс бойы соғып тұратын боран-шәшіндері болады. Облыстың солтүстігіндегі кей райондарда жел соқпайтындықтан қар қалың түседі. Кей өңірлерде қар жарты метірден астамға жетеді. Өткен қыс алдыңғы жылдың қысына қарағанда жақсы болды. Суығына келсем, температура 40 градустан түсіп кететін кездер де болады. Ондай суықтар бір аптаға, ары кетсе 2,3 аптаға ғана жалғасады. Оның үстінде ауасы онша ылғалды болмағандықтан 40 градус суық Алматы жақты 20 градусынан суық сезілмейді.
- Бұрынғыдай емес, жылдан жылға Солтүстікке көшіп барушылардың саны артып жатқан сияқты. Өздеріңіз қанша отбасының қоныс аударуына түрткі болдыңыздар?
- 2017-2021 жылдарға арналған Оңтүстіктегі еңбек күштері мен мамандық иелерін Солтүстікке көшіру және жұмысқа орналастыру бағдарламасы 2017 жылдары халыққа жеткізу жұмыстары аз болғандықтан, көші-қон да аз болды. 2018 жылы үгіт-нәсихат жұмыстары көп жасалғанына байланысты көшіп келушілер көбеюде. Көшіп келушілерге арналған үкіметтің арнайы квоталары бар. Сол көмектің негізінде көшіп келушілер баспаналы болып, игіліктерін көріп жатыр. Басқа қоныс аударушылардың нақты мәліметін білмеймін. Мен білетін ҚХР-нан көшіп келіп, Алматы облысында қоныстанып одан бері келген немесе Қытайдан төте осында келгені бар 2017 жылы 70-дей отбасы келген. 2018 жылы 130-дан астам отбасы қоныс аударып, жалпы екі жылда 200-ден артық отбасы келіп орналасты. Оның ішінде бірен-саран басқа облыстарға қайта көшіп кеткендері де бар.
- Шетелден көшіп келген қандастарымыз да бұл бағдарлама арқылы мемлекеттік көмекке қол жеткізе ала ма? Көшіп барған қандастар тұрмыстық және құжаттық мәселелерде тіл жағынан қиындықтарға ұшырап жатқан жоқ па?
- Шетелден оралған қандастарымыздың бұл бағдарлама арқылы мемлекет беретін көмекті алу үшін қолдарында оралман куәлігі мен ықтиярхаты болуы керек. Көшіп келген соғ құжаттарының аудармасын жасап, өтініштерін тапсырғаннан кейін ықтиярхаттары 2 жарым айда 3 ай ішінде дайын болады. Ықтиярхат пен оралман куләік алған соң мемлекеттік квотаға өтініш беруге болады. Ары қарай ҚР азаматтығына өтініш берсе, 3 айдың ішінде азаматтықтары қолдарына тиеді. Осылай келген соң құжаттарын жинап, 7,8 айдың ішінде толыққанды ҚР азаматы болады. Қандастар құжат тарпсыру барысында тіл жағынан қиындық көріп жатқаны санаулы. Өйткені бұл жақтағы әкімшілік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, көші-қон полициясы болсын бәрінде жұмыс істеп жатқандар қазақтар, қазақ тілділер. Бәрі қазақша сөйлеп, қазақ тілінде қызмет көрсетіп тұр. Кейбір кісілердің орысша араластырып сөйлейгені болмаса, бәрі бір қазақша жауап беріп, қазақ тілінде қызмет көрсете алады. Сондықтан шеттен келген орыс тілінен бір ауыз сөз білмейтін қандастарымыз болса да, мұнда құжат тапсыру болсын, тіршілік ету жағы болсын тілден ешқандай қиындық көріп тұрған жоқ.
- Аудандар бойынша мәлімет бере кетсеңіз, қай ауданда қандай шаруашылық басымдылыққа ие, кімдердің қайда барғаны тиімді дегендей?
- Павлодар обылысында Павлодар, Ақсу, Екібастұз қатарлы 3 қала, 10 аудан бар. Павлодар қаласы облыс орталығы. Екібастұз қаласын өндіріс ошағы деп айтуға болады. Ақсу қаласы да зауыттар орналасқан өндірісті қала. Ертіс өздені Палводар облысын екіге бөліп жатады. Ертістің оңтүстік жағы және солтүстік жағы деп бөлуге болады. Оңтүстік жағы болғанда батыс-оңтүстік жағы, шығыс-солтүстік жағы болып бөлінеді. Шығыс-солтүстік жағында Аққулы деген аудан бар. Аққулы ауданы негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. Онша көп айналысбаса да егіншілікпен шұғылдануға да қолайлы жер. Негізінен қарбыз, картоп, сәбіз егеді. Одан кейін Ресеймен шекаралас Шарбақты деген аудан бар. Бұл ауданның солтүтік жағы егін егіп, оңтүстік жағы мал өсіреді. Сол сияқты Успен ауданында да мал мен егін шаруашлық қатар жүреді. Бірақ, мал шаруашылығымен егіншілік қатар жүретіндіктен малға біраз тиімсіз тұстары да бар. Сосын Палводар қаласының жанында Палводар ауданы бар. Бұл ауданда да мал мен егін шараушылығы қатар жүреді. Әсіресе, бүкіл Қазақстанға танымал Павлодардың картобы мен сәбізін осы ауданның дихандарының қолынан шығады. Тереңкөл, Железі сияқты аудандар мал шаруашылығына қарағанда егіншілікке қолайлы. Сол сияқты Ақсу, Ертіс, Ақтоғай аудандары да егіншілікке өте қолайлы. Ал Баянауыл ауданы қысы жеңілдеу, таулы - қыратты жерлері бар малға жайлы жер. Май ауданына да қалың түспейтіндіктен Баянауыл сияқты малға өте қолайлы жерлері бар, өзеннің жағасында болғандықтан егіншілікке де өте ыңғайлы. Бұл аудандардың ішінде Павлодар, Ақсу, Май, Аққулы аудандары қалаға жақын, қатынасы қолайлы, өзге шаруашылықтармен де айналысуда, қалада зауыттарда жұмыс жасауға да ыңғайлы. Шарбақты, Үспен, Ақтоғай аудандары да қалаға біршама жақын, қаладан 80 де 120 шақырым аралығында орналасқан. Баянауыл, Железі, Тереңкөл, Ертіс аудандары қаладан 200 де 300 шақырым алыс орналасқан.
- Ауылдардың инфрақұрлымы қалай?
- Ауылдардың өзіне сай бұрыннан қалыптасқан шарт-жағдайлары бар. Ең бастысы барлық ауылдың мектеп жұмыс жасап тұр, үлкен ауылдарда 11- сыныпқа дейін болса, шағын елді мекендерде 9- сыныпқа дейінгі мектептер білім беруде. Әр ауылда бұрыннан қалыптасқан емханалары, дәрігерлік қызмет көрсету кешендері жұмыс жасап тұр. Отын-судан да таршылық жоқ. Палводар облысы Қазақстанды көмірмен қамтып отырған облыстың бір екенін білесіздер, бұл жақта көмір бағасы біршама арзан. Кеннің өзінен барып, тоннасын 6,7 мың теңгеден алады. Алыстағы ауылдарға жеткізіп берсе, тоннасы 12, 13 мыңнан болады. Сол сияқты еліміздің өзге өңірлеріндегі сияқты бұл жақта да ауылдардың өзіндік тыныс-тіршілігі жүріп жатыр.
- Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін жер беріліп жатыр ма?
- Бұл жақтың енді жері кең. Мен өз басым айтатын болсам, 2017 жылы Успен ауданына көшіп келгендерге жер сұрап, жер алып бердім. Ол кісілердің алды 200 гектардан жер алды. 2018 жылы Май ауданында жер беруге атсалыстым. Көшіп келген 22,23 кісі ауыл шаруашығына пайдаланатын жерге ие болып, арты 100 алды 1000 гектарға дейін жер алды. Мен араласып, қолына құжаттарын алып берген осы екі аудан. Железі ауданында оңтүстіктен көшіп келушілерге 10,20 гектардан жер берілгенін нақты естігем. Аққулы ауданында былтыр көшіп келгендерге жер бердік, беріп жатырмыз деген. Бірақ, ол жақты нақты жер алып құжаттары қолына тиген ешкімді айта алмаймын. Шарбақты ауданында жерді баста конкурыссыз береміз деп, енді конкурс бойынша береміз деп жатыр. Бірақ, әлі онда көшіп келушілерге жердің шешімі болған жоқ. Баянауыл ауданына көшіп келеміз деушілерге де жер береміз деп тұр, бірақ әлі күнге дейін жер алған адам жоқ деп айтуға болады. Басқа аудандарда да осылай.
- Негізі солтүстікте ауыл шаруашылығымен көбінде үлкен шаруа қожалықтары айналысады дейді. Жекелеген азаматтардың шағын көлемдегі егіншілікпен айналысуы еңбекті ақтай ма, теxника жағы мен өнімдерді өткізу жағынан қиындыққа ұшырмай ма?
- Иә, бұл жақта егіншілікпен негізінен үлкен шаруа қожалықтары айналысады. Жеке шаруалардың шағын шаруашылықпен айналысуға мүмкіндігі бар, тек шынында да техника жағынан ғана қиындыққа ұшырайды. Алматы облысы сияқты жеріңізді жыртып, егініңізді егіп беретін кісілер аздау. Сондықтан бұл жақта егін егемін деген кісінің өзінде техника болғаны дұрыс. Ал өніміңізді егіп өсіре алсаңыз, сату жағынан ешқандай мәселе туындамайды.
- Солтүстікке қоныс аударамын деушілер үшін қандай кеңес бересіз, қалай дайындалғандары, қай кезде барып ол жақпен танысқаны жөн?
- Солтүстікке келем деушілердің көбі қысынан қорқады да, қыста келіп жер көріп кеткендері бар. Қысының енді оңтүстік жақтан бір айға жуық жайырақ жері, біраз суықтығы бар. Қалған жері оңтүстік жақпен көп парықты деуге келмейді. Бұл жаққа көшіп келушілерге айтарым, үкіметтің беріп жатқан қаражаты сіздің азқандай ғана қиыншылығыңызды шешеді. Қоныс аударуға беретін және үй жалдап алуға беретін қаражаты бар. Ол қаражат сіздің үй мәселесін шешуге де жетеді. Сол қаражатпен баспана сатып алған көптеген кісілер бар. Сондықтан келем деушілердің өз қолдарында да белгілі қаржаттары болғаны дұрыс. Ешқандай қаражатсыз келсе, ауылдық жерден ары қарй жұмыс бастап кетулері қиындау, ауыл жерде жалға істейтін жұмыстар да көп шыға бермейді. Зауытарда жұмыс істеймін деушілер қалаға жақын жерлерге орналасқаны дұрыс. Ал ауылшауашылығымен айналысам деушілердің өз қолдарында кемінде 2, 3 миллионы теңгемен келіп, тірлігін жасағаны жөн болады деп ойлаймын. Құры қол келгенде баспана мәселесін ғана шешеді де, ары қарай жұмыс та жоқ, жағдайы қиындау болып қалады. Енді тағы мүмкіндік арнайы курстардан өтіп, төмен өсімді несиелер алып та жұмыс бастаудың да орайы болады. Оған да жұмыс бастап кеткенше 7,8 ай кетеді. Одан кейін әрқандай істеймін деген шаруаларыңызды бастаймын десеңіздер ешқандай бәсекелес жоқ, әрқандай кәсіпті дұрыстап істесеңіз дұрыстап жүргізіп кетуіңізге болады. Сондықтан келем деген адамның алдын-ала өз дайындығы болғаны жөн.
- Сонда мемлекеттен берілетін көмектің көлемі қанша және үй бағасы туралы айта кетсеіз?
- Мемлекеттік бағдарлама арқылы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыға биылғы жылғы көші-қон шығындарын өтеу үшін отбасының әр мүшесіне берілетін субсидия 88375 теңгеден және тұрғын үйді жалдау және коммуналдық төлемдерін отеу үшін субсидия жалғыз басты адамға бір жыл бойы 37875 теңгеден, отбасында екіден төртке дейін жан болса жан басына 45450 теңгеден, бес не одан көп болғанда әр адамға 53025 теңгеден ай сайын беріледі. Егер бірден үй сатып алатын жағдай болса, бір жолда алуға да болады. Үй бағасына келсек, ауылдық жерде 300 мың теңгеден 1 жарым миллион теңгеге дейін болды. Қалаларда 5 миллионнан 15 милиионға дейін барады.
- Павлодар облысы 2019 жылда қанша отбасының көшіп келуі үшін квота бөлді? Өзіңіз биыл да көші-қонға араласасыз ба?
- 2019 жылы Павлодар облысына көшіп келетін 888 адамға квота беріледі деген жоспар бар. Мен биыл өзімінің жеке жұмыстарыма байланысты көші-қон жұмысына араласа алмайтын болып тұрмын. Бұл шаруамен жылдағандай Халқты жұмыспен қамту орталықтары айналысады. Көшіп келем деушілер облыстық, аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен байланыс жасағаны жөн. Олар да жылдағыдай оңтүстік өңірлерді аралап, үгіт-нәсихат жұмыстайтын болуы керек.
Сұхбаттасқан Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН
Jebeu.kz