«Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары қандай

Уақыты: 2019-05-08 Көрлімі: 2093 Сипаттама

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

...

CLynCXOVAAEaPuc.jpg

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттарын атады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Бүгін біздің алдымызда тұрған басты міндет - көпбалалы және толық емес отбасылардың баспаналы болуына барынша көмек көрсету. Ол үшін несие берудің жеңілдетілген шарттары жасалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінде берген тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» атты жаңа бір бағыт маусым айынан бастап іске қосылады. Бұл бағдарламаға төрт және одан да көп баласы бар отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар қатыса алады. Кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылардың да қатысуға құқығы бар», - дейді Ләззат Ибрагимова Үкіметтің баспасөз орталығындағы өткен брифингте.

 Оның айтуынша, несие бойынша жаңадан салынған немесе екінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алуға мүмкіндік туып отыр. 

««Бақытты отбасы» бағдарламасында бір адамға шаққандағы табысы 42 500 теңгеден аспайтын отбасылар қатыса алады. Мәселен, егер отбасы алты адамнан тұрса, онда оның жалпы табысы 255 мың теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие бойынша жеке басына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өтінім берген күнді алғанда баспанасы жоқ болуы керек. Қазір біз наурыз айынан бастап пилот түрінде «Бақытты отбасы» бағдарламасын Алматы облысында бастадық. Ол бойынша, әкімдікте кезекте тұрған көпбалалы отбасылар жаңадан салынған үйлерден пәтер сатып алу үшін жылдық 2 пайызбен, 10 пайыздық бастапқы жарнамен несие ала алады», - дейді ол. 

Басқарма төрайымы қазіргі таңдағы нәтиже туралы да сөз қозғады. 

«344 отбасы бізге өтінім берді. Оның арасында 330 отбасының өтінімі мақұлданды. Бүгін екі отбасы несие шартына қол қояды. Қазір біздің банкке 44 отбасыға 1 млн теңгеден әкімдік тұрғын үй сертификатының ақшасын есепшотына салды. Бүгін тамаша күн: көпбалалы екі отбасы алғашқы болып 2 пайызбен пәтер алып, баспаналы болды», - дейді Ләззат Ибрагимова.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Екеудің ерегесі
    Абай жолы - Ұлы даланың даналығы